Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тәрбие сағатының өту барысы
Қазақстан Республикасы Білім және ағарту министрлігі
Алматы қаласы Білім басқармасы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрамындағы кәсіби білім беру колледжі
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
А.Н.Курмангалиева
__________________________________________________________________
<<____>> ___________20___ж.
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: <<Ізгілікті іздеп келемін>>
(Ш.К.Беркімбаеваның 80 жасқа толуына орай)
201-топ
Оқытушы: Нурпейсова Гульнур Тулебаевна
Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Ізгілікті іздеп келем...>> (Ш.К.Беркімбаеваның 80 жасқа толуына орай).
Тәрбие сағатының мақсаты:
Ш.К.Беркімбаевның өмір жолымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру;
Ш.К.Беркімбаеваның өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу;
Студенттердің танымдық деңгейін дамыту
Ресурстар: Ш.К.Беркімбаеваның портреті, слайд, презентация.
Тәрбие сағатының өту барысы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ізгіліктің шуағын шашқан, білім саласына бар ғұмырын арнаған, парасатты педагог Шәмша Көпбайқызы Беркімбаеваның 80 жасқа толуына арналады.
Оқытушы: Ажары жарық нұрдан жаратылған,
Жарқылдап жақсылыққа ара тұрған.
Маңдайда жұлдызындай, құндызындай,
Қыздар-ай, қазағымның дара туған!- деп Ф. Оңғарсынова ақынымыз айтқандай, Шәмша Көпбайқызы ұлт пен ұрпақ мәселесін ұдайы жоғары қойып, қазақ қыздарының символына айналды. Олай болса Ш.К.Беркімбаевның өмір жолымен танысып өтсек! (5 минут)
1-тапсырма. Тақтадағы слайдқа назар аударып, тірек сөздерге сүйене отырып, әңгімелеу үшін 2 топқа тақырып берілген. (15 минут)
Тірек сөздер: Өмірбаяны, қызмет жолы, шығармашылығы.
1-студент. Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы 1942 жылғы 10 қазанда Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін, 1984 жылы СОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірді. Еңбек жолын 1966 жылы Алматы облысындағы Киров атындағы сегіз жылдық мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігінен бастаған.
2-студент. Ш.Беркімбаева 1987-1989 жылдары Алматы қаласындағы №12 орта мектебінің директоры, 1989-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары, 1997-1999 жылдары Қырғыз Республикасындағы Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық Оқу басқармасының басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
3-студент. Шәмша Беркімбаева Парламент Сенатының депутаты ретінде жоғары заң шығарушы орган жұмысын мемлекеттік тілде жүргізуге көшудің бірден-бір бастамашысы болды. Қайраткер-ғалымның арқасында барлық депутаттар мемлекеттік тілде сұрақтар қойып бастады.
4-студент. Шәмша Беркімбаева 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі қызметін <<Ауыл мектебі>> бағдарламасын жүзеге асырудан бастады. <<Ауыл мектебі>> бағдарламасы тұңғыш рет үкімет деңгейінде қабылданып, сол мерзімде ауылда 226 мектеп салынды, жүздеген мектептер күрделі жөндеуден өткізі - ліп, химия, физика кабинеттері қайта жабдықтал - ды.
5-студент. Шәмша Беркімбаева 2003-2011 жылдары аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарды. Ол басқарған жылдары оқу орны бір сатыға көтеріліп, университет мәртебесін алды. Сонымен қатар Ш. Көпбайқызы оқу процесіне жетекшілік етумен қатар, əкімшілік-шаруашылық жұмыстарының, тəлім-тəрбие істерінің жаңаша жаңғыруына атсалысты. Сол кезде де ауыл мектебінен келген жастарды университетке көбірек тартты.
5-студент. Сол жылдары университетте заманауи үлгідегі 9 қабатты 450 орындық <<Студенттер үйі>> салынып, оқу ғимараттары, жатақханалар мен асханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бакалавриат мамандықтарының саны артып, магистратура ашылды. Оқу зертханалары жаңа құралдармен, жиһаздармен толықтай қамтамасыз етілді.
6-студент. Шәмша Көпбайқызы білімді жастарды имандылыққа тəрбиелеу, университетті бүгінгі күн талабына сай материалдық жəне рухани игіліктермен қамтамасыз етуді көздеді. Осы мақсатта жастардың білімін жетілдіріп отыруға жетелейтін атаулы стипендиялар тағайындалды. Бүгінгі күнде Шәмша Беркімаеваның елеулі еңбегі ел қазынасына айналып, бірегей білім ұясында атқарған ұстаздық һәм басқарушылық қызметі көпке үлгі болып отыр.
7-студент. Ел дамуы жолындағы қажырлы қызметі үшін <<Құрмет белгісі>>, <<Еңбек Қызыл Ту>>, <<Құрмет>> ордендерімен, <<Ерен еңбегі үшін>>, <<Үздік қызметі үшін>>, Ы. Алтынсарин атындағы және А. Байтұрсынов атындағы медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
8-студент. Ш. Беркімбаева - Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, <<ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері>>, <<ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін>> белгілерінің иегері
Еңбектері:
Беркімбаева Ш. Ізгілікті іздеп келем /Ш.Беркімбаева. - Алматы:
Атамұра, 2002.
Беркімбаева Ш.К. [ҚР бiлiм қызметкерлерiнiң I Құрылтайындағы
баяндамасы] //Қазақстан Республикасы бiлiм қызметкерлерiнiң I
Құрылтайының құжаттар жиынтығы (Алматы қаласы, 3-5 желтоқсан 1998 ж.) /Ш.К.Беркімбаева. - Алматы,1999.-108-111 б.
Беркімбаева Ш.К. Ана тiлiмiздiң халықаралық дәрежесi:[толғауы тоқсан
туған тiлiмiз жайында] /Ш.К.Беркімбаева //Ана тiлi. - 2001. - 21 маусым.
Беркімбаева Ш.К.. Басты назарда - мұғалiм беделi /Ш.К.Беркімбаева
//Жетiсу. - 2002. - 6 маусым.
Беркімбаева Ш.К. Болашақ - мектептен басталады //Тәрбие құралы. -
2002. -№ 1. - 10-13 б. // Қазақстан мектебi. - 2003. - № 2. - 3-15 б.
Беркімбаева Ш.К. Бiз ауыл мектебiне қарыздармыз (Алматыда Бiлiм және
ғылым министрi Ш.Беркiмбаева педагогика саласындағы ғалымдар мен
әдiскерлердiң басын қосып, <<ХХI ғасыр мұғалiмi: университеттiк бiлiм беру
жағдайында кәсiби мамандарды даярлау және жетiлдiру мәселелерi>> деген тақырыпта дөңгелек үстел өткiздi) /әңгiменi жазып алған Г.Сәдiрқызы // Егемен Қазақстан. - 2002. - 19 сәуiр.
Беркімбаева Ш.К. Бiлiмдi ұрпақ намысты да болу керек:[Қазақстан
Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Шәмша Беркiмбаевамен әңгiме/ әңгiмелескен Нәзира Байырбек] //Қазақ әдебиетi. - 2002. - 11 қазан.
Беркімбаева Ш. Мұғалiм - мектептiң жаны:[мұғалiмдердi дайындау,
оларға қамқорлық көрсету мәселелерi] /Ш.К.Беркімбаева //Егемен Қазақстан. - 2001. - 3 наурыз.
Беркімбаева Ш. Мектеп - елдiң ертеңi, тiлдiң тiрегi:[Бiлiм және ғылым
министрi Шәмша Беркiмбаевамен әңгiме /әңгiмелескен Есенгүл Кәпқызы]// Түркiстан. - 2002. - 11 көкек.
Беркімбаева Ш. Ұлттық мектептiң ұлы мұратын ұмытпайық: Қазақ
тiлiнде оқытатын мұғалiмдерге арнау сөз:[ <<Қазақ мектебi:бүгiнгi жайы және
даму болашағы>> деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық
конференцияға байланысты мәселелер төңірегiнде] /Ш.К.Беркімбаева
//Егемен Қазақстан. - 2002. - 11 желтоқсан.
Беркімбаева Ш... Шәмшә Беркiмбаева: Бiлiмдi ұрпақ намысты да болуы
керек:[Бiлiм және ғылым министрiмен сұхбат] / сұхбаттасқан Н.Байырбек /Ш.К.Беркімбаева // Қазақ әдебиетi. - 2002. - 11 қазан.
Беркімбаева Ш. Қазақтың әр баласы сауатсыз қалмауы тиіс: [ҚР Білім
және ғылым министрі Ш.Беркімбаевамен сұхбат] /сұхбатты әзірлеген
Ж.Дуанабай /Ш.К.Беркімбаева //Жас Алаш. - 2002. - 4 мамыр.
Беркімбаева Ш. Ұрпақ алдындағы қарыз бен парыз:[Қазақстан
Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Шәмша Беркiмбаевамен
сұхбат /сұхбаттасқан С.Мәмет] //Егемен қазақстан. - 2002. - 8 наурыз
Беркімбаева Ш. Шешiмiн күткен мәселе көп:[Астанада ҚР Бiлiм және
ғылым министрінiң кеңейтiлген мәжiлiсте жасаған баяндамасы]
/Ш.К.Беркімбаева //Қазақстан мектебi. - 2002. - № 5. - 3-6 б.
Беркімбаева Ш. Мен оқыған мектеп: [Алматы обл. Қарасай ауд. Тұрар
ауылындағы Ә.Байсалбаев атындағы қазақ орта мектебіне - 85 жыл]
/Ш.К.Беркімбаева //Егемен Қазақстан. - 2003. - 26 тамыз
Беркімбаева Ш. Педагог ұлт тәрбиешісі: [Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық институтының ректоры Ш.Беркімбаевамен сұхбат]
/әңгімелескен І.Сәдірқызы //Егемен Қазақстан. - 2003. - 1 тамыз.
Беркімбаева Ш. Білім берудің ұлттық жүйесін ұлықтасақ /әзірлеген
С.Сыбанбай /Ш.К.Беркімбаева //Жас Алаш.- 2003. - 12 маусы
Беркімбаева Ш. Үлкен өмір мамандықты дұрыс таңдаудан басталады
/Ш.К.Беркімбаева //Егемен Қазақстан. - 2003. - 17 маусым.
Беркімбаева Ш. Болашақ мектептен басталады /Ш.К.Беркімбаева
//Қазақстан мұғалімі. - 2003. - 1 қаңтар.
Беркімбаева Ш. Шәмшә Беркімбаева: білім берудің ұлттық жүйесін
ұлықтасақ: [ҚР Білім және ғылым министрі Ш.Беркімбаева білім
тақырыптарына байланысты сұрақтарына жауап береді] /әзірлеген
С.Сыбанбай /Ш.К.Беркімбаева //Жас Алаш. - 2003. - 12 маусым.
2-тапсырма. (10 минут)
<<Елім деумен елжіреп, көзін жаспен жуған қыз,
Сарыарқада сарылып, ел мұратын қуған қыз.
Ауыртты ма жаныңды жапырақты жуған күз,
Анасынан о баста ұстаз болып туған қыз>>.
Тәрбие сағатымызды әрі қарай сахналық көрініспен жалғастырамыз. <<Ш.К.Беркімбаеваның қызмет жолына шолу>>.
3-тапсырма. <<Ізгілікті іздеп келемін>> кітабын талдау. (20 минут)
Бұл кітап қазақ қыздары арасынан шықан қайраткер-ұстаз, сенатор Шәмша Беркімбаеваның еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әр жылдары жазылған мақалаларынан тұрады. Өзінің бүкіл ғұмырын ұстаздық қызметке, білім беру iciне арнаған адамның мол тәжірибелері мен өзекті ой-толғамдары бүгінгі уақыттың көкейтесті мәселелерімен терең ұштасып жатыр.
<<Ізгілікті іздеп келем...>> кітабының мазмұнымен, ондағы қарастырылған келелі мәселелерді сала-салаға бөліп қарастыруды, талдауды топ студенттеріне ұсынамын!
4-тапсырма. Ф.Оңғарсынованың сөзіне жазылған Асенқызы Наргиздің орындауында <<Қыз ғұмыр>> әнін тыңдау (3 минут)
Қыз-ғұмыр (Шәмшаға)
Ажары жарық нұрдан жаратылған,
жарқылдап жақсылыққа ара тұрған.
Маңдайда жұлдызындай, құндызындай
қыздары-ай қазағымның дара туған!
Қайырмасы:
Қыз-ғұмыр шынарым-ай,
халқымның шырағындай,
көзіңнен Күн арылмай,
алдымда жүрші жайнап,
пәктіктің тұмарындай,
шынарым-ай!
Қыз-ғұмыр шырағым-ай.
Әз әке ұлға теңеп үміттенген,
жеңгелер жастайынан ұлық көрген.
Елді ойлап, жерді ойлаған қыз-ғұмырдың
тең түсер парасаты жігіттермен.
Қайырмасы.
Жаралған жақсылықтан дара шыңдай,
бауырға әпкесі емес -- ағасындай.
Қамқор боп бар қазаққа жаны шығып,
жүреді панасындай, данасындай.
Қайырмасы.
5-тапсырма. Ш.К.Беркімбаеваға арналған жырлар. Сатыбалды Жанель Ш.К.Беркімбаеваға арналған өлеңін оқиды. (2 минут)
6-тапсырма. Шәмша Көпбайқызы Университетке ректор болып келген соң бұрынғы <<Айгүл>> ансамбілінің қайта жаңғыруына мұрындық болып, бұл ансамбль бүгінгі таңда өз өнерлерін дүйім жұртқа паш етіп жүргені белгілі. Енді тәрбие сағатымыздың соңын осы <<Айгүл>> ансамблінің орындауындағы <<Су тасушы қыз>> әнімен тамамдайық! (3 минут)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz