Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Электронды темекі несімен зиян

Н.А.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебі

<<Электронды темекінің зияндылығы>>

Ашық алаң
зерттеушілік ток шоуы

Қатысады: 9а,9б,9в сыныптар

Пән мұғалімі: Істібаева Г.Қ

Өткізілетін күні: 19 қазан 2021 жыл
Тақырыбы: <<Электронды темекінің зияндылығы>>
Мақсаты: оқушыларға электронды темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Көрнекіліктері: смарт-тақта, слайд, нақыл сөздер
Жұмыстың барысы:
Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі ашық алаңға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 9-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған ашық алаң <<электронды темекінің зияндылығы>> атты шарамызды бастағалы отырмыз. Бұл шараның мақсаты - электрондық темекі туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Олай болса, зерттеушілік ток шоуымызды бастаймыз, мына бейнероликке назар салсаңыздар.
Жүргізуші:Ерғалиқызы Жансая
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті көрермендер. Бүгінге оқушылар арасындағы ашық алаң атты зерттеушілік ток шоуына қош келдіңіздер. Бүгінгі талқылайтын тақырыбымыз бейнероликте көргендей, жасөспірімдер арасындағы айықпас дертке айналған, ата-аналар мен мұғалімдер үшін үлкен мәселеге айналған электронды темекі болмақ. Бізге осы тақырып төңірегінде пікір білдіріп, кеңес беруші мамандар келіп отыр.Мамандардың рөлінде:
Дәрігер маман- Темірбек Айзере
Психолог маман- Жұмағазы Гүлфайруз
Биолог- Ташимова Камила.
Тарихшы- Ардабек Нұртөре
Химик- Ерлібек Дильназ
Жалпы қазіргі заманның дамығаны соншалық темекінің өзі электронды түрде пайда болған.
Сұрақ: Электронды темекі дегеніміз не? Оның шығу тарихы қандай? Кім ойлап тапты? Деген сауалдарды тарихшы маманына қойғым келіп отыр. Сөз кезегі сізде.
Жауап: Тарихшы Нұртөре
-1963 жылы Герберт Гилберт <<темекі түтінсіз темекі шегетін>> патенттеді. Өзінің патентінде Гилберт өзінің құрылғысы <<темекі мен қағазды жылытылған, дымқыл, хош иісті ауамен алмастыру>> арқылы сипаттаған. Гилберттің құрылғысы ешқандай никотинді қамтыған жоқ, Гилберт құрылғысының шылым шегетін хош иістендіргіші бар.
Гилберттің өнертабысын коммерцияландыру әрекеттері сәтсіз болды және оның өнімі қараңғылыққа түсіп кетті. Дегенмен, ол электрондық темекі үшін ең ерте патент ретінде аталуға лайық.
2003 жылы алғашқы никотинді электронды темекі патенттеген қытайлық фармацевт Хон Лик өнертабысы жақсы деп танылды. Келесі жылы Хон Лик Қытай нарығында, сосын халықаралық деңгейде осындай өнім шығаратын және сататын алғашқы адам болды
Жүргізуші: Рахмет жауабыңызға.Дәл осы орайда биолог маманына сұрақ қойғым келіп отыр.
Сұрақ: Электрондық темекінің құрамы неден тұрады?
Жауап: Биолог-Камила:
-Темекінің электрондық түрі - жаңа өнім. Мұндай темекіні тартатын адамдарды кім деп атайтыны да белгісіз. Америкада кәдімгі темекі шегетін шылымқорлар түтінсіз электрондық темекі тартатын таныстарын <<бу шығарушы>> деп атайды. Себебі электрондық темекіні тартқанда түтін емес, никотиннің буы будақтайды.
Ингалятор сияқты жасалған электрондық темекінің ішіне сұйық никотин (оған су, хош иіс беретін химикат, ол химикатты ыдырататын приполенгликоль қосылған) құйылып, оны қыздыратын кішкентай батерея орнатылған.
Электронды темекі сұйықтығы, картридждер, булар және экзаляция шығарындылары туралы қолда бар ақпаратты қарастыру барысында авторлар формальдегид, ацетальдегид, акролеин, o-Methyl benzaldehyde, ацетон, ұшпа органикалық қосылыстар, фенолдық қосылыстар, полициклді хош иісті көмірсутектер.
Дегенмен, осы химиялық заттардың саны дәстүрлі сигареттерге қарағанда электронды сигареттерде әлдеқайда аз болса да, темекі түтінде қауіпті кейбір химиялық заттардың әсер ету қаупі бар.
Жүргізуші: Міне қызық. Бұндай химикаттар жасөспірімдердің организіміне қалай әсер етеді? Нақты қандай қауіпі бар? Осы сауалдарға негіз беріп кетсеңіз Дәрігер маманы
Сұрақ: Электронды темекі несімен зиян?
Жауап: Дәрігер- Айзере:
Темекі өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, демікпе, қанайналым жүйесі ауруларын: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, қан тамыры ауруларын тудырады, сондай-ақ ағзаның инфекциямен күресу қабілетін төмендетіп, иммундық жүйеге кері әсер етеді. Пассивті темекі шегу де осындай әсер етеді.
- аурудың даму қаупін арттырады;
- иммунитеттің төмендеуі салдарынан ағзаның инфекцияға қарсы тұру қабілеті төмендейді;
- жүрек-тамыр ауруларын асқындырады және тромбоздар қаупін арттырады, мұның коронавирустық инфекция кезінде аса қауіпті болатындығы туралы қорытынды жасалды.
3. Жүкті әйелдің ағзасындағы никотин түсік тастау мен ерте босану қаупін арттырып, ұрыққа ауа жетіспеуіне әкеп соғады;
4. Никотин жасушалардың өзгеруін тудырады және келесі ұрпақтарда бұл өзгерістер көбейе береді;
5. Электронды темекінің құрамындағы химиялық заттар қауіпті ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін;
6. Электронды темекінің түтінінде улы заттар болғандықтан, адамдарға әсіресе балаларға қауіпті;
7. Электронды темекіні шеккендегі психологиялық тәуелділіктің даму қаупі басқа темекі өнімдерін тұтынғанмен бірдей.
Жүргізуші: Енді осының барлығын біле тұра, оған тәуелді болуға не себеп? Псхолог мааманы:
Жауап: Психолог-Гүлфайруз:
: Ол "сәнге" айналды. Біреулер ермек үшін қолданса, өзгесі кәдімгі шылымды тастауға көмектеседі деген оймен пайдаланып жүр. Сыртты былай қойғанда, оны ғимараттың ішінде, үйде шегетіндер көп.
- Электронды темекінің негізгі бөлігі ол - никотин. Улы зат адам ағзасына бірінші тартқаннан ақ кіріп, қанға өтеді. Психологиялық тәуелділік туындайды. Адам оны шекпесе ашуланшақ болады. Жүрек-қан тамырларына әсер етеді. Сондай-ақ, өкпе мен бүйрекке зиян тигізеді. Ұзақ уақыт бұл құрылғыны пайдалану қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. <<Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді>> деп ойлайды. <<Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ темекі шегуді неге тоқатпайсыз?>> деген сұраққа <<Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін>> деп жауап береді. Сондықтан әрбір саналы адам өз өміріне қауіп төндіретін заттардан аулақ болғаны жөн. <<Сау басқа сақина тілегенше>>, ауырмайтын жол іздеп, саламатты өмір салтын ұстанған абзал.
Жүргізуші: Көп рахмет. Құрметті көрермендер барлықтарыңыз мамандар пікірін естідіңіздер ғой, сол үшін осы зиянды әәрекеттен аулақ болуларыңызды сұраймын. Жалпы электронды темекінің есірткіден айырмашылығы жоқ. Ол да адамды өзіне есірткі сияқты тәуелді етіп алады. Жаманнан үйрен ақсыдан жирен деген нақыл сөз келтіріп өз денсаулықтарыңызды сақтауды сұраймын.
Қорытынды
Қорытындылай келе сіздерге салауатты өмір салтын ұстануда 5 кеңес беремін.
1. Дұрыс тамақтану
2. Спортпен шұғылдану
3. Кітап оқу
4. Тазалыққа бейім болу
5. Сабырлы болу

Ұқсас жұмыстар
Өмір, қымбатсың маған Өмір құндылықтарының мәнін ашу
Оқушының әрекеті. Сабақтың ортасы
Зиянды әдеттерден сақ болайық
Темекі және оның зияны
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі
Зиянды заттар
Темекіні тастадым өлеңі
Шылымның адам ағзасына тигізетін әсері туралы мәлімет беру
Танымдық сабақ
Қылмыстық жауапкершілік
Пәндер