Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Қош, балалар, бақшасы!
Қош, балалар бақшасы!
Залда «Бақытты балалық шақ» әні естіліп тұрады.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің
мерекеміз ерекше, себебі бүгін мәпелеп өсірген, тәрбиелеген
бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.
Балалардың балабақшамен қоштасуына арналған ертеңгілікті бастауға
рұқсат етіңіздер. (Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға
шақыру.)
Топтың барлық мерекелеріне қатысып, ерекше көзге түскен тобымыздың
әншісі – Ильяс
Тобымыздың атақты бишілері: Аружан мен Айгерім
Тобымыздың сүйкімді де, сүйікті балалары: Ақбота мен Жандос
Тобымыздың ерке бүлдіршіндері – Ілияс пен Нұрлан
Тобымыздың еңбек десе ерінбейтін, еңбекқор ұлдарымыз: Мадияр мен
Есен
Тобымыздың кербез де сұлу қызы – Сәнгүл
Біз ертеңгілігімізді жалғастырамыз.
1-жүргізуші.Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар?!
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.
2-жүргізуші.Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық.
Айгерім: Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Сәнгүл: : Бақшадағы күндерді
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін,
Бәріміз де сақтаймыз.
Мадияр: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Жандос: Гүлге толы қорамыз,
Біз өсеміз, толамыз.
Бәріміз де ертең ақ
Үлкен жігіт боламыз.
Нұрлан: Біз – ертеңгі батырмыз,
Біз – ертеңгі ақынбыз.
Бір анадан туғанбыз.
Біз бәріміз татумыз.
Би. «Вальс»
Ән. «Наргиза»
«Бестік» кіреді.
Бестік. Сәлеметсіңдер ме, балалар мен сендердің достарыңмын, менің атым
«Бестік». Мектепте мен сендердің достарың боламын. Мен сендердің мектепке
дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар бергім келіп отыр.
1-ші тапсырма.
Кім маған жақсы санамақ айтып бере алады?
1-бала. Бір дегенім – білім,
Екі дегенім – елім,
Үш дегенім – ұшақ,
Төрт дегенім – тұсақ,
Бес дегенім – бастау,
Алты дегенім – астау,
Жеті дегенім – желім,
Сегіз дегенім – сенім,
Тоғыз дегенім –торқа,
Он дегенім – оңқа,
Үлкендерден сұра,
Түсініксіз болса.
Бестік. Ал, енді маған кім қандай жаңылтпаш айтып бере алады?
2-бала. Қара майлы қарағайды,
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды,
Шешейін бе, шешпейін бе?
3-бала. Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз,
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.
Бестік. Ал,енді сендер маған жұмбақтар жасырыңдаршы, мен шешуін тауып
көрейін.
4-бала. Ортасында ішегі бар,
Жіп-жіңішке денесі бар. (қарандаш)
5-бала. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Бестік. Балалар,сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда
осындай бола берулеріңе мен тілектеспін.
6-бала. Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен
Мектепке кетіп барамыз.
Сәнгүл: Балабақша қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.
Айгерім: Қош, балалар бақшасы,
Толған күлкі, толған күй.
Қош, балалар бақшасы,
Бізге туған болған үй.
Ән. «Қош, балалар бақшасы»
Би. «Қазақ биі» (қыздардың орындауында).
Тәрбиеші. Өсті ақыл – ойларың ,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! – дей келе, ендігі құттықтау сөзді ата – аналарға
береміз.
Сарсай орта мектебі
Шағын орталық
«Балапан» тобы
Тақырыбы: «Қош, балалар бақшасы»
Тәрбиеші: Таласбаева Т.Т
2011жыл
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz