Бір ананың жеті қызы

Тексерілді: Е. Бугенбаев
Сабақтың тақырыбы
№ 1
Сәлем -сөздің анасы.
Ата-бабадан қалған ілтипат - отбасының негізі.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
Ой қозғау Оқушылар, әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, сабақтың тақырыбын ашамыз. «Сәлем-сөздің анасы» Тыңдалым алды тапсырмасы: Төмендегі сұрақтарды қойып, сәлемдесу үлгілерінің суреттері бойынша оқушы пікірін тыңдауға болады.
· Сәлемдесу не үшін керек?
· Сәлем беру мен сәлем алудың айырмашылығы неде?
· Суреттегі сәлем түрлерін сөйлете синонимдерді тиімді қолдану.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Мәтінмен жұмыс
Сәлемдесу - кездескен адамдардың бір -бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір -біріне аман - саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді. Әрбір адам « қайырлы таң», « қайырлы күн », « қайырлы кеш » деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін де бір - бірімен ақжарқын амандасуға тиіс. Амандасу -- адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. « Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі - келіп -кетіп жүргені », - деп халқымыз бекер айтпаған болар.
Ақсақал мен жігіттің амандасуы
Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!
Ата: Уағалейкумассалам, балам!
Жігіт: Деніңіз сау ма? Аман -есенсіз бе?
Ата: Құдайға шүкір, балам . Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз.
2. Қарт әже мен қыз баланың амандасуы:
Қыз: Армысыз, әже?
Әже. Бар бол, балам!
Қыз: Үй іші, бал - шағаңыз аман ба?
Әже: Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман -есен.
Пікіралмасу -
сәлемдескен кезде сәлемді алмаған мәдениеттілікке жата ма?
- сәлем беру үлгілерінің мағынасын ашу үш топқа тапсырылады
Ақпараттық мәтінмен жұмыс
Дескриптор
-
ақпарат береді
- анықтайды;
Дескриптор- ажыратады;
сипаттама береді;
Дескриптор
- сәлемдесу туралы талдау жасайды;
-мәдениеттілік жайлы түсінік алады - сәлем беру үлгілерімен танысады
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Ең үздік жауап»
ҚБ «Алақан-жұлдыз»
ҚБ «Ең ұтымды жауап»
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Суреттер
Тірек-сызбалар
Кесте
Кері байланыс
Не білдім?
Не көрдім?
Не түсіндім?
Нені жетілдіруім керек?
Тексерілді: Е. Бугенбаев
Сабақтың тақырыбы
№ 2
Оқушыларға отбасындағы ата-анасының орны туралы әңгімелей отырып, ата-ана отбасының негізгі діңгегі екенін түсіндіру.
Ата-ананы қадірлеп құрмет көрсетуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
Әкешім жол сілтейтін ақылшымсың,
Анашым ұл-қыз таптың батырсың шын.
Құрметтеп өздеріңді сыйламасам,
Өмірде перзент деген атым құрсын.
Әр баланың әкесі, анасы бар! Әке-тірегің, ана-жүрегің демекші біздің парызымыз ата-анамызды құрметтеп силасу. Ата-анаң саған қандай тәрбие береді соны миына тоқып алу керек.
Ауыр жүгі бар адамдарды көрсең көмектес деп үйреткен!
Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесін демекші ата-анамыз берген тәрбиені ұмытпай есімізге тоқып жүруіміз керек. Ата-анамыз бізге тәрбие беру арқылы ойлайды өскенде менің атымды көтеріп пәленшенің қызы жақсы екен осындай жақсы тәрбие берген екен деп, мақтап жүреді деп осындай үмітпен жақсы тәрбие беретің болған. Әрбір ата-ана өз перзентін жаман болсын деп өсірмейді, өнегелі болсын үлкендерді силасын, құрметтесін деп ақыл айтып үйреткен.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Мәтінмен жұмыс
Әркімнің туған анасы, туған әкесі бар. Сенің әкең де - сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің анаң да нағашы атаң мен нағашы әжеңнен туған. Әрбір ана мен әке өз балам адам боп, азамат боп ержетсе екен деп тілейді, аялап өсіреді, бағып-қағады. Ата-ана деген кім? Оқушы көзімен оқып көріңіз . . .
Ата-ананың балаға деген мейірінде, қамқорлығында, оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек жоқ. Әкең мен шешең саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту - өмірді ғана сыйлаған жоқ, бақыт та сыйлады. Бақытты бал дәурен балалық, қайғысыз-қамсыз жастық шақ, алаңсыз оқып, еңбек машығын алуыңа қолайлы жағдай . . . Бәрі-бәрі сенің сыбағаң.
Ата-анаң туған ел үшін, сен үшін құлшына еңбек етеді, терін төгеді, жұмыста бейнет шегеді. Ендеше, үлкендердің, ата-анаңның өзіңе сіңірген еңбегін бағалай біл. Сенің әр қимыл-қылығың, әр ісің ата-ананың жүрегіне қуаныш не реніш боп оралады. Ата-ананың өз балаларын сүюі қандай шексіз болса, балалардың өз әкесі мен анасы алдындағы борышын да еш нәрсемен өлшей алмайсың.
Сенің мектептен әкелетін "бестік" не "төрттік" бағаң олардың төбесін көкке жеткізетінін ұмытпа. Керісінше, сенің кемшілігің, салдыр-салақтығың, құрбы-құрдастарыңның қатарынан кейін қалуың, көзге түрткі болуың олардың шашын ағартып, тым ерте белін бүктіретінін ешқашан есіңнен шығарма.
Ата-анаң тек әке-шешең ғана емес, екеуі де еңбекқор, өз істерінің шеберлері, елдің елеулі азаматтары. Сүйікті Отанға сіңірген ұзақ жылдардағы еңбегі арқасында сый-құрметке ие болған жандар. Әке-шешеңнің өткен өмір жолын, елге сіңірген еңбектерін танып біл, сыйла, құрметте! Оларды әрдайым мақтан тұт!
"Менің отбасым" суретке қарап әңгімелеу.
Ақпараттық мәтінмен жұмыс
Дескриптор
-
ақпарат береді
- анықтайды;
Әр оқушы өз отбасы, ата-анасы туралы әңгімелейді
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Ең үздік жауап»
ҚБ «Ала-қан
жұл-дыз»
ҚБ «Ең ұтым-ды жауап»
Ақпараттық мәтін
Отба-сы суреті
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасындағы ата-анамыз ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік.
Кері байланыс
Мен үшін ең жақын . . .
Мен үшін ең қымбат . . .
Мен үшін ең аяулы . . .
Оқушыл
ар бағалайды
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы
№ 3
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
Ой қозғау
Кеңпейілділік дегеніміз не?
Кеңпейілділік - адам бойындағы жақсы қасиетті білдіретін этикалық ұғым. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында айналасына жайлы, қолы ашық адамдарды алды кең, пейілі жомарт деп атап, жоғары бағалаған, кеңдікті адам бойындағы ізгі қасиеттер қатарына қойған.
Кеңпейілділік туралы шумақ
Жақсы болсаң - жердей бол,
Шыдап бәрін көтерген.
Таза болсаң - судай бол,
Жуып бәрін кетірген.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
«Жомарт пен сараң» ертегісін көрсету
1. Балалар сендерге қай кейіпкердің әрекеті ұнады?
2. Кеңпейілділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдаршы?
3. Өзің қандай адам болғың келеді?
Мақалды аяқта
- Кең пейілді кемімес, (тар пейілді кеңімес)
- Мейрімі мол ананың -Жүрегі жылы, қолы кең. (Кең пейілді атаныңЖүзі жылы, жолы кең. )
- Кең пейілді (кем болмас)
Жомарт ДОС көбейтеді, (сараң мал көбейтеді)
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы пікір алмасады.
Мақалды аяқтап жазады
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Ең үздік жауап»
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Кері байланыс
Не білдім?
Не көрдім?
Не түсіндім?
Қандай қасиетімді жетілдіруім керек?
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы
№ 4
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz