Азоттың сутекті қосылыстардың атауы

Күні: 25. 11. 2025
В-22-1
Сабақтың
тақырыбы
Оқу мақсаты:
Әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу
Элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу
Заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
1. Элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктейді
2. Заттарды жай және күрделіге жіктейді
-Білім алушылар химиялық элемент таңбасын жазады.
Химиялық тілде сөйлеу дағдысы қалыптасады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Химиялық элемент, элемент таңбасы, жай зат, күрделі зат, металл, бейметалл
Топтағы диалог:
1. Азот топшасына кіретін элементтерді атаңдар?
2. Азоттың сутекті қосылыстардың атауы?
3. Аммиак қандай зат?
4. Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз.
5. Азоттың маңызды қосылыстары қандай?
6. Нитраттар деген не?
4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген өсу
Білім беру жүйесін жаңгырту, техникалық және кәсіби мамандарды даярлау
Сабақтың басы
Ұйымдастыру
5мин
Сабақтың ортасы
25мин
20мин
«Асық» ойыны арқылы бір-біріне
жақсы лебіздер айтып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Геометриялық фигуралар бөліп аламыз
Үшбұрыш- ақылды, салмақты, білімді
Төртбұрыш- шебер, іскер
Шеңбер- бауырмал, шығармашыл, тындырымды
І. Қызығушылықты ояту.
Тапсырма 1. «Конверттегі сұрақ» әдісі
1. Азот топшасына кіретін элементтерді атаңдар?
2. Азоттың сутекті қосылыстардың атауы?
3. Аммиак қандай зат?
4. Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз.
5. Азоттың маңызды қосылыстары қандай?
6. Нитраттар деген не?
7. Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
8. Азоттың атомдық массасы қанша?
9. Аммоний тұздарына мысал келтір
10. Азот топшасы орналасқан топ нөмері
11. Азоттың Ү валентті оксидіндегі оның тотығу дәрежесі
Дескриптор
1. Азот элементі туралы толық түсіндіріп бере алады
2. Мысалдар келтіре отырып, заттардың құрамын айтады
Топ бойынша өзін-өзі бағалау
Тапсырма 2 « Ойлан тап»
Айналуларды жүзеге асыр.
N
2
NH
3
NO
NO
2
HNO
3
Cu(NO
3
)
2
Тыңдалым 1
«Түртіп алу» әдісі
Азот ( гр. ázōos - тіршіліксіз) - химиялық элемент - түссіз, иіссіз, дәмсіз - суда аз еритін газ. Бұл элемент аминқышқылдарының амидтердің ақуыздардың-нуклейін қышқылдарының-нуклеотидтердің және өмірде өте маңызды басқада көптеген органикалық қоспалардың құрамына енеді. N - элементтердің периодты жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі - 7, атом салмағы - 14. 0067. Табиғатта екі изотопы кездеседі: 14 N (99. 635%), 15 N (0. 365%) .
Азотты 1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы азоттың мөлшері 0. 03% . Табиғатта азот дербес және қосылыстар күйінде кездеседі және негізгі қоры екі атомнан тұратын молекула түрінде ауа құрамында болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75. 6% , көлем үлесі 78. 1% . Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг азоттан келеді, әрі ол бейорганикалық және органикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Оның бейорганикалық қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі) жатады. Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың негізгі қоры барлық тірі ағзалардың ақуыздарында құрамына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне байланысты “тіршіліксіз” деп аталып кеткенімен азот тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты температурада азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау температурасы - 196 °C, қату температурасы - 210 °C. Су бір өлшем көлемінде (20 °C-та) 0. 0154 көлем азот ериді, яғни азоттың суда ерігіштігі оттектің ерігігтігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады
Азот молекуласында екі азот атомы өзара үш еселі байланыспен байланысқан, сондықтан оның химиялық, белсенділігі төмен газ. Азот - 19б°С температурада сұйықка айналады.
Ол тіпті ауадағы күшті тотықтырғыш оттегімен де әрекеттеспейді, бірақ найзағай отында мына реакция жүреді: N 2 + О 2 = 2NO
Азоттың маңызды қосылыстары селитралар : NaNО 3 (чили селитрасы), KNO 3 (үнді селитрасы) . Топырақта нитраттар күйінде кездеседі. Өсімдік пен жануарлар ағзасында маңызды рөл атқарады
Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды элемент. Ауа азотын сіңіре алатын кейбір азот бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Электрон беріп немесе қосып алып, -3 дәрежесі +5 түріндегі жай зат түзеді. Жануарлар организмінде азот мөлшері 1%-дан 10%-ға, ал малдың мүйізінде, жүнінде 15%-ға дейін жетеді. Азот адам денесінің 3%-ын құрайды. Адам азотты ауадан емес, азотты қосылысы бар тағамдар арқылы алады. "Нәруызсыз тіршілік жоқ, азотсыз нәруыз жоқ" деген қағидалы сөз осының дәлелі болса керек.
Aзот химиялық реакцияларда әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш. Азот оттегімен, фтормен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болса; фосформен , сутегімен , алюминиймен әрекеттескенде тотықтырғыш болады. Азот молекуласы өте берік болуына байланысты реакцияга түсу қабілеті төмен, химиялык енжар зат. Жоғары температура мен кысымда, өршіткі ( катализатор ) қатысында азот сутекпен тікелей әрекеттесіп, аммиак түзеді:
N2 + 3H2 = 2NH3
Бос күйдегі азот оттекпен электр ұшқыны кезінде әрекеттеседі. Табиғатта бұл реакция найзағай жарқылдағанда жүреді:
N2 + О2 = 2NO
Бөлме температурасында азот тотықтырғыш ретінде тек металл литиймен әрекеттеседі:
N2 + 6Li = 2Li3N
Қыздырғанда басқа металдармен де осылайша әрекеттеседі:
3Mg + N2 = Mg3N2
Азот химиялық синтезде инертті атмосфера жасау үшін пайдаланылады. Тоңазытқышта, медицинада , аммиак алу үшін қолданылады. Сұйық азот салқындаткыш жүйелер саласында кеңінен қолданылады. Азот, негізінен, аммиак алуға, одан әрі азот қышкылы және азот тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. Азотты салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де пайдаланады (электр лампасын толтыруға, т. б. ) .
«Кім көп біледі»- әдісі бойынша
Дескриптор:
1. Мәтінді тыңдайды, керекті мәліметтерді түртіп алады
2. Латын, қазақ тілінде элементті атап, таңбасын жазады
Смайликтер арқылы бағалау
Тапсырма 3 Есептер шығару
NH 4 Cl-ғы азоттың массалық үлесін тап?
(NH 4 ) 2 SO 4 -гі азоттың массалық үлесін тап?
NH 4 NO 3 -гі азоттың массалық үлесін анықта?
(NH 4 ) 3 РO 4 -гі азоттың массалық үлесін тап?
Дескриптор.
Азоттың массалық үлесін табуды үйренеді.
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау
Асық
Геометриялық
фигуралар
Конверт
Ноутбук
«Қара жорға»
Нұсқау беру және түсіндіру
Менделеев периодтық кестесі
Смайликтер
Оқулық
Тапсырма 4
Асулардан асайық
№1. 17 г аммиак түзілу үшін қанша литр сутек /қ. ж. / реакцияға түседі?
№2 5т. (NH 4 NO 3 ) алу үшін /қ. ж. / қажетті аммиактың көлемі мен массасын тап?
«Бағдаршам» арқылы бағалау
Кері байланыс .
«Шахмат
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz