Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәжірибелік әдіс

№ 11 СӨЖ
Зертханалық сабақ жоспары.
1.Зертханалық сабақ жайлы түсінік.
2."Су еріткіш" тақырыбында зертханалық сабақ жоспары.
1.Зертханалық сабақ жайлы түсінік.
Көрнекілік және ауызша әдістерден оқытатын нысандары жағынан айырмашылығы географиялық шындық пен олардың үлгілер жағынан айырмашылығы бар. Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Тәжірибелік әдіс. Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара байланысып жатқан сөйлеу, көрнекілік және практикалық әдістердің қолданылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабақ өткізу ұстаз жағынан өте тиянақты дайындықты, оның ұйымдастырушылық қабілеттілігін талап етеді.
Өткізілген сабақтың нәтижесі де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.
Тәжірибелік сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады.
1. Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойлануы.
2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау береді.
3. Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш оқушы берілген жұмысты орын- дайды, алқалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жі- берілген қателіктеріне ескертулер жасайды.
4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әр бір оқушы берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орындаушыға көп бағытталады.
5. Тексеру. Бұл кезеңде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, оның дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған қорытындысына тиісті бағасын береді.
Мектептегі оқытуда оқу пәнінің көлемін бекітумен қатар және сабаққа қажетті материалдарды іріктеуде оқыту әдістерінің маңызы зор. Оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынған оқыту әдісі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістер ой мен түсінікті дамытуға және білімді жақсы меңгеруге ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбиелік әсер береді.
Тәжірибелік әдістерге: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары жатады.
Тәжірибелік әдістер-оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп, оқу тәжірибелерін жүргізеді.
Оқытудың зертханалық тәсілін негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.
Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.
Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі,Үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндай ды.
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылардың әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен эффекторларының белсенді іскерлігімен, сонымен қатар олардың жалпы жұмыс белсенділігінің дамуына байланысты.
Тәжірибелік әдістердің тапсырмаларын орындаудың оқыту-тәрбиелеу қатынасында маңызы зор. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар бұрын алған білімдерін қолданады. Сол кезде оқушылардың ойлары механикалық емес, білімге негізделе дамиды. Дәл осы жағдайда тәжірибелік әдістер білімнің қайнар көзі болады. Алайда бұл әдістерді қолдану оқытушыдан ойластырылып ұйымдастырылған сабақты талап етеді. Себебі, оқушылардың жұмысына жетекшілік ету өте ауыр.
Тәжірибелік әдістердің түрлеріне жататындар:
табиғи объектілерді тану және анықтау жұмыстары;
құбылыстарды байқау және тіркеу;
тәжірибені өткізу (сұрақты тәжірибе арқылы шешу).
Осылайша біз тәжірибенің оқыту әдісіндегі орнын анықтадық.
Тәжірибе эксперимент жасанды түрде жасалынған жағдайда, ал денеге әртүрлі табиғат әсерлері кешенді кешенінен, белгілі бір оқшауланған факторлардың әсері анықталды.
Тәжірибе көп жағдайда физиологиялық процестерді зерттеу үшін өткізіледі. Тәжірибе ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді тәжірибелерге мысал ретінде ботаника сабақтарында жүргізілетін тұқымның құрамын анықтау, топырақтың физикалық қасиеті, жапырақта крахмалдың түзілуі және т.б. жатады. Қарапайым жеңіл тәжірибелерді оқушылар үйде орындайды. Оларға тұқымның өнуі, жапырақтан судың булануы жатады. Адам физиологиясы курсындағы қысқа мерзімді тәжірибелерге сілекейдің және асқазан сөлінің бөлінуін атап кетуге болады. Биологиялық тәжірибелер ұзақ мерзімді талап етеді, сондықтан сабақта оны толығымен орындамайды, тек оның қойылуы мен қорытындысын көрсетеді.
Жалпы биология бойынша әртүрлі экологиялық факторлардың ағзаларға әсерін анықтау үшін, жануарларды будандастыру үшін ұзақ мерзімді тәжірибелер қойылады (лабораториялық тышқандар, алтынтүстес хомяктар, көгершіндер).

2."Су еріткіш" тақырыбында зертханалық сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Су - еріткіш. Заттардың суда ерігіштігі
Сабақтың мақсаты:
1. Судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, қасиеттері, қолданылуы және табиғаттағы су туралы түсінік беру;
2. Судың құрамы мен қасиеттерін білу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру; 3.Оқушыларды сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, химиялық суреттер, химиялық реактивтер мен ыдыстар.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөліп алу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Ауыз су қалай тазаланады?
2.Судың ластануының қандай түрлері бар?
3.Дистилденген суды қалай алады?
4.Мұз неліктен суға батпайды?
5.Су неліктен жанбайды?
Біліміңді тексер: Сен білесің бе?
Суды алғаш ...... жж. ағылшын ғалымы ... синтездеді.
( 1781-1782жж, Г.Кавендиш )
1873ж ........... сутегі жанғанда оттегімен қосылып суға айналатындығын дәлелдейді. (А.Лавуазье )
Табиғатта ең көп тараған зат? ( су )
Судың формуласы? (Н2О)
Судың салыстырмалы молекулалық массасы? (Mr(H2O)= 18 )
Судың құрылымдық формуласы? (Н-О-Н )
ІІІ.Жаңа сабақ:
Ерітінділер дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір - бірімен физикалық - химиялық әсерлесетін біртекті жүйе.
Ерігіштіктің сандық мөлшері ерігіштік немесе еру коэффициенті арқылы анықталады.Ол белгілі бір температурада қаныққан ерітінді түзген зат масасының еріткіштің көлеміне қатынасы тең.Өлшемі: г/см3, кг/м3, г/мл, г/л.
Берілген температурада одан әрі ерімейтін ерітінді қаныққан, ал одан әрі ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады.

Су - әмбебап еріткіш .Суда көптеген қатты заттар, сұйықтықтар және газдар ериді.
Ерітінділер - еріткіш молекулаларынан және еріген зат бөлшектерінен тұратын біртекті жүйе.
Температура жоғарылағанда көптеген қатты заттардың ерігіштігі артады.Температура төмендегенде және қысым өскенде газдардың ерігіштігі артады.
22 - наурыз Дүниежүзілік су ресурстарының күні, су күні.
ІV.Жаңа сабақты бекіту:
Төмендегі қосылыстарды жіктеңдер.
Na2O, H2SO4, CaCl2, FeCl3, Ca(OH)2, CO2, Mn2O7, NaOH, NaCO3, H3PO4, K2SO4, Cu (OH)2 , HBr, NaNO3, CaSO4, Al 2O3.
Оксид
Негіз
Қышқыл
Тұз

Логикалық тапсырма.
Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып, бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге?
Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта су болып ауырлап қалды.
Жұмбақ шешу:
1.Ақ көрпесін тұйықтап,
Қыстай жатыр ұйықтап. (қар)
2. Тілі былдыр,
Үні сылдыр. (жаңбыр)
3. Отқа жанбас,
Суға батпас. (мұз)
4. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. (су)

Тәжірибелер:
1 - топ: Суға қант салып араластырындар.Не байқалды? Қандай құбылыс пайда болды?
Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.
2 - топ: Суға бір қасық тұз салып араластырындар.Не байқалды? Қандай құбылыс пайда болды?
Тұз суда еріп кетеді. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болады. Тұз суда жақсы ериді.
3 - топ: Стакандағы суға құм салып араластырындар.Не байқалды? Қандай құбылыс пайда болды?
Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбінде шөгеді. Құм суда ерімейді
№1 Зертханалық тәжірибе:
Молекулалық қозғалысты бақылауға қажетті құрал жабдықтар: суы бар ыдыс, бояу(CuSO4).
Орындау: стақандағы суға бояу салып, бақылау жүргіземіз. Бояу бірінші төмен түседі, біраздан соң біркелкі тарайды. Неге?
Жауабы:
Заттарды құрап тұрған молекула мен атомдар үнемі қозғалыста болады. Олай болса су молекулалары да қозғалып, бояу бөлшектерін итермелейді. Еріген бояу су молекуланың арасында біркелкі таралады.Бұл құбылысты диффузия деп атайды.
№2 Зертханалық тәжірибе:
Су бетінде безектеп, ең соңында жоқ болып, металл Na жүзеді. Қандай қосылыс түзеді?
2Na+ 2Н2О = 2NaOH +Н2
№3 Зертханалық тәжірибе:
Денесіне су тисе бұрқырап, ашуланар әркім оны өз үйінде пайдаланар.
СаО+ Н2О =Са(ОН)2
V. Қорытынды: Оқушылардың алған білімдерін бағалау.
VI.Үйге тапсырма: § 37 оқып келу.

Ұқсас жұмыстар
Индуктивтік әдіс
Психология әдістері
Психологиялық зерттеудің әдістері
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Бұйымның сызбасын жасау
Көшбасшы мұғалім
Тәжірибелік әдістер
Лампаларды бөлшектеу жұмыстарын орындау
Авторлық оқу бағдарламаларын құрастыруға әдістемелік ұсыныстар
Пәндер