Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Əдептілік сөзден білінер
<<Адамшылық амандасудан басталады>>
Тəрбие сағатының тақырыбы: <<Адамшылық амандасудан басталады>>
Мақсаты: Халқымыздың салт дəстүрін білуге, сақтауға, рухани
байлығын арттыра отырып, ізеттілікке баулу
- сəлемдесу түрлерімен таныстырып, үйрету
- <<сəлем- сөздің басы>> екенін ескерте отырып, сəлемдесіп жүруге
тəрбиелеу
Тəрбие сағатының көрнекілігі:
Нақыл сөздер, слайд, бейнеклип, ребус, шаңырақ.
Бағыты: саяси-құқықтық, патриоттық, экологиялық, адамгершілік,
салауаттылық .
I. Кіріспе бөлім / Ұйымдастыру кезеңі /
а) Гимнді орындау
II. Негізгі бөлім / Сынып сағатының барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Кіріспе бөлімі
Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы <<Жаңа онжылдық - жаңа
экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері>> атты Қазақстан
халқына Жолдауында өскелең ұрпақтың тəрбиесіне де көптеп көңіл бөлінген.
Ел ағаларының: <<Ел боламын десең, бесігіңді түзе...>> дегеніндей, тəрбиенің
негізі отбасы мен бастауыш сыныпта беріледі. Жолдауға сəйкес бүгінгі
тəрбие сағатымыздың тақырыбы <<Адамшылық амандасудан басталады>>. Сəлем - əдептілік
белгісі. Сəлемнің сəлемдесу, сəлем беру, сəлем қылу сияқты түрлері бар.
Сəлемдесу - кездескен адамдардың бір - бірінің амандығын біліп, қуанышқа
бөленуі, бір - біріне аман - саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі,
яғни ізеттілік пен əдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып,
жақсылыққа жадырауы. Амандасу адамгершіліктің, əдептіліктің бір белгісі
болып табылады.
Оқушылар амандасу салты туралы түсінік береді. Сəлем - арабтың
<<тыныштық>>, <<бейбітшілік>> мағынасындағы <<ассалам>> сөзінен шыққан.
Тегінде, əдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сəлемдесудің мəні - ең
алдымен бетпе - бет ұшырасқан сəттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман - есен
дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза екенін білдіру.
Мұсылман халқында амандасу <<Ассалаумағалейкум>> деген сөзден
басталады. Ол <<Сізге Алланың нұры жаусын>> деген сөз екен. Жасы кіші адам
жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сəлем береді. Ал сəлем
алушы <<Уағалейкумассалам>> деп оң қолын береді. Ол <<Алланың нұры сізге
де жаусын>> дегені екен. Осылай қол беріп амандасқаннан кейін
амандасушылар мына сияқты хал - жағдай сұрасқан:
- Денсаулығыңыз жақсы ма?
- Үй іші, мал жаныңыз аман ба?
Ал екіншісі:
- <<Деніміз сау>>.
<<Құдайға шүкір>> немесе <<Мал басы аман>>, - деп жауап қатқан. Ауыл
адамдарында алыстан келген ағайынға жиналып барып амандасу немесе алыс
сапарға жүргелі жатқан адамға <<Жол болсын!>> - деп тілек айту дəстүр
болған. <<Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы шал барып сəлем
береді>> деген халық сөзі соның дəлелі болса керек.
Көрініс: Дəуреннің атасы мен əжесінің ауылына келуі.
Ауыл аралап жүрген жастар жолы үлкен қарияның үйіне кірмей кетсе,
оларды <<Амандасуға да жарамады>> деп сөккен. Бұл тəрбие негізі
амандасудан басталады дегенді білдіреді.
Атам маған əманда Əдепті жан бол деген. Ата сөзі санамда- Жасы
үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,Кесіп өтпей көлденең. Ізетімен
кішініңСəлемдесіп, қол берем.
Ұл балалар үйге кіргенде, сəлем берумен қатар бас киімдерін
шешіп, қолына алғаны жөн.
Жасы кішілер үлкендерге сəлем береді, ал ұл балалар қыздарға амандасады.
Балтабек атай немересі Батаймен көшеде өтіп бара жатып, Өтен құрдасымен
кездесіп қалады.
- Ассалаумағалейкум!- деп, ол Өтеннің қолын алды.
- Сəлем!- деп, Батай күлімдеп, иек қақты.
Былай шыға бере, немересіне қарап, ашуын төкті:
- Балам, мимырт болма!...
- Неге мимырт боламын, ата?
- Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере салатын кісі
емес ол. - Сəлем! - дедім. Сəлемімді қабылдап, күле сөйлеп еді ғой.
- Кісінің қадір- қасиетін білмей барасың ... Кесірленіп, кердең қағып, кейкие
сəлем беру анайылық екнін білесің бе, сірə?
- Ол кісі жайраңдап, жақсы амандасып кетті ғой... Мен кесірленгем жоқ..
- Балам, ондай үлкен кісіге <<сəлем>>деп, иек қаға салмай, адамша амандасу
қажет. Амандасу адамның адамдығына қуанып, ақ ниетін
білдіру.Амандасудың да мəн- мағыналары болады. Жəй <<сəлем>> дей салу - өз
қатарыңа асығыскезінде айта салатын сөз.
- Онда тұрған не бар? Сіз де қызық екенсіз, ата.
- Өтекеңдей үлкен кісіге- <<ассалаумағалейкум>> деп немесе <<амансыз ба?>>
<<сау- сəлеметсіз бе>>, <<аман- есенсіз бе?>> деген сөздердің бірі аузыңа түспеді
ме?
- Сол сөздің бəрі де <<сəлем>> деген бір сөзбен мəндес емес пе?
- Олай емес <<Сəлем>> деген- жай ғана амандасу. <<Амансыз ба?>> деп,
амандасушы сəлем берген адамның амандығына қуанышын, тілектес
екендігін білдіреді.
- Ал аман-есенсіз бе? деген сөздің не қажеті бар?
- <<Сау-сəлеметсіз бе?>>, <<Аман- есенсіз бе?>>- деп, амандасушы тілектестік
қуанышын кеңейте айтып, жақындық жақсы ниетін жария етеді.
- Мен де ол кісімен жақсы ниетпен амандастым ғой, ата.
- Жетесіздей, жеңіл- желпі жай бас изей салдың... Ал бұл дегенің - əдепсіздік.
Сəлем бергенде де инабаттылық пен əдептілік, сыпайылық пен сыйласым
керек. Қария кісілерге <<Ассалаумағалейкум>> деп амандасады.
- Сөзіңіздің төркініне түсіндік, ата.
Есіңде болсын:
Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке
сəлем беругн тиіс.
Көршілеріңмен жылы сəлемдес.
Көп адам жиналған жерге сəлемдеспей өтпе.
Барлық оқушылар хормен:
Сəлем түзелмей, əлем түзелмейді..
Көшеде екі қыз бала келе жатады. Қарсы алдынан жасы үлкен апай кездесті.
Сəния əдеппен
- Сəлеметсіз бе?- деп амандасты. Қасындағы қыз үндемеді.
- Сəлеметсіңдер ме!
- Сен неге сəлемдеспедің?
- Мен ол кісіні танымаймын ғой.
- Танымасаңда жасы үлкен кісіге сəлемдесу керек, - деді Сəния. Əлима
үялып, төмен қарады. : Біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан
түрлі ұлт өкілдерімен кездесіп қаламыз. Өзіңізге таныс ұлттар бір-бірімен
қалай амандасатындығын көрсетейік.
Теледидардан бейнеклип тамашалау.
- Балалар амандасу туралы қандай мақал- мəтел білесіңдер? Оқушылар
кезекпен өздері білетін мақал-мəтелдерін айтады.
Сəлем беру де парыз, Сəлем алу да парыз.
Əдепті елдің баласы
Алыстан сəлем береді.
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
Əдептілік сөзден білінер.
Кішіден ізет, үлкенге парасат.
Жақсы сөз - жарым ырыс.
Білер қазақ баласы:
<<Сəлем - сөздің анасы>>
ІІІ. Бекіту.
-Тəрбие сағатымызға арнайы сұрақтарымен үш сəлем хат келіпті.
Хаттарды үш топқа беріп, жауабын алайық.
Қорытынды:
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Тегінде, əдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани
тарижында қолы жеткен зор игілігі - сəлемдесу. Оның шарапаты мен
кереметі сонда - адамзат əдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің
бір- біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара
жақындықты бейнелеуге аса зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш -
бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тəтті, сыйласып өмір
сүруді аңсап армандаған. Сəлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық,
кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған.Сəлем беру- өткінші міндет
емес, өмірлік міндет. Бұдан былай кездескендердің бəрімен сəлемдесіп
жүрейік.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz