9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Кремний және оның қосылыстары

Барлық оқушы :. Кремний мен оның қосылыстарының формулаларын жазады, қолданылуын және химиялық қасиеттерін білуі керек
Басым бөлігі : Кремний және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерінің сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу
Кейбірі: Кремний қосылыстарының өмірде қолданылуы туралы дәлелдер келтіре алу
Кремний мен оның қосылыстарының формулаларын, қолданылуын біледі, химиялық қасиеттерін сипаттайды
Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырып, іске асыру теңдеуін дұрыс жазады.
Химиялық реакцияның жүру жолын түсіндіріп, өмірде қайда пайдалануға болатынын айтады.
Пән бойынша арнайы лексика және терминология:
Кремнезем, опал, инфузорлы саз, силикагель, етімтал шыны, сұйық шыны, силикаттар.
Құндылықтарды
дарыту
Денсаулық, қоршаған ортаға қамқорлық,
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым -қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік, өмір бойы оқуга дайын болу.
Жаратылыстану, география
Химиялық элементтер. Химиялық элементтердің периодтық кестесі. Күкірт және оның қосылыстары
Ұйымдастыру
кезеңі
10 мин
І. Қызығушылықты ояту
(көрнекілік символдар)
топтарға кремний қосылыстарының қолданылатын жеріне байланысты суреттер таратылады. (Клей, Құм, Цемент)
Бүгінгі тақырыптың "Кремний және кремний қосылыстары" екені айтылады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсаты: Кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру. Өткен тақырыптарды еске түсіру бүгінгі сабақпен байланыстыру.
Стикердегі сұрақ.
1. Кремнийге периодтық жүйе бойынша сипаттама бер
2. Кремнийдің электрондық формуласын қандай?
3. Кремнийдің валентілік электрондар саны нешеге тең?
5. Кремнийдің кристалдық торы қандай?
6. Кремний қайда кездеседі?
7. Кремнийдің қандай қосылыстарын білесіздер?
8. Кремнийге қандай физикалық қасиеттер тән
9Құрылыста қолданылатын кремнийдің қосылыстарын ата.
10. Кремний қандай химиялық қасиеттер көрсетеді?
Осы суреттергі заттардың құрамы неден тұратыны туралы өз ойларын айтады.
Сабақтың мақсатымен танысады
Сұрақтарға жауап береді
Бағалау критериі
Кремнидің қолдану аймағын түсіндіреді
Қолданылуын айтады
Кремнийдің қосылыстарын айтады
Жаңа сабақ
30 мин
Топқа бөлу
Қағаз кесінділері аркылы сыныпты топқа бөлу .
1-топ Оксидтер
2-топ Қышқылдар
3-топ Тұздар
ІІ. Мағынаны тану
Топтық жұмыс
Мақсаты: "Жиксо"әдісі арқылы оқушылар өздеріне берілген мәтіндермен танысып, өзара топ ішінде талқылап, постер жасайды
1-қадам
1-топ. Кремний оксиді туралы зерттейді
2-топ. Кремний қышқылы туралы зерттейді
3-топ Кремний қышқылының тұздары. Силикат өндірісі туралы айтады
ІІІ. Ой толғаныс
Топтық жұмыс
Тапсырма №1 Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар:
кремний → кремний оксиді → натрий силикаты → кремний қышқылы → кремний оксиді
Si → SiO2 → Na2SiO3 → H2 SiO3 → SiO2
1. Si + O2 = SiO2
2. SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O
3. Na2SiO3 + 2HCl = H2 SiO3↓ + 2 NaCl
4. H2 SiO3 → SiO2 + H2O
Тапсырма№2 Өзіндік жұмыс
Кремний хлориді (ІV) SiCI4 - түссіз, ұшқыш сұйықтық. Ақ түтін пайда болуы үшін, бұл сұйықтық бар ыдысты ашу жеткілікті. Булану барысында кремний хлориді (ІV) ауадағы ылғалмен әрекеттеседі:
SiCI4 + 4H2O = H4SiO4 + 4HCI.
Бұл реакцияның нәтижесінде кремний қышқылының (H4SiO4) қатты бөлшектерінен тұратын түтін пайда болады.
Сұрақ: бұл түтінді қайда пайдалануға болады?
Үш топқа отырады
1 қадам.
Оқушылар өздеріне берілген мәтіндермен танысып, өзара топ ішінде талқылап, постер жасайды
2-қадам
"Жиксо әдісі" арқылы топтар бір-біріне барып постерлерін қорғайды. Яғни, өздері жинаған мәліметтермен басқа топтарға барып бөліседі
3-қадам. Тақырып бойынша әр топ екі сұрақтан әзірлеп, топтарда талқылайды.
Дәптерлеріне реакция теңдеулерін жазажы
Оқушылар қойылған сұраққа өз ойларын дәлелмен жеткізеді
Бағалау критерийі Дескриптор
-Кремний оксийдінің формуласын, физикалық, химиялық қасиеттерін зерттейді;
-Кремний қышқылы туралы мәліметтер жинақтайды;
-Кремнийдің тұздары туралы мәліметтер жинақтайды; -Тақырыппен танысады
-Топта талқылайды,
-Постер жасайды,
-Топтарда алған мәліметтерімен бөліседі;
-Сұрақтар қойып, оған жауап алады
ҚБ