Температура тобы

ҚР Білім және ғылым министрі
16. 09. 2021 ж. № 472 Бұйрығына4-қосымша
06. 04. 2020 ж. №130 бұйрығына 4-қосымша

Приложение 4к приказу МОН РКот 6 апреля 2020 года № 130

от 16 сентября 2021 года№ 472

Форма

Алматы қаласының Білім басқармасы

«ҚАЗБСҚА Колледжі - Мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Оқу сабағының жоспары (Белсенді үлестірме материал)

(теориялық немесе өндірістік оқыту)

Накискожаева Жаудир Романовна

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Рыскулбекова 28

ҚАЗБСҚА Колледжі - Мектебі

Физика пәнінің жоғары санатты оқытушысы

І. Бөлім Сабақты жоспарлау

Оқу сабағының жоспары:
№ 4
Мерзімі:
« 21 » қыркүйек 2022 ж. /г.
Оқу сабағының жоспары:: Сабақ тақырыбы:
№ 4:

II Бөлім. «Жылулық физика».

Сабақтың тақырыбы: «Молекулалы-кинетикалық теория негіздері»

Оқу сабағының жоспары:: Модуль /пән атауы:
№ 4: «Физика»
Оқу сабағының жоспары:: Педагог дайындады:
№ 4: Накискожаева Жаудир Романовна
Оқу сабағының жоспары::
  1. Жалпы мәліметтер:
№ 4: Курс 1 Топ КГМД(4S) 22-1 *
Оқу сабағының жоспары:: 2. Мақсаты, міндеттері:
№ 4:

Идеал газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы тарауы бойынша студенттердің білімін пысықтау.

Теориялық алған білімдерін практикада қолдану.

Оқу сабағының жоспары::
  1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретінкүтілетін нәтижелержәне (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі.
№ 4:

1. Газдардың молекулалық - кинетикалық теория негіздерін біледі.

2. Молекулалық-кинетикалық теорияның мағынасын ашып көрсетеді.

3. МКТ-ның негізгі теңдеулерін, идеал газ күй теңдеуін есептер шығаруға пайдаланады.

4. МКТ негізгі теңдеуіне кіретін шамалардың газ қысымы өзгергенде қалай өзгеретіндігін көрсетеді.

5. Өз беттерімен формуланы қорытады.

6. Формуланы қолданып, есептер шығара алады.

Оқу сабағының жоспары:: 4. Бағалау критерийлері:
№ 4:

1. Молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы мен температураның байланысын сипаттайды;

2. МКТ негізгі теңдеулерін есептер шығаруда қолданады.

3. Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолданады;

4. Газ заңдарын сандық және графиктік есептерді шығаруда қолданады.

Оқу сабағының жоспары:: 5. Сабақтың түрі:
№ 4: Жалпылау және жүйелеу сабағы
Оқу сабағының жоспары:: 6. Әдіс -тәсілдер
№ 4:

Белсенді және интерактивті әдістер:

«Миға шабуыл», «Кубизм әдісі», Ж. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы.

Оқу сабағының жоспары:: 7. Пәнаралық байланыс
№ 4: Математика, химия, биология.
Оқу сабағының жоспары:: 8. Қажетті ресурстар:
№ 4:
  1. Интерактивті тақта.
  2. Мультимедиялық проектор.
  3. Дербес компьютер, ноутбук, смартфон.

4. Оқу бейнефильмдері, презентациялар:

Бейне-материалдар:

  1. bilimland. kz, itest. kz ресурстарымен өзіндік жұмыс

5. Деңгейлік тапсырмалар

6. Б. Кронгарт Оқулық Физика 10, 1 бөлім. Мектеп. 2019.

Оқу сабағының жоспары:: 9. Сабақтың барысы:
Оқу сабағының жоспары:: Сабақтың кезеңі / уақыт
№ 4: Жоспарланған қызмет
Мерзімі:: Қажетті ресурстар
Оқу сабағының жоспары::

I. Ұйымдастыру кезеңі.

(2 мин. )

№ 4:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Көңіл көтеру.

3. Топқа бөліну.

4. Оқу құралдарын тексеру

Мерзімі:: Презентация, бағалау парағы
Оқу сабағының жоспары::

II. Білімді өзектендіру

(3 мин. )

№ 4:

1. Оқытушының сөзі (сабақтың мақсатымен таныстыру) .

2. Тапсырма

3. Негізгі физикалық терминдерді ұғыну.

4. Формулаларға көңіл бөлу. Жаңа формулаларды жазу.

Мерзімі:: 1. Интерактивті тақта. Сабақтың презентациясы.
Оқу сабағының жоспары::

III. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін қалыптастыру.

( 30 мин. )

№ 4:

Тапсырма 1 . «Қара жәшік» Жәшіктің ішіндегі ғалымның суреті бойынша оның кім екенін және МКТ- ға қатысты еңбегі қандай, негізгі қағидаларын атап шығу.

Тапсырма 2 . «Ойланайық, ойлайық» тақтада көрсетілген суретке қарап әрбір топ бір біріне тақырыпқа сай сұрақ қою және оған нақты жауап беру

Тапсырма 3 . «Сиқырлы текше» Текшенің алты жағы бойынша әрбір топ өздеріне қатысты сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Тапсырма 4 . «Ізден, талпын» Сәйкестікті табу, физикалық диктантты аяқтау, формулаларды жазу бойынша әр топ постер қорғайды.

Мерзімі::

Білім беру өнімін құру бойынша нұсқаулық D3 сабақ картасы

Дидактиктикалық үлестірмелі материалдар.

Оқу сабағының жоспары:: IV. Дағдылар мен дағдыларды қалыптастыру. (10 мин)
№ 4:

«Біліміңді шыңдай түс».

Топ мүшелері деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Мерзімі::

Дидактикалық материалдар жинағы.

itest. kz ресурстары

Оқу сабағының жоспары::

V. Үй тапсырмасы туралы ақпарат.

(1 мин. )

№ 4:

Қиындық деңгейлері бойынша үй тапсырмасын орындау түсіндіру.

А. П. Рымкеевич физикадан есептер жинағынан № 2. 335; 2. 336; 2. 337

Мерзімі:: А. П. Рымкеевич физикадан есептер жинағы. 2019//http://expert. mektep. kz/ru/shop/105048-10_klass_jem/117119-russkij_jazyk_10/1
Оқу сабағының жоспары:: VI. Сабақты қорытындылау/ бағалау (2 мин. )
№ 4: Білім алушылар сабақтың бағалау картасымен және / немесе сабақтың бағалау парағымен жұмыс істейді.
Мерзімі:: Бағалау парағы
Оқу сабағының жоспары:: VII. Рефлексия (2 мин. )
№ 4: Топтарға «БББ» Бәрін білгім келеді кестесін толтырту, рефлексиялық әсерлерімен бөліседі.
Мерзімі:: «БББ» Бәрін білгім келеді кестесін толтыру.

ІІ. Бөлім :

Дидактикалық материал №1.

Тапсырма 1. «Қара жәшік» Жәшіктің ішіндегі ғалымның суреті бойынша оның кім екенін және МКТ- ға қатысты еңбегі қандай, негізгі қағидаларын атап шығу.

Дидактикалық материал №2. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ»

Тақтада көрсетілген суретке қарап әрбір топ бір- біріне тақырыпқа сай сұрақ қою керек және оған нақты жауап беру керек.

1. Сұрақ

- Неліктен суық аймақтарда сыртқы ауаның температурасын өлшеу

үшін сынап емес спирт термометрін қолданады?

Жауап. Спирт өте төмен температурада қатады. Сондықтанда атмосфералық жағдайдағы төменгі температура спиртке әсер етеді. Сынап төменгі температурада өзінің қасиетін өзгертеді.

Сондықтан сынапты термометр төменгі температураны өлшемге жарамсыз.

Спиртовой термометр медицинского оборудования. здоровая концепция | Премиум векторы

2. Сұрақ

- Таза немесе күйе шәйнектердің қайсысында қайнаған су тез салқындайды?

Жауап. Кір шәйнек сәулені көп сіңіретін болса, онда ол сәулені де көп шығарады. Олай болса күйе шәйнектегі қайнаған су тез салқындайды.

С мятой или маслом яка? Как пьют чай в разных странах - ФОТО

3. Сұрақ

- Суық күндері бөлме терезелерінің ішкі жағына неліктен тамшылар

жиналады?

Жауап. Бөлме ішіндегі су буы молекулалары бейберекет қозғалыс кезінде терезеге соққан кезде бойындағы энергиясын өзінен салқын терезе шынысына беріп конденсацияланады. Уақыт өтуіне байланысты бірте - бірте су молекулалары молайып тамшыға айналады.

Дождливый, капля дождя, дождь, стакан, окно, задний план, время года. | CanStock

Дидактикалық материал №3. « Сиқырлы текше» Кубизм әдісі

Текшенің алты жағы бойынша әрбір топ өздеріне қатысты сұрақтарға жазбаша жауап береді.

/әрбір топтың алты сұраққа жауабы үш минуттан аспау керек /

1. Диффузия дегеніміз не?

(Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының арасына ену құбылысы)

2. Судың қайнау температурасы? / 100 0 С /

3. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? ( моль )

4. Көлем тұрақты, V=const ал T - температура мен P-қысым өзгеретін термодинамикалық процесс. / изохоралық процесс/

5. Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал? ( термометр )

6. Табиғаттағы ең төменгі шекті температура? ( Абсолют нөл температура, яғни

- 273К, 15 0 С)

7. Затты бір агрегаттық күйден 2-ші агрегаттық күйге қалай көшіреміз?/ Оған энергия береміз, не болмаса одан энергияны аламыз. /

8. Қысымы тұрақты, ал температура мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесс?

/ изобаралық процесс /

9. Температурасы тұрақты, ал кысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесс?

/ изотермалық процесс /

10. Макроскопиялық параметрлерге қандай параметрлер жатады?

( қысым, көлем, температура)

11. Цельсий шкаласы бойынша t=27 0 C қандай температураға сәйкес келеді? ( 300K )

12. Дені сау адам денесінің абсолюттік температурасы қаншаға тең?

Т=T 0 +t=273 0 +36, 6 0 =309, 6 K

13. Зат өзінің көлемін және пішінін сақтаса ол қандай күйде болғаны ?(қатты )

14. Дене өзінің көлемін сақтамайды, берілген көлемді түгел қамтиды. Осы денені құрайтын зат қандай күйде? ( Газ)

15. Больцман тұрақтысының мәні:( 1, 38*10 -23 Дж/К )

16. Авогадро саны неге тең?( 6, 02*10 23 моль -1 )

17. Идеал газ күйінің теңдеуі қалай аталады? ( Менделеев Клапейрон теңдеуі деп аталады)

18. Идеал газ қысымы қандай шамаларға тәуелді болады? ( молекула массасына, м олекула концентрациясына және оның орташа жылдамдығына)

Дидактикалық материал №4. «Ізден, талпын»

«Қысым» тобы. Сәйкестікті табу.

«Көлем» тобы. Физикалық диктантты аяқтау.

«Температура» тобы. Формулаларды жазу.

Физикалық диктант

  1. Молекула-кинетикалық теорияның дамуына үлес қосқан ұлы орыс ғалымы . . . М. С. Ломоносов
  1. Зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясы негізіне . . . үш қағида алынады .
  2. Заттың . . . массасы деп бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасын айтамыз. Мольдік
  3. Газдар шексіз ұлғаяды. Олар пішінін де, . . . де сақтамайды.

көлемін

  1. Температура -молекулалардың орташа . . . энергиясының өлшеуіші.

Кинетикалық

  1. Мольдік масса . . . әрпімен белгіленеді. М
  2. Авогадро тұрақтысы . . . ≈ 6·1023моль-1.
  3. Дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамаларды . . . параметрлер деп атайды. макроскопиялық

«Сәйкестікті тап»

Қандай физикалық шамаға қандай өлшем бірлік пен формула сәйкес келеді.

Физикалық шамалар
Өлшем бірліктер м
Физикалық шамалар: m
Өлшем бірліктер м: H
Физикалық шамалар: N A
Өлшем бірліктер м: 1, 38⋅10 −23 Дж/K
Физикалық шамалар: P
Өлшем бірліктер м: К
Физикалық шамалар: n
Өлшем бірліктер м: кг
Физикалық шамалар: V
Өлшем бірліктер м: 6, 02⋅10 23 моль −1 .
Физикалық шамалар: k
Өлшем бірліктер м: 8, 31 Дж/(моль·K)
Физикалық шамалар: R
Өлшем бірліктер м: м -3
Физикалық шамалар: T
Өлшем бірліктер м: Па
Физикалық шамалар: F
Өлшем бірліктер м: м -3

«Формуланы жалғастыр»

Физикалық шамалар
Формулалар
Физикалық шамалар: P=
Формулалар:
Физикалық шамалар: P=
Формулалар:
Физикалық шамалар: P=
Формулалар:
Физикалық шамалар: T=
Формулалар:
Физикалық шамалар: M=
Формулалар:
Физикалық шамалар: V=
Формулалар:
Физикалық шамалар: M=
Формулалар:
Физикалық шамалар: N=
Формулалар:
Физикалық шамалар: R=
Формулалар:
Физикалық шамалар: n=
Формулалар:

Сабақты қорытындылау. « Біліміңді шыңдай түс!»

Деңгейлік тапсырмалар

А. Стаканға 180 г су құйылады. Стаканда қанша су молекуласы бар?

В. Алмаздың тығыздығы 3500 кг/м3. Бұл заттың 10 22 атомы қандай көлемді алады?

С. 5 • 10 6 Па қысымында 1 литрлік ыдыста орналасқан 64 г оттегінің температурасын анықтаңыз. Оттегінің молярлық массасы М = 0, 032 кг/моль

Үйге тапсырма. Формулаларды есте сақтаую А. П. Рымкеевич физикадан есептер жинағынан № 2. 335; 2. 336; 2. 337 есептерін шығару.

Білімді бағалау. (бағалау парағы бойынша)

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Ұқсас жұмыстар
Қмж. булану және конденсация
Термодинамика негіздері тақырыбына есептер шығару. 10 сынып
Сұрақтар материкті
Атмосфера тақырыбын қорытындылау географиялық КТК (көңілді тапқырлар клубы)
Түзеткіштер
Абиотикалық факторлар
Таңғажайып елінде. саяхат сабақ
Молекулалық- кинетикалық теория негіздері (МКТ) тақырыбын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайталау
Физикалық бәйге. 7-8 сынып
Сырлы сауал сұрақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz