Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қаһарман қызы қазақтың Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған мектепішілік шара
Іс-шара тақырыбы: <<Қаһарман қызы қазақтың>> Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған мектепішілік шара.
Мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту. Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу.
Әуенді күй ойнап тұрады
1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар мен қонақтар! Бүгінгі Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына байланысты <<Қаһарман қызы қазақтың>> атты іс-шарамызға қош келдіңіздер! Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, атамекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйемін.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.
Бозторғайы бол оның шырылдаған
Отан, Отан
Бәрінен биік екен,Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,- деп ақын Мұқағали жырлағандай, әрбір қазақтың жүрегінде Отан туралы сезім жоғары тұрады.
2-Жүргізуші:
Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты. Фашистік Германия қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді. Суық хабар сол күні-ақ байтақ жерімізге жер-жерден, ауыл-аймақтағы радиодан әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен түгел тарады (Үнтаспадан Левитанның үнін естиді). Ер азаматтар өздері сұранып майданға аттанады. Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақ қыздары да көрсетті. Сол сұрапыл соғыста Мәншүк Мәметова өз ерлігін көрсетті.
<<Мен қазақ қыздарына қайран қалам>>Оқушылар
Ән: Мәншүк орындайтын Абылай,Нұрсұлтан
Даламыздың даңқысың
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
1 оқушы:
Назерке
Мәншүк Мәметова Жиенғали қызы 1922 жылы 23 қазанда Орал обылысы, Жасқұтта Нарын ауданында туған. Отбасында 5-еу болған. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін Алматыда апасының қолында болады. Мектепте оқиды, одан кейін Мединститутта оқиды. 1942 жылы Алматыдағы медицина институтын бітіріп, 1942 жылы тамызда соғысқа өзі сұранып аттанады.
2 оқушы:
Самал
Айнала орман алаң бір
Тоқтаған атыс белеңде.
Жалт ете қалды командир,
Мергендер келді дегенде.
Сәби ғой мынау бауырым,
Ернінен уыз кетпеген,
Балалық шақтың әлі бір,
Балауса табы кетпеген.
Жасаған екен батылдық,
Жіберген адам мұны да,
Жауынгер қане атың кім?
Әлия Молдағұлова.
3 оқушы:
Дания
Отан қорғау жолында қаһармандығымен көзге түскен батыр апамыз Мәншүк Мәметова соғысқа өзі сұранып аттанды. Пулеметші болып <<Максиммен>> жауды топырлата қырды. Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен,- деп армандады. Қазір Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. Оның алдында батырдың бюсті түр. Мектептің ішіне кіріп, дәлізбен жүрсең, бір класстың маңдайшасында былай деп жазылған : <<Бұл класста Мәншүк оқыған>>. Бір парта ақпен сырланған. Бұл партада Мәншүк отырған. Батырдың туған қаласы Оралда Мәншүкке орнатылған ескерткіші бар. Невель қаласында да ескерткіші бар.
4 оқушы:
Аяулым
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі <<Максим>> оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан атты жолын.
Көзінен ұшқын оттай лапылдаған,
Жауына қанар тігіп, қатуланған.
Отан үшін шайқаста ауыр күнде,
Төнсе де өлім қаупі жасымаған.
Елеңдеумен, келер деумен күндіз-түні,
Қайран шеше, білсе уақыт озғанын.
Жылдар бойы жүрді-ау үзбей үмітін,
Бозаң белден күтіп қыршын боздағын.
Көрініс:
(Мәншүктің анасына жазған хаты. Мәншүк болып киініп, пулеметтің жанында тұрып, Мәншүктің хатын оқиды).
<<Қымбатты мама>>.
Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір-ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір, алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып, сізге жауап жазып отырмын.
Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз.Жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.
Ән: Еңліктің орындауында <<Қазақ елі>>
Жүргізуші:
Шыңғыс
Елеңдеумен, келер деумен күндіз-түні,
Қайран шеше, білсе уақыт озғанын.
Жылдар бойы жүрді-ау үзбей үмітін,
Бозаң белден күтіп қыршын боздағын.
Жүргізуші:
Тимош
Ал, енді назарларыңызға тағы да бір көрініс.
<<Мәншүктің жұлдызды сәті>>.
<<Мәншүктің жұлдызды сәті>>.
Қатысушылар:
1-ші: Мәншүк Мәметова
2-ші: генерал Галицкий
3-ші: подполковник Баймолдин
4-ші: жауынгерлер Мәншүк:
Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.
Үнтаспадан соғыс даласында жүріп жатқан үндері естіледі.Генерал Галицкий дүрбімен майдан даласын қарап тұрды. Жанында подполковник Баймолдин. Атқыштар ортасының оң қанатымен жүріп отырып, аға сержант Мәметованың пулеметшілер бөлімшесі алға жылжып барады.
Г.Г -- Жарайсың пулемет бөлімшесінің командирі. Қараңдар жолдастар
өзінің бөлімшесін қалай жақсы бастап барады, өзі кіп-кішкентай екен.
П.Б -- Жолдас Генерал сіз қазір көріп тұрған бөлімшені қыз бастап барады. Ол -- пулемет бөлімшесінің командирі, аға сержант Мәншүк Мәметова.
Г.Г. -Солай ма? Оны маған таныстырыңыздар.
П.Б. -- Бөлімшелер сапқа тұрыңдар! (Мәншүк бастаған бөлімшелер сапқа
тұрады).
Г.Г. -Сәлеметсіздер ме жауынгерлер! (Сапқа таяп келіп).
Жауынгерлер: Саулығыңызды тілейміз жолдас генерал.
Г.Г. -- Жарайсыңдар жолдастар. Дұшпанға аямай соққы бердіңіздер.
Барлық жауынгерлер мен командирлерге алғыс жариялаймын.
Жауынгерлер: Отанға адал қызмет етеміз.
Г.Г. -- Шабуыл кезінде пулеметшілер бөлімшенің аға командирі аға
сержант Мәметова өз пулеметін дұрыс пайдаланды. Жолдас Мәметова
бері келіңіз.
М.М. -- Жолдас генерал, аға сержант Мәншүк Мәметова (генералға таяп
келіп).
Г.Г. -- Рахмет саған, қазақ халқының қызы, сен жақсы пулеметші екенсің!
М.М. -Отаныма адал қызмет етемін!
Г.Г. -- Жасың нешеде, әрі сен майданға қалай тап болып жүрсің?
М.М. 20 жастамын, жолдас генерал, майданға өз еркіммен келдім. Ал өзім
Алматы қаласындағы Медицина институтында оқыдым.
Г.Г. -- Ал пулемет ісін қайдан, қай жерден үйреніп жүрсің.
М.М. -- Осында жолдас генерал.
Г.Г. -- Алдағы шайқастарда саған табыс тілеймін.
Сарбаздар биі: 5 г сыныбы. Шыңғыс
Экранда <<Мәншүк туралы ән>> көркем фильмінен үзіндіПеризат,Дарина,Қуаныш,Айбол,Алан,Амина,Тамирис.
1 оқушы/6б/
сыныбы
2-оқушы
3-оқушы
4-оқушы
5-оқушы
6-оқушы
7-оқушы
Жүргізуші:
Жүргізуші
Жүргізуші
Жүргізуші
Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп <<Моншағылым>> деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала <<Мәншүк>> деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми - зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: <<Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта>>. Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, <<халық жауы>> аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: <<Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз>>, деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы>>.Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы - дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір - түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы <<Мәншүк туралы жыр>> (авторы: А. Михалков Кончаловский, режиссері: М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мен - қазақтың қызымын, дара туған,
Текті аналар рухынан жаратылған.
Күннен сәуле аламын, құлпырғанда,
Айдан нұрға малынам, жаңа туған.Мен - қазақтың қаракөз аруымын,
Ата-анаға қуаныш, дәруімін.
Мендік намыс, <<Қазақ>> деп ұрандайды,
Намысымды құлатпас қаруың мың!Мен - ұлтымның бір кербез сұлуымын,
Жүрегімде тұнған ар, жылуым мың!
Жанарымда жалын бар жарқ ететін,
Сөз талассам жеңе алар жыр-уыңмын!Бойымда бар Тұмар тектілігі,
Ұмай-Ана ақылы, жетті, міні,
Санамда бір саф әуен әуездеп тұр -
Әлия мен Мәншүктің текті үні!..Сәулесі боп шолпандай жұлдызының,
Қырдан жиған қызғалдақ қырмызының.
Әсемдігін әрлеген тұла бойға,
Алаш атты арланның бір қызымын!
Мәншук монологы орындайтын Махсет Алия.
Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ -- біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес. <<Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді>>.
Соғыс жылдарының шежiресiне назар аударсақ, қазақ қыздарының ерлiгi қайран қалдырады. Ұрыс шебiнде қазақ тiлiнде шығарылып тұрған майдандық газеттер парағын аударыстырып отырып, небiр ерлiк шежiрелерiне қанығуға болады. Алапат аласапыран айқас кезiндегi бiздiң жауынгерлерiмiздiң теңдесi жоқ ержүректiлiгi, қазақ қыздарының жауапкершiлiгiмен толысып, толыға түседi. Осынау майдандық газет беттерiндегi жауынгер қыздар ерлiгiнен елес беретiн сұрапыл сәттерге көз жүгiртiп көрелiкшi.
<<Жауға қарсы аттан>> газетiнiң (9 наурыз,1944 жыл) бетiнде аға лейтенант Асқар Закариннiң <<Мәншүк>> деген мақаласында Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлiк iстерi тәптiштелiп, Невель қаласы үшiн болған шайқастың алғашқы бiр күнiнде Мәншүк өзiнiң күнделiгiне <<шiлденiң 20 күнi немiс жауыздарының екеуiн өлтiрдiм, бұл бiрiншi адым>> деп жазып қойды делiнген. Әсiресе, Мәншүктiң 14 қазан күнгi кескiлескен ұрыста көрсеткен жанқиярлық ерлiгi айна-қатесiз баяндалады. Сосын <<Қазақтың қайратты қызы ауыр жараланып, сүйiктi <<Максимдi>> құшақтап қаза тапты. Оның жанын қиып қорғаған қаласы Невельдiң Приамур көшесi Мәншүк Мәметованың атына көштi>> деген сөздер кеудеде мақтаныш отын маздатады.
<<Ақсақалдың ақ батасын құптаған,
Марқасқалар айтқан сөзін жұптаған.
Есенейге ел билетіп Ұлпандар,
Қобыланды кеңес ал Құртқадан,
Даласы кең осыншама салты бай,
Өле сүйген сүйе алмаған жартылай.
Қажет - жерде батыр қыздар туатын,
Қайран менің қазақ атты халқым-ай>>, -- деп Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай Отанымыздың - өр сезім батыр қыздары. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз -- бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
Ән:Қазақ қызы
1 жүргізуші: Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
1 - 2 жүргізуші: Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел!
1 - Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған <<<<Қаһарман қызы қазақтың>>>> атты кешіміз өз мәресіне жетті. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер!
2 жүргізуші: Қатысқан барлық ұстаздарға, оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін! Жер бетінде соғыс болмасын деп тілейік. Сау болыңыздар!
Анықтама
28.11.2022жылы <<Музей сабақтары мен Театр>> жобасы аясында ,мектепішілік іс-шара өтілді. <<<<Қаһарман қызы қазақтың>> Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналды.

Іс-шара барысында Мәншүк Маметованың өмірбаяны, қаһарман қыздың ерліктері баяндалды.Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі Куланбаеваның дайындауымен <<Мәншүктің жұлдызды сәті>> атты соғыс кезіндегі батыр қыздың жұлдызды кезеңінен 9 ә сынып оқушыларының қатысуымен керемет сахналық қойылым қойылды.Мәншүктің <<Максимі>>қолдан жасалып,Вали Аяжан нағыз батыр қызыды сомдады. Және де Махсет Аселдің орындауында <<Мәншүк манологы>> оқылды.6 б сынып оқушылары Мәншүк Маметованың өмірбаянын көркемдеп көрермендерге жеткізе білді.9 б сынып қыздары батырдың естеліктерін оқыды.Батыр қыздың ерлігі естен кетпестей болды.Осы кешті басынан аяғына дейін 9 сынып оқушылар Шыңғыс пен Темірлан жүргізуші ретінде жандандырып жіберді.Іс-шара жоғарғы деңгейде өтілді.Сахналық қойылымдар әдемі көріністер,кештің керемет өткені болды.
1 жүргізуші: Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
1 - 2 жүргізуші: Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел!
Осындай тілекпен іс-шара өз мәресіне жетті.
Анықтама
21 қараша күні Есік археологиялық өлкетану музейі <<Көне ғасыр шыр шертеді>>атты жылжымалы көрмесі мектепке келді.Мектептің акт залында жәдігерлер қойылды.Кқрме барысында балалар өлкемізден табылған жәдігерлермен танысып,қызықты да пайдалы мағлұмат алды.Музей меңгерушісі Тойжанова Нарима мен Ибраимова Бота ханымдар жәдігерлерді таныстырды.Мектеп бойынша 2-10 сынып оқушылары толығымен мұражай жәдігерлерін тамашалады.Бұл көшпелі көрменің оқушылар алатын пайдасы көп болды.45 - ке жуық жәдігердің шығу тарихымен танысты.Қола дәуірінен бүгінгі күнге дейін сыр шертетін жәдігерлер мен тарих қойнауын аралап шықты.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz