Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Заттарды өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету
<<Шалқар аудандық көркемсурет лицей>>МКҚК Мұғалімі Алпысбай Бибінұр
Пән аты: Сурет
Сабақтың тақырыбы: <<Үш заттан құралған натюрморт.>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: натюморт туралы түсінік беру, натюрморттың құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
Дамытушылығы: сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы, заттың жарық пен көлеңкесімен, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 4 кезеңдік салу жолдары, оқулық, қойылым.
Қажетті құралдар: А3 формат, конструктор, өшіргіш, ұштағыш, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Білімдерін тексеру.
Негізгі бөлім: Жұмысты жалғастыру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару. Заттарды өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан бірнеше теориялық сұрақтар қояйын.
ІІ.Білімдерін тексеру:
Сурет салу үшін не керек деп ойлайсыңдар?
-бейнені қайда саламыз? (қағазға)
-бейнені кетіру үшін не керек? (өшіргіш)
-бейнені безендіріп әрлеу үшін не керек? (штрихтау, бояу)
-компоновка дегеніміз не? (қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру ). -пропорция дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу). -жарық дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз). -көлеңке дегеніміз не? (заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі).
Заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп - табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан. Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.
Штрихтармен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің рең бояуындағы үйлесімін, қандай материалдан жасалғандығын көрсетуге болады. Қарындашпен бірқатар штрихтар жасау арқылы суреттегі түрліше көлеңкелердің басқышын, түстер қатысын көрсетуге болады.
Сонымен, штрих дегеніміз - суретке салынатын заттың ішінде не барлығын, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын көрсетіп, нәрсенің сыртық көрінісі мен нендей материалдан жасалғандығын және сыртқы түсін білдіретін құрал.
Штрих суреті салынатын нәрсенің бетінде жүргізіледі, соның бетімен байланысты болып, соның бағытын сипаттауы тиіс. Мәселен, нәрсенің беті (үсті) түзу болса, штрих та түзу жүргізіледі, қисық болса штрих та қисық жүргізіледі.
Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.
Қай нәрсенің болсын суретін салуға кіріскенде ең алдымен оның шамамен болса да жалпы пішінін белгілеп алып, содан кейін егжей-тегжейлерін, ұсақ-түйектерін көрсетуге көшу керек. Бұл заңды бейнелеу өнерінде бүтіндік заңы дейді. Сонымен сурет салғанда жалпыдан дербеске көшу принципін ұстау керек.
Қашықтағы нәрселер бір тегіс, нобайы көмескі болып көрінеді, жеке бөліктері көзге ілінбейді десе де болады.
Нәрселердің суретін көрінген күйінде салуды перспектива деп атайды.
Перспективаның негізі заңы: сурет салушының көз алдындағы нәрселер неғұрлым алыс болса, соғұрлым олардың ара қашықтығы кеми түсетіндей болып көрінеді.
І,ІІ-кезеңдер бойынша жұмыс жасап натюорморттың компановакасын дұрыс тауып,пішінін шығару
Бекіту:Оқушылардың жұмысын қадағалау.
Қорытынды: ІIІ және IV- кезеңдер бойынша жарық көлеңкесімен меншікті көлеңкелерімен жұмыс жасап шығарманы аяқтап оқушылардың жұмысын бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz