Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отбасым бақытым

Тақырыбы: Отбасым бақытым
Мақсаты: балалардың <<сыйластық>>, <<махаббат>> құндылық - тары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптас - тыру; оқушылардың отбасында кішіге
ізет, үлкенге құрмет көрсете білуіне және баланың өз орнын анықтауына, туыстық қарым-қатынастарын қалыптастыруға, отбасының адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.
2.Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3.Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайдтар,майшам
Әңгімелесу
Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Сонымен бірге мұғалім отбасының босағасы берiк, шаңырағы биiк болуы, тату-тәттi өмiр сүруі, бақытқа, қуанышқа бөленуі отбасы мүшелерiнiң бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екенін түсіндіреді.

Жаңа ақпарат
Жаңа ақпарат отбасы туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып, отбасының берік те тату болуы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен байланысты екенін түсінеді. Мұғалім отбасы неліктен қымбат екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.
Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Халқымыздың мақал -- мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір - қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.
<<Алты аға бірігіп -- әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп -- ана болмас>>,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, -- дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!
Қазақтар - << Төріңнен қарт кетпесін>> деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің ата дәстүріміз.

Сүйіспеншілік
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп,тұрыңқырап қалады да, <<Төрлетіңіздер>>,−деп бар ниетімен үйіне шақырады.Сонда қариялардың біреуі<<Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз>>,дейді.Оң жақтағы досым −Байлық,сол жақтағым болса−Сәттілік.Менің атым−Сүйіспеншілік.Өзін,жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге мынандай талап қойды:
−Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің біреуін ғана шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,−деді.
Әйелі Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,қатты қуанған ол: <<Қандай жақсы,қандай жақсы>>,−деп қайталай берді.
−<<Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе?Біз байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа кенелсін>>.
Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: <<Одан да Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?>>−деді.
Ақыры екеуі ақылдасып,мынадай шешімге келеді: <<Негізінде,ең асылы,Сүйіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз бақытты боламыз>>
Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: <<Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз.Біз сізді шақыруды ұйғардық>>, −деді.
Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді.Жолдастары да орындарынан тұрып,артынан үйге қарай жүрді.Аң−таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: <<Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...>>−деді. Қариялар:
−<<Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек>>,−дейді.
−<<Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз −Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз>>
<<Сүйіспеншілік бар жерде−Байлық пен Сәттілік бар>>дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
<<Дәйексөз>> айдарымен берілген <<Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің>> деген халық мақалын түсіндіру арқылы сахналау әдісінде оқушылар пайымдаған ой-пікірлерді жалғастырып, отбасы тәрбие баспалдағы екені түсіндіріледі.
Ойын. <<Айналайын, толғанайын!>>
Мұғалім оқушылдардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: <<Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!>>.
Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.
<<Біз бақытты жанұямыз!>> тақырыбында сурет салу

Ұқсас жұмыстар
Бақытым да,байлығым да-отбасым ( тренинг сабақ)
Қазақ тілін білемін
Менің отбасым
Ересек тобына арналған ашық сабақ жоспары
Отбасының ұйытқысы кім
Менің отбасым .Өз отбасы туралы айта білуге үйрету, жаңа сөздерді меңгерту
М. Мақатаев ̎Үш бақытым ̎
Менің отбасым. Сабақ барысы
Отбасы - шағын қоғам
Құрметті отбасымыз
Пәндер