7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Қысқа мерзімді жоспар

Мерзімі:
Мұғалімнің аты-жөні:
Мерзімі:: Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні::
Мерзімі:: Сабақтың тақырыбы:
Мұғалімнің аты-жөні:: Ауа райы. Метеорологиялық элементтер.
Мерзімі:: Сынып: 7
Мұғалімнің аты-жөні:: Қатысты:
Қатыспады:
Мерзімі:: Оқу мақсаты:
Мұғалімнің аты-жөні::

7. 3. 2. 3 - “Ауа райы” ұғымын түсіндіреді

7. 3. 2. 4 - метеорологиялық элементтерді зерттеу маңызыдылығын түсіндіреді (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық)

7. 3. 2. 5 - метеорологиялық элементтерді өлшеу

(қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық

7. 3. 2. 6 - метеорологиялық элементтерді өлшеу негізінде синоптикалық материал дайындайды (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық) (жергілікті жер компоненті негізінде)

Мерзімі::

Сабақтың

мақсаты:

Мұғалімнің аты-жөні::

Жекелеген метеорологиялық элементтерді сипаттап, зерттеу маңыздылығын түсіндіру (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық) .

Жекелеген метеорологиялық элементтердің көрсеткіштер бойынша синоптикалық графикалық материалдар жасау

Мерзімі:: Пәнаралық байланыс
Мұғалімнің аты-жөні:: Физика, информатика
Мерзімі:: Сабақ формасы
Мұғалімнің аты-жөні:: Саяхат сабағы
Мерзімі:: Тілдік мақсаттар
Мұғалімнің аты-жөні::

Мәтінді оқи отырып метеорологиялық элементтерді (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық) сипаттайды және маңыздылығын түсіндіреді, қолдану аясын атайды.

Суреттерді қоладана отырып, метеорологиялық құрал-жабдықтарды атайды, ажырата алады. Синоптикалықкартаны сипаттай алады

Лексика және терминология

Ауа-райы, атмосфералық қысым, бұлттылық,

температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық, құрал жабдықтар: термометр, гигрометр, барометр, анемометр, флюгер

Мерзімі:: Қалыптастыратын құндылықтар
Мұғалімнің аты-жөні:: Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдау, қорытынды жасау .
Мерзімі:: Жетістік критерийлері
Мұғалімнің аты-жөні::

“Ауа райы” ұғымын түсінеді

Метеорологиялық элементтер зерттеудің маңызыдылығын түсіндіреді

Температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді өлшей алады

Метеорологиялық элементтерді өлшеу негізінде синоптикалық материал дайындайды (жергілікті жер компоненті негізінде) Синоптикалық картаны оқиды.

Мерзімі:: Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Мұғалімнің аты-жөні::

Ауа райының ерекшеліктері . . . ауа-райы дегеніміз - ….

термометр, гигорометр, барометр, анероид, анемометр, флюгер . . . өлшейді

Мерзімі:: Алдыңғы білім
Мұғалімнің аты-жөні:: Оқушылар осыған дейін ауа райы туралы білетін ойларын айта алады. Ауа райының элементтерін айта алады. 5-6 сыныптағы білімдері
Мерзімі:: Қолданылатын ресурстар
Мұғалімнің аты-жөні::

Синоптикалық карталар, Жұмбақтар

Атлас, 6-7 сынып/2015-2016 ж/,

Оқулық, 7 сынып

Мерзімі:: Жоспар
Мерзімі:: Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің аты-жөні:: Жоспарланатын шаралар
Ресурстар
Мерзімі:: 0-3мин
Мұғалімнің аты-жөні::

І. «Ұйымдастыру аялдамасы ». ( сабаққа қажет болған жағдайда «Талап қою/Сұраныс бойынша аялдамасын»ұйымдастыруға болады)

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Нөсер» жаттығуы арқылы тақырыпқа шығу.

( немесе жұмбақ жасыру:

1. Көзге ілінбеді,

Жұтсаң білінбеді (Ауа)

2. Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады (Аяз)

3. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті(Күн күркіреуі)

-Бұл жаттығу/ жұмбақтар сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?

-Бүгін біздің қаламызда қандай ауа райы?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

PowerPoint

бағдарламасында жасалған презентация/

Активити«Нөсер»

Жұмбақтар / мүмкін 3 тілде айтылады, немесе алдын ала 3-4 оқушыға осындай тапсырма беріледі /

Мерзімі:: 3-5 мин
Мұғалімнің аты-жөні:: ІІ. «Жоспар аялдамасы» Сабақтың тақырыбы және жетістік критерийлермен таныстыру. Лексика мен терминологиямен таныстыру.

PowerPoint

бағдарламасында жасалған презентация.

Мерзімі::

5-10мин

10-15мин

15-25мин

25-40

Мұғалімнің аты-жөні::

ІІІ. «Ауа райы элементтері аялдамасы»Оқушыларға сұрақ. Ауа-райын қалай зерттейміз?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Жаңа сабақты игеру. Топпен жұмыс. Ауа-райы элементтеріне талдау жасау.

«Достық аялдамасы»Жұптық жұмыс. Оқушылар оқулықтарын пайдалана отырып, қысым, бұлт, жауын-шашын, ылғалдылық, жел ұғымдарын өздері оқып бір-біріне түсіндіреді.

Бірін-бірі стикер арқылы бағалайды. «Маған ұнады . . . себебі», «түсінікті болды . . . өйткені . . . » «түсініксіз болды . . . себебі . . . »

Мұғалім қорытынды жасайды.

ІV. «Тапсырмалар аялдамасы» Бекіту кезеңі

Тапсырма №1

Метеоролиялық құралдар туралы кестені толдырады

Тапсырма №2

Атмосфералық қысым, температураның биіктікке байланысты өзгерісі және жел өрнегін салуға арналған есептарді шығарады. Температура, қысымға байланысты есептер шығару.

  1. Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?
  2. 7. 6 км биіктікте температура -34°С болса, теңіз деңгейіндегі температура қанша?
  3. 6. 4 км биіктіктегі температура -37°С болса, 800 метр биіктіктегі температура қанша?
  4. Тянь-Шаннь тауының жаз мезгілінде 1565 метр биіктігіндегі температура +14°С болса, сол уакытта Хан-Тәңірі шыңындағы температура нешеге тең?
  5. Алматы қаласында жел оңтүстіктен 2 күн, солтүстіктен 5 күн, батыстан - 7 күн, шығыстан 3 күн, солтүстік батыстан күн соқты. Жел өрнегін салыңыз.

Қосымша дифференцациялық тапсырмалар:

1. Үлкен -Боқтыбай шыңындағы атмосфералық қысым нешеге тең?

2. Монбландағы атмосфералық қысымды гПа көрсеткішімен анықта ?

3. 3280 метр биіктіктегі атмосфералық қысымды анықта(мм сын. бағ) ?

4. Туристтер абсалюттік биіктігі 800 метр обьектіден тауға қарай саяхат жасау барысында 1650, 2400 және 3260 метр биіктіктерге тоқтап атмосфералық қысымды өлшегенде барометр қандай көрсеткіштерді көрсетті?

1. Бір тәулік ішінде әр 3 сағат сайын ауа температурасы 8 рет өлшенді. Онда мынадай көрсеткіштер көрсетілді:

-3, -5, -8, -10, -4, +4, +7, +2. Осы көрсеткіштерді ескере отырып тәуліктің орташа температурасын анықта?

2. Күндізгі температура +17°С, ал түнгі температура -14°С. Тәуліктік температуралық амплитуданы анықта?

3. Күндізгі температура +34°С, ал түнгі температура +12°С. Тәуліктік температуралық амплитуданы анықта?

Тапсырма №3

Климатограмма бойынша жауап беріңіз:

  • Орташа айлық температурасын анықтаңыз -
  • Орташа айлық жауын-шашын мөлшерін атаңыз -
  • Температурасының амплитудасын есептеңіз -

Қорытынды жазыңыз (суық және ыстық айлары туралы, жауын-шашын көп түсетін мерзімі және т. с. с)

«Синоптиктер аялдамасы»

Тапсырма №4

Ауа райын болжау

Еуропаның синоптикалық картасын оқу, ауа райына болжам жасау, өз ойларын қорытындылап, дәлелдеу.

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтар бір-бірін бағалайды. «Бармақтар» әдісі бойынша.

PowerPoint

бағдарламасында жасалған презентация

7 сыныптың оқулығы

Кері


Ұқсас жұмыстар
1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Табиғат құбылыстары - ауа райы
4-сыныпқа арналған Күзгі ауа-райы сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Қысқы ауа райы тақырыбының сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған Дүниетану сабағы: Ауа райы
3-сыныпқа арналған Ауа райы және оны болжау тақырыбындағы сабақ жоспары
4-сынып: Дүниетану пәні - Ауа райы және ауа райын болжаудың маңызы (ашық сабақ)
Ауа райы: элементтері мен құбылыстары, ауа массалары және болжау әдістері
Дүниетану пәні: Ауа райы және оны болжау - сабақтың оқыту-әдістемелік жоспары
Қысқы ауа-райы бойынша сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Дүниетану 4-сынып: Ауа райы мен климат, ауаның ластануы және оны қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz