Кері итеруші күш

Қысқа мерзімді жоспар
7. 3. 1. 12. Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру
7. 3. 1. 13. Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
http://bilimland. kz/kk/content/lesson/11173-
Интерактивті тақта
Сабақтың басы
(0-10 мин)
Білу
Үй тапсырмасы:
Түсіну
Ой қозғау
Ортасы
15 мин
Қолдану
Топпен жұмыс
« Сынақ алаңы»
Кейс техналогиясы
Талдау
7 мин.
Жинақтау
5 мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу, оқушыны түгендеу, психологиялық ахуал орнату 2. Сыныпты «Пазл» әдісімен топқа бөлу : 1 - топ: Алғырлар.
2 - топ : Ойшылдар. 3 - топ : Тапқырлар.
Слайдтан сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырамын. « Суреттер сырын ашайық»
Артындағы сұрақтарға жауап берейік.
Күштің
ФБ:
«Қол шапалақтау»
әдісі.
Проблемалық сұрақтар:
1. Допты қолмен суға батырғаннан кейін қолымызды жіберсек, доп қайтадан су бетіне шығады. Неліктен? 2. Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл?
3. Ағаш бөрене мен шегені көлге тастасақ қайсысы батады? Неге?
(Оқушылардың жауабынан соң) :
Демек, сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан кері
итеруші күш
әсер етеді. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет көне грек ғалымы Архимед есептеп шығарған болатын. Сондықтан бұл күшті Архимед күші деп те атайды. Архимед туралы аңызды еске түсірейік.
Бейнекөрсетілім «Архимед туралы аңыз»
https://youtu. be/EbQwx6rHDSk
Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік . Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады. Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен - Архимед заңы деп аталады. Бейнекөрсетілім.
https://youtu. be/oTVp_Adhf_M
Көктем. Үйлердің шатырынан ірі, әрі көңілді су тамшылары жерге тамады. Әне-міне дегенше сылдырлаған бұлақтар жол бойымен ағады. Мақсатпен Берік терезеге қарап отырып, жақын арада көлшіктерге қалай кеме жіберетіндерін жоспарлады.
- Мақсат, сен кемелерді дайындадың ба?
- Дайындайтын несі бар? Қағаз үнемі қолымызда, керегінше жасай беруге болады.
- Жоқ, маған олай ұнамайды! Қағаз кемелер суды тез сіңіріп, жарамсыз болып қалады. Мен бір кеме болса да нағыз кемеге ұқсатып жасағым келеді.
Неден жасаған дұрыс болар еді? Мүмкін әкемнен кішкентай ағаш кесінділерін сұрап алып, кемені ағаштан жасасам ба?
- Егер шынайы кеме болсын десең, онда ол металдан болуы керек!
-Сен не дегеніңді ойландың ба? Металл кеме шеге сияқты бірден батып кетеді.
Мен дүкеннен алған металл кемені жіберіп көргенмін. Батып кетті! Мүмкін пенопластан кесіп жасаған дұрыс шығар? Ол ағаштан жұмсақ, оны кесу оңай болады және ол батып кетпейді.
-Күлкімді келтірмеші! Нағыз кеме сияқты, бірақ жеңіл болсын дейсің. Сенің дүкеннен алған кемең батып кетсе де нағыз кемелер батпайды. Одан да Интернет желісінен қолдан кеме жасауға кеңестер табайық та өзіміз жасап көрейік, әлі уақытымыз бар емес пе?
Кейс бойынша сұрақтар:
1. Қалай ойлайсыңдар, балалардың қайсысы дұрыс айтты?
Сен олардың біреуінің көзқарасын қолдар ма едің?Неліктен?
2. Сен кемені қай материалдан жасар едің? Неліктен?
3. Нағыз кемелер неге батып кетпейтінін білесің бе?
Дәптерге жазу : «Кері итеруші күш дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты болады» Мұны формула түрінде былай өрнектеп жазамыз:
F А =V дене *p сұйық *g Бұл Архимед күші деп аталады.
Жұптық жұмыс : Сиқырлы конверт тапсырмасы:
А : №1 . Көлемдері бірдей темір және шыны щариктерді суға батырсақ, кері итеруші күштер бірдей әсер ете ме? В: №2 . Суға көлемі 100 см 3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м 3 С: №3 . Ағаштың суға батып тұрған бөлігіне 18, 6 Н Архимед күші әсер етеді. Осы ағаштың суға батқан бөлігінің көлемі қандай?
Жеке жұмыс: «Физикалық диктант»
Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді.
· Архимед күші ЖОҒАРЫ бағытталған.
· Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең.
· Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең. · Архимед заңы мына түрде жазылады: F А = ρ с *g*Vд
· Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ . ФБ Мадақтау арқылы «Өте жақсы», «Жарайсың», Қол шапалақтау
Сапалық және эксперименттік есептер:
№1. Ауада әрең көтеретін тасты су астында неге оп-оңай көтереміз?Мысалы: құдықтағы шелек су астында жеңіл де, ал көтере бастаған сайын ауырлай түседі. Неліктен?
№2. Екі ыдыс алып біреуіне тұщы су және тұзды су құйып, жұмыртқа салайық, сол кездегі құбылысты түсіндір.
№3. Бірдей бес ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншісі сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді?
Дұрыс жауаптарымен салыстырып өзін-өзі бағалайды .
ФБ: «Шапалақ» әдісі.
Слайд №
Қол шапалақтау әдісі
Доп, су құйылған ыдыс
http://bilimland. kz
«Көршіңмен жұптас» әдісі арқылы топ құру
Сабақтың соңы
3 мин
Рефлексия: «Ашық терезе» әдісі .
Смайликпен бағалау. Үйге тапсырма: Кері итеруші күш. Архимед заңы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz