Сыныптан тыс оқу әдістемесі

Тақырып 2: Сыныптан тыс оқу әдістемесі
Жоспар:
1. Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты.
2. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру.
3. Сыныптан тыс оқу барысындағы әдістемелік ұсыныстар.
Мақсаты: Сыныптан тыс оқудың маңызын және оның мақсатын ұғындыру, оны .
1. Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты.
Мектепте әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады.
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы - сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай болып өскендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әрекетіне еліктейді, солардан үлгі-өнеге алады, дүниетанымы кеңейе түседі. Сыныптан тыс оқудың мақсаты: балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру, оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныптан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезеңде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. «Әліппе» және «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем ерекшіліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кеіпкерлер іс-әрекетіне өзінше баға беруге жетіледі.
Міне, сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап - екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, мінез-құлқы, жан-сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса, мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла-тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.
Бағдарламалық материалға сай белгілі бір жазушының не ақынның шығармасын өткенде сол жазушы немесе ақын туралы балалардың білгілері келетіні даусыз. Сондықтан оқытушы олар туралы (Өмірбаяны, мекен-жайы, қайда еңбек етеді, қандай шығармалары бар, олардың қайсысын оқуға ұсыну керек) өзі алдын-ала дайындалып келуге міндетті. Осымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі есте сақтайтын нәрсесі - сыныптан тыс жұмыстың тіл дамыту мен байланысты екендігі. Себебі, оқу барысында балаларға түсініксіз сөздер, сөз тіркестер кездесуі мүмкін. Оларды түсіну үшін бала:
- Ата-анасын не аға-әпкелерінен көмек сұрасын;
- Өзі түсінуге тырыссын. Ол үшін
а) Берілген үзіндіні қайта-қайта оқысын;
б) Мәтінді толық оқып шығып, ой қорытсын.
Сыныптан тыс оқуға берілетін мәтіндегі қиын сөздерді, сөз тіркестерінмұғалім алдын-ала түсіндіріп жіберсін.
Міне сонда ған дүниетанымы кеңейеді, тілі мен ойы, ойлау қабілеті дамиды. Ал бұл балалардың ынтамен жұмыс істеуі дағдысын қалыптастыруда аса зор қызмет етеді.
2. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру.
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басты да өзекті үрдіс - сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жұмдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы арқылы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады. Қашанда ізденгіш, балаларды жанымен жақсы көретін, өзінің ұстаздық парызына адал оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті, білімді болады. Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргізу, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарында айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуін, соны кеңейте түсуін ескерген жөн. Мысалы, табиғатқа ондаған жан-жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А. Сейдімбектегінің «Тауға біткен жалбыз» кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады. Атап айтқанда «Айқас» әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңі түсінетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе «ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады» деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог-лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық жүйесін түсінеді.
Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
2-сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау, т. б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғаттану т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай, сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде жаңа бағдарламаның жобасында былай делінген: «Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу; оқуға, білуге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүниетану құмарлығын арттыру. Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принципі - оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, дүниетану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады . . . ».
Сөйтіп, сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М. Әлімбаевтың «Ұқыпты бала» және «Ұқыпсыз бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады. Т. Бигелдиновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кейін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т. Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мұғалім С. Бақбергеновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне болады.
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтіріктің залалы» т. б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы карточкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. ұнатады. Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар ұйымдастырады т. б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұғалім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттердікөрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқуға қызықтыру үшін 5-6 сынып оқушыларының да көмегі зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жөнінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезінде оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзінділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарайды, оқытады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz