Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы.Драматурасы
Мақсаты; Жазушы өмірінен үлгі алады. Әдебиетті сүюге қызығушылығы артады; Оқушылардың ой - өрісі, ойлау қабілеті, ауыз - екі сөйлеу тілі дамиды, өз бетінше іздене білуге дағдыланады, оқуға деген ынтасы ояту.
Күтілетін нәтижелер; Ж. Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан - жақты білім беру үшін, жазушының азаматтық биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін танып - білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу (психологиялық дайындық)
Сыныпты топтарға бөліп отырғызу.Топ басшыларын тағайындау.
Бағалау парақшаларын тарату
I.Қызығушылықты ояту.
(Баяу әуен ойнап тұрады <<Хафиз>>)
Шықпаса жаным денемнен
Не салса тағдыр көрем мен.
Бір өзім үшін өлмеймін,
Бір ғана соған көнем мен.
Кеудеде әзір жүрек бар,
Тілек бар. Соған сенем мен,
Артымда қыруар елім бар,
Өлсе де денем, өлмен мен.
Мұғалім: Құрметті балалар, Бүгінгі сабағымыз Алаш арыстарының бірі , көркемсөздің ерен жүйрігі,әрі ақын, әрі жазушы, журналист,публицист -сыншы, асқан аудармашы,педагог-ағартушы Жүсіпбек Аймауытовтың өміріне арналады.
II.Мағынаны тану.
Сабақтың тақырыбы айтылып мақсаты түсіндіріледі.
1.Өз жайымнан мағлұмат.
(Орынбаев Нұрлан)
2. <<Айтуға оңай>> бағдарламасы
Қатысушылар: Еламан, Алихан,Талғат,Ратбек, Еркебұлан.
Жүргізуші: Дидар.
Сергіту сәті
ІІІ. Ой толғау
<<Ақылдың алты қалпағы>>
1. Қара қалпақ жиренетін әрекет
2. Ақ қалпақ тәрбиелік мәні.
3. Қызыл қалпақ алған әсерің
4. Жасыл қалпақ Егер сен Жүсіпбек болсаң өміріңді қалай өгертер едің?
5. Сары қалпақ Сізге не ұнады? Сабақтың артықшылығы неде
6.Көк қалпақ(өзім)- Мен не аштым, тағы не ашылған жоқ?
7.Деңгейлік тапсырма
І деңгей
Жүсіпбекке Елбасынан хат.
Жүсіпбекке халықтың атынан хат.
ІІ деңгей
<<5 жолды өлең>>
ІІІ деңгей
<<6 сұрақ стратегиясы>> тақырып бойынша
1. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
7.Бағалау Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды
мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау

Тапсырма; Ж.Аймауытовтың шығаршамашылығы.

Қазақ әдебиеті алыптарының бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Оның қазақ әдебиетінің жанр жағынан дамытудағы еңбегі орасан зор. Ол - ақын, прозашы, публицист, сыншы, театр режисеры, аудармашы педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазуға қатысқан.
Осындай әдебиетіміздің, театрдың, ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді.
Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана - 1988 жылдан бастап Ж. Аймауытовтың өмірі мен еңбектері және мақалалары жарық көре бастады.
1. Ғылыми - педагогикалық мұрасы
Ғылыми - педагогикалық мұрасы

Тәрбие жетекші
Психология
Жан жүйесі және өнер таңдау
Комплексті оқыту жолдары
2. Поэзиялық туындылары

Сарыарқаның сәлемі
Ах - ха - хау
Көшу
Тұңғиық түпсіз астында
Ұршығым
Жәмила
Әскер марсельезасы
Нұр күйі поэмасы

3. Драмалық жанры

Ескі тәртіппен бала оқыту
Рабиға
Мансапқорлар
Сылаң қыз
Шернияз
Қанапия мен Шәрбану
Ел қорғаны

4. Прозалық жанрлары
1. Романдары: <<Қартқожа>>1626;<<Ақбілек>> 1927 - 1928
4. Хикаяттары: << Күнекейдің жазығы>> 1928
5. Сын мақалалары: Абайдан соңғы ақындар 1918; Мағжанның ақындығы 1923; Аударма туралы; Сұңқар жыры
6. Әңгімелері: <<Бетім - ау, құдай ғой>>; Елес 1924; Өмір деген осы ма?; Мысыққа ойын, тышқанға өлім 1923; Әнші 1925; Боранды болжағыш әулие; Көшпелі Көжебай 1925.
- Міне балалар, өздерің жазушы туралы естеліктер мен пікірлерден мысалдар келтіре отырып, оның адамгершілік қасиеттерін, еңбектерін, туған жерге деген сүйіспеншілігін танып білдіңдер. Ендеше, Жүсіпбек әлемі телегей теңіздей екен. Оның нағыз сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі екенін білдіңдер. Оның мол мұрасы - келер ұрпақ үшін мол қазына, асыл мұра. Оның өмірі ұрпаққа өнеге.
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) -- қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы <<Қызыл ту>>, қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911 -- 1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде <<Абай>> журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), <<Қазақ тілі>> газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922 -- 1924), Ташкентте шығатын <<Ақ жол>> газетінің бөлім меңгерушісі (1924 -- 1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926 -- 1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Ұқсас жұмыстар
Әншінің өрелі әншілік өнері
"ақбілек"-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман (конференция)
Ақбілек романымен танысу
Ақбілек кім
Педагогтің әрекеті
1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Әнші әңгімесі
Абайдың бір өлеңін жатқа айт
Жекелеген әдебиет
Ж.Аймауытовтың Қартқожа романы
Пәндер