Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүзім аурулары

|Пән аты: |Сабақ тақырыбы: Жүзім аурулары |
|Жалпы ж/е | |
|ауылшаруашыл| |
|ық | |
|фитопатологи| |
|ясы | |
|Өткізу |Оқытушы: : Сахова Салия Егембергенқызы. Ұялы тел: №87078701850; |
|мерзімі: |87716121166.saliya.saxova.90@mail.ru |
|05.12.2019жы| |
|л | |
|Тобы: |3-курс. Агрономия «А» (9). «Өсімдіктерді қорғау бойынша агроном». |
|Сабақтың |Б Білімділік: жүзім дақылының ауру түрлерімен танысу, зияндылығын |
|мақсаты: |аанықтау,күресу шараларының мерзімін,тәсілін анықтау |
| | |
| |Дамытушылық: Студенттердің ізденіс қабілеттерін дамыту,өз бетінше |
| |жұмыс жасай алуға дағдыландыру. |
| |Тәрбиелік: дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет - ғұрпын құрметтей |
| |білетін, жан - жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу. |
|Тірек |Жүзім аурулары - болезни винограда - diseases of grapes; |
|сөздер: |Саңырауқұлақты ауру - грибные болезни - fungal diseases; |
| |Ауру қоздырғышы - возбудитель болезни - сausative agent; |
|Сабақтың |Аралас сабақ |
|түрі: | |
|Сабақтың |Сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау,пысықтау,қорытындылау. (СТО |
|тәсілі: |технологиясының және Модульдік оқыту технологиясының ойын |
| |элементтері) |
|Пәнаралық |Өсімдік шаруашылығы,энтомология,биология,ботаника,егіншілік |
|байланыс: |топырақтану негіздерімен. |
|Көрнекі |«Есеп ағашы», ҚР картасы,презентация,плакаттар, «Ыстық орындық», |
|құралдар: |жүзім түрлері,жүзім өнімдері. |
| | |
|Сабақтың барысы: |
|Жоспарлан |Жоспарланған жұмыс түрлері |Көрнекі |
|ған уақыт | |құралдар |
| |1.Ұйымдастыру бөлімі. | |
|2-3минут |а) Сабақта жоқ оқушыларды тізімі бойынша белгілеу. | |
| |б) Дәрісхананың және оқушылардың сабаққа дайындығын | |
| |тексеру. | |
| |в) Оқушылардың өткен сабақтан түсінбеген сұрақтарына | |
| |жауап беру. | |
| |г) Оқушыларға сабақтың мақсатын баяндау. | |
|25-30 минут |2.Өткен сабақты қайталау.Топ екіге бөлінеді студенттер |Слайдтар |
| |өз топтарына өздері ат қояды және өздерінің ұрандары | |
| |болады,дұрыс жауаптар смайликтер арқылы бағаланады. | |
| |1. Оқытушының кіріспе сөзі. | |
| |Сабағымызды Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың | |
| |жолдауындағы мына бір сөзімен бастағанды жөн көрдім, | |
| |«Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен | |
| |экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет. | |
| |Бұл бүкіл әлемге танылатын "Қазақстанда жасалған" | |
| |табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге | |
| |мүмкіндік береді.” | |
| |“Ауылшаруашылығы саласы –экономикамыздың драйверіне | |
| |айналуы тиіс.» - ендеше ауылшаруашылығының қарқынды | |
| |дамуы тек өзіміз үшін ғана емес,сонымен қатар еліміз | |
| |үшін де игі істердің бірі болмақ. | |
| |Біздер болашақ маман ретінде осы орайда қандай істер | |
| |атқаруымыз мүмкін?-деген заңды сұрақ туындайды, әрине | |
| |бұл сұрақтың жауабы біреу,яғни білікті маман болу. Бұл | |
| |үшін біздер ауылшаруашылық дақылдарын «Өсімдік қорғау | |
| |бойынша агроном» ретінде зиянды ағзалардан,аурулардан | |
| |және арамшөптерден қорғау жолдарын жақсы білуіміз шарт.| |
| | | |
| |Олай болса, «Жалпы және ауылшаруашық фитопатологиясы» | |
| |пәнінен өткен сабағымыздағы мәліметтерді еске түсіріп | |
| |алсақ. | |
| | | |
| |Өткен сабағымыз «Қарақат аурулары» туралы оқып келу | |
| |тапсырмасы берілген болатын. Үй тапсырмасын еске түсіру| |
| |үшін «Есеп ағашы», «Ыстық орындық», «Сөз моншақ» | |
| |әдістерін қолданып, үш түрлі кезеңдік тапсырмалар | |
| |орындаймыз. | |
| |1-кезең. Есеп ағашы | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Студенттер бос орындарға алма формасындағы стикерлерге | |
| |Оқытушының дайындап берген сұрақтарын жазып іліп | |
| |шығады. Сұрақтар ілініп біткен соң қарсы топтан | |
| |кезектесіп студенттер шығып,осы сұрақтарды оқып, жауап | |
| |береді. Екі топ бір-бірінің сұрақтарына осылайша жауап | |
| |беру арқылы өткен сабақты естеріне түсіреді,дұрыс жауап| |
| |берген студентке смайлик беріп отырылады. Әр командаға | |
| |3 сұрақтан беріледі. Команданың бір өкілі жауап | |
| |береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын | |
| |қадағалап отырады. Сұрақтар тізімі: | |
| | | |
| |1.Қарақаттың ақ ұнтағы ауруы өсімдіктің қандай | |
| |мүшелерін залалдайды? (жапырағы, жас өркендерінің ұшы,| |
| |бүршіктері, кейде жидектері) | |
| |2.Қарақаттың ақ ұнтағы ауруының ауру қоздырғышы | |
| |қандай?( Sphaerotheca mors-uvae Berk. et Curt. | |
| |саңырауқұлағы) | |
| |3.Қарақаттың ақ ұнтағы ауруының дамуына қолайлы | |
| |ылғалдылық қандай? | |
| |((90-100%) және 17-280С температура қолайлы жағдай | |
| |туғызады). | |
| |4.Антракноз ауруының ауру қоздырғышы қандай? | |
| |(Ауру қоздырғышы – Gloeosporium ribis Mont. Et Desm.- | |
| |конидиялы, ал қалталы кезеңі – Pseudopeziza ribis Kleb.| |
| |саңырауқұлағы.) | |
| |5. Қарақатың антракноз ауруының белгілері қандай? | |
| |(Жапырақ сағақтары мен жас өркенде майда, қоңыр түсті | |
| |ойық жаралар түзіледі. Жидектегі жеке-жеке орналасқан | |
| |майда жаралардың түсі қоңыр-сұр, пішіні дөңгелек, | |
| |қабыршақ тәрізді болады) | |
| |6. Антракноз ауруының саңырауқұлақтарының дамуына | |
| |қолайлы инкубациялық кезең қанша күн? | |
| |(Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы 16-200С температурада | |
| |инкубациялық кезең – 8-12 күн) | |
| |7. Септориоз (ақ дақ) ауруы неге градуста және | |
| |ылғалдылықта дамиды? | |
| |(Саңырауқұлақтың дамуына 18-250С температура және | |
| |50-60% ылғалдылығы қажет.) | |
| |8. Септориоз ауруының өсімдікке залалы қандай? (Ауруға | |
| |шалдыққан жапырақтардың ассимиляциялық көлемі | |
| |кішірейіп, мезгілсіз түсіп, жидек өнімі және оның | |
| |сапасы төмендейді. Бір жылдық өркендердің өсуі | |
| |саябырлайды.) | |
| |9. Бағаналы тат өсімдіктің қайсы мүшесін зақымдайды? | |
| |(жапырақтары) | |
| |10. Бокалды тат ауруның залалы қандай? | |
| |(Аурудың әсерінен өркендер қисайып, сынып, жидек өнімі | |
| |күрт төмендеп, оның тауарлық сапасы кемиді.) | |
| |11. Түктілік (реверсия) аурының ауру қоздырғыштары | |
| |қандай? | |
| |(микоплазмалық организмдер) | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |12.Бұл қандай ауру? | |
| |(Бокалды тат) | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |13.Бұл қанадй аурудың түрі? | |
| |(Ақ ұнтақ (американдық) | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |14.Ақ ұнтақ ауруының залалы қандай? | |
| |(Аурудың әсерінен өсімдікте жидек байланбай, өнім | |
| |едәуір төмендейді. Кеселге шалдыққан түптерді жою | |
| |қажет) | |
| | | |
| |2-кезең. «Ыстық орындық»- ойыны. Екі топтан кезектесіп | |
| |студенттер орындыққа отырады ол студентке оқытушы өткен| |
| |тақырыптан сандар бойынша сұрақтар қояды,жауап бере | |
| |алмаған жағдайда отырған студент күйген болып | |
| |есептеледі,ал дұрыс жауап берген студентке «Смайлик» | |
| |беріліп отырады. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Аскоспоралармен залалданғанда инкубациялық кезең – | |
| |...-... (– 7-9) күн, ал конидиялармен ... – ... (3– 4) | |
| |күн. Жақсы өсіп өркендеген өсімдіктер ауруға төзімді | |
| |келеді. Саңырауқұлақтың қарқынды дамуына жоғары | |
| |ылғалдылық- ...-...% (90-100%) және ... | |
| |-...0С(17-280С) температура қолайлы жағдай туғызады.| |
| | | |
| |Антракноз ауруының саңырауқұлақтарының дамуына қолайлы | |
| |...-...0С(16-200С) температурада инкубациялық кезең | |
| |–...-... (– 8-12) күн. | |
| |Септориоз ауруының ауру қоздырғышының инкубациялық | |
| |кезеңі жоғарғы жапырақтарында | |
| |–...-...күн (8-10), ал төменгілерінде - өте қысқа | |
| |мерзімде ...-... күн (3-5) өтеді. Саңырауқұлақтың | |
| |дамуына ...-...(18-250С) температура және ...-... | |
| |(50-60%) ылғалдылығы қажет. | |
| |4.Көктемгі ылғалы мол ... % (100), жылы ...-... 0С | |
| |(17-24) ауа райында кесел қарқынды дамиды. | |
| |5.Түктілік (реверсия) ауруының белгілері көктемде | |
| |білінеді. Залалданған өсімдіктің бүршіктері сауларына | |
| |қарағанда ...-... (7-10) күнге кешігіп ашылады, | |
| |сондай-ақ оның гүлдеуі де мерзімінен кешігеді. | |
| |6. Американдық ақ ұнтақ ауруының ауру қоздырғыштың | |
| |дамуына қолайлы жағдай – ...-...(17-280С) температура | |
| |және және ...-... (90-100%) ылғалдылық. Инкубациялық | |
| |кезең – | |
| |...-...(12-14), кейде ...-... (3-4) күн. | |
| | | |
| |3-кезең. «Сөз моншақ» әдісі арқылы студенттер қарақат| |
| |аурулары туралы білімдерін бекітеді, студенттер топ | |
| |бойынша дөңгелек болып тұрып, қарақат ауруларының атын| |
| |айтып келесі студент өзінен алдын айтқан студенттің | |
| |сөзін қосып айтады, осылайша олар барлығы аурулардың | |
| |аттарын қайталап шығатын болады,бұл «Сөз моншақ» әдісі | |
| |олардың есте сақтау қабілеттерін арттыруға жақсы жәрдем| |
| |береді. | |
| | | |
| | | |
|35-40 минут |3. Жаңа сабақты баяндау. | |
| |Жоспар: | Ауруға |
| |Жүзімнің ауру түрлерімен танысу. |шалдыққан |
| |Жүзім ауруларының зияндылығын анықтау. |жүзім |
| |Жүзім ауруларымен күресу шараларын,мерзімін анықтау. |суреттері, |
| |Милдью -жапырақ бетінде ашық-жасыл, сарғыш түсті, |бүріккіш |
| |дөңгелек майлы дақтар пайда болады. Бірнеше күннен |құрал,пестиц|
| |кейін жылы, ылғалды ауа райында дақтың астыңғы бетінде |идтер,маска,|
| |ақ ұнтақ өңез пайда болып, ал құрғақшылықта – |резіңке |
| |түзілмейді. |қолғап. |
| |Дақтар өсе келе қосылып, жапырақ қоңырл анып, қурайды. | |
| |Жетілген жапырақтардағы дақтар бұрышты, хлорозды | |
| |ұлпамен жиектелген. Залалданған жапырақтар қурап, | |
| |түседі. | |
| |Өркендерде түзілген дақтар ұзынша, қоңыр-сұр түсті, сәл| |
| |ішке қарай басылған, олар ылғалды ауа-райында ақ | |
| |өңезбен жабылады. Ауруға шалдыққан өркендер | |
| |деформацияланып, қисайып, жапырақтары түсіп қурайды. | |
| |Гүлдеуге дейін ерте залалданған гүл шоғыры қоңырланып, | |
| |қурап, түйіндері түседі.. Гүлдер сирек залалданады, | |
| |бірақ гүл сағағы ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл жағдайда | |
| |залалданған бөлік қоңырланып, қурайды да, гүлдері түсіп| |
| |қалады. Ылғалды ауа райында олардың үстінде мол ақ өңез| |
| |пайда болады. | |
| | | |
| | | |
| |Милдью | |
| |Оидиум (ақ ұнтақ) | |
| |Ауру республикада кең таралған, бірақ оңтүстік және | |
| |оңтүстік-шығыста аса зиянды. Өсімдіктің барлық жер | |
| |үсті бөлігі ауруға шалдығады. | |
| |Жапырақтың үстіңгі бетінде сұрғылт жеңіл өңез пайда | |
| |болып, өсе келе жапырақтың астыңғы бетіне, сағағына, | |
| |кейін өркеніне таралады. Соңыра залалданған жапырақта | |
| |қоңыр, жансызданған ұлпа бөліктері пайда болады. | |
| |Залалданған жапырақтар сынғыш келіп, шеті жоғары | |
| |қайырылып, қурайды. | |
| |Кеселге шалдыққан өркен бетінде өңез пайда болып, | |
| |астындағы ұлпалар қоңырланып, жайылған дақ түзіледі. | |
| |Күзге қарай өңез тығыздалып, өркендер қызыл-қоңыр түске| |
| |енеді. | |
| |Жидек беті ақ ұнтақ өңезбен жабылып, оның астында майда| |
| |дақтар пайда болады. Ерте залалданған жидектердің өсуі| |
| |тежеліп, қурап, вегетацияның соңына дейін өсімдіктен | |
| |түспейді. Кеш залалданған жидектер жарылып, ішіндегі | |
| |тұқымы көрініп, олар басқа микроорганизмдердің әсерінен| |
| |шіриді. | |
| |Ауру қоздырғышы – Uncinula necator Burril. | |
| |саңырауқұлағы (53-сурет). Жіпшумақ залалданған мүшеде | |
| |дамып, үстінде мол конидия тасушылар түзеді. Олар ауа | |
| |толқынмен оңай жеңіл таралып, тіршілігі 6 сағатқа | |
| |созылады. Конидиялар жіпшеге өніп, одан жіпшумақ дамып,| |
| |аппрессорийларымен ұлпаға тіркеліп, олардан клетка | |
| |ішіне гаусториялар еніп, саңырауқұлақты | |
| |қоректендіреді. Инкубациялық кезеңі ауа райына | |
| |байланысты 4-12 күнге созылады. Саңырауқұлақтың дамуына| |
| |қолайлы температура – 20-250С және 50-80% | |
| |ылғалдылық. | |
| |Күзде жапырақтар мен өркендерде клейстотецийлер | |
| |түзіледі, бірақ олар тез ыдырап, инфекцияны таратуда | |
| |маңызды орын алмайды. Саңырауқұлақ жіпшелері қабық | |
| |астында, бүршіктерде, өркен көзшелерінде қыстап | |
| |шығады. | |
| |Республиканың оңтүстік-шығысында аурудың алғашқы | |
| |белгілері шілде айында, ал қоздырғыштың дамуына | |
| |қолайсыз жылдары тамыздың екінші жартысында білінеді. | |
| |Ауру өте зиянды. Кейбір жылдары өнімнің 30-50%, ал шара| |
| |қолданбаған жағдайда түгел жойылуы мүмкін. Егер ауру | |
| |бірнеше жыл қатарынан дамыса, онда жүзімдіктер әлсіреп,| |
| |өркендері нашар дамып, жетілмей, қурап, алғашқы күзгі | |
| |суықта (-2, -30С) үсікке шалдығады.Жүзім түптерінің | |
| |өнімі төмендеп, қысқы қолайсыз жағдайлардан толық | |
| |жойылады. Залалданған жидектер шарап өндіруге жарамсыз | |
| |болады. Ауруға шалдыққан жидектердің қанттылығы азаяды.| |
| |Ерте пайда болған аурудың зияндылығы артады. Кеш | |
| |залалданған өсімдіктің жапырағы мен шиені (жас өркені)| |
| |ауруға шалдығып, бірақ жидектері сау қалады. | |
| | | |
| | | |
| |Оидиум (ақ ұнтақ) | |
| |Антракноз | |
| |Кесел республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында | |
| |аймақты таралған. Өсімдіктің барлық жер үсті бөліктері,| |
| |әсіресе жас өркендері ауруға шалдығады. | |
| |Жапырақта алғаш сәл көрінетін ашық-қоңыр, ұсақ жайылған| |
| |дақтар пайда болып, ұлғайып, қоңыр-сұр түске айналып, | |
| |күлгін-қызыл жиекпен жиектеледі. Ауруға шалдыққан | |
| |ұлпалар үгітіліп тесіліп, ал жүйкесі залалданған | |
| |жапырақ қурап түседі. | |
| |Гүл шоғырының күлте жапырақтарында дөңгелек қара | |
| |дақтар, ал гүл сағақтарында ойық жаралар пайда болады. | |
| |Жидектегі дақтар дөңгелек пішінді, қоңыр-қызыл немесе | |
| |қара жиекті, ортасы сұрғылт немесе қоңыр түсті, сәл | |
| |басылған болып келеді. Мұндай жидектер бір жақты | |
| |қисайып өсіп, тез жансызданып, қурап, гүл шоғында | |
| |ілініп тұрады, бірақ жеуге жарамайды. | |
| |Өркендерде алғаш қоңыр дақ пайда болып, кейін ортасы | |
| |басылып, ойық жараға айналады. | |
| |Ауру қоздырғышы – Gloeosporium ampelophagum Sacc. | |
| |саңырауқұлағы (54-сурет). Конидиялары 11-400С | |
| |температура аралығында өнеді. Жиі жаңбыр мен 24-300С | |
| |температурада саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 3-4 | |
| |күн. Саңырауқұлақ жіпше, пикнида, склероций түрінде | |
| |залалданған бөліктерде қыстайды. | |
| |Республика жағдайында ауру вегетацияның бірінші | |
| |жартысында, әсіресе гүлдеу кезеңінде қарқынды дамиды. | |
| |Жаздың екінші жартысында өсімдік жапырақтары мен | |
| |ұлпаларының ескіруінен және жауын-шашынның тапшылығынан| |
| |аурудың дамуы тежеледі. | |
| |Кесел әсерінен өсімдіктің ассимиляциялық көлемі | |
| |кішірейіп, залалданған өркендер нәзіктеніп, оңай сынғыш| |
| |келеді. Қатты залалданғандары қурап, жидектерінің | |
| |тауарлық сапасы төмендейді. | |
| | | |
| | | |
| |Антракноз | |
| | | |
| |Церкоспороз | |
| |Кесел республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде | |
| |таралған. | |
| |Ауруға өсімдіктің негізінде жапырақтары шалдығып, ал | |
| |басқа мүшелері сирек залалданады. Жапырақтың астыңғы | |
| |жағында майда жүйкелермен жиектелген дақтар пайда | |
| |болады да, беті зәйтүн түсті өңезбен жабылады. | |
| |Залалданған .ұлпалар кейін сарғайып, қоңырланады да | |
| |жапырақтың үстіңгі жағында да білініп, қурайды. | |
| |Жидектер қатайып, көк түске енеді. | |
| |Ауру қоздырғышы - Cercospora vitis Sacc., C. roesleri | |
| |Sacc. саңырауқұлақтары. Жіпшумақ жапырақ пен өркен | |
| |паренхимасының клетка аралығында орналасады. | |
| |C. vitis саңырауқұлағының конидия тасушылары қысқа, | |
| |жуан, бір немесе көп клеткалы, зәйтүн түсті, сопақша | |
| |пішінді, цилиндр немесе шоқпар тәрізді, негізінен көп, | |
| |кейде бір клеткалы болады. | |
| |C. roesleri саңырауқұлағының конидиялы спора тасушылары| |
| |алғаш киізді, кейін мақпал тәрізді өңез түзеді. Кесел | |
| |ойпат, ылғалы мол жерлерде, 30-320С температурада қатты| |
| |дамиды. Ауру қарқынды дамығанда өсімдіктің жапырағы мен| |
| |жидегі мезгілінен бұрын түсіп, жүзім түптері әлсірейді.| |
| |Бұл кесел жиі отырғызылған жүзімдіктерде дамып, әсіресе| |
| |ойпат, ылғалы мол топыраққа отырғызылған Кульджинка | |
| |сортының жапырағы түсіп, жидектері жарылып, өнім саны | |
| |мен сапасы төмендейді. | |
| | | |
| |Церкоспороз | |
| |Дақты некроз | |
| |Ауру республиканың барлық аймақтарында кездеседі, | |
| |әсіресе оңтүстік-шығысында кең таралған. | |
| |Топырақпен дұрыс жабылмаған жүзімдіктердің қыстың | |
| |қолайсыз жағдайына ұшырауынан пайда болатын кесел. | |
| |Ұзаққа созылған салқын ауа райының уақытша жылынуы, | |
| |сондай-ақ мол жауын-шашын дақты некроздың дамуына | |
| |қолайлы жағдай туғызады. Ерте көктемде залалданған | |
| |өсімдіктерде ауру белгісі білінбейді, бірақ кейін | |
| |олардың бүршіктері ашылмай бұтақтары қурап, кейде | |
| |бірен-саран дамыған бүршіктерінен өркен шығуы мүмкін. | |
| |Олар әлсіз болып, көп ұзамай қурайды. | |
| |Кеселге шалдыққан өсімдіктердің өсуі саябырлап, | |
| |жапырақтары мезгілінен бұрын сарғаяды. Залалданған жас | |
| |өркен қабығының астында мүшені бойлаған қара-қоңыр | |
| |түсті, пішіні мен көлемі әртүрлі дақтар түзіледі. | |
| |Аталған белгілер шыбықтарды (қалемшелерді) сақтау | |
| |кезінде де білініп, шығын көп болады. Тау етегінде | |
| |орналасқан жүзімдіктерде ауру жиі кездеседі. | |
| |Ауру қоздырғышы - Rhacodiella vitis Schterenb. | |
| |саңырауқұлағы. Саңырауқұлақ жіпшумақ түрінде | |
| |залалданған мүшелерде қыстайды. Өсімдіктің қысқы | |
| |тынышталуы кезеңіндегі жоғары ылғалдылық пен төмен | |
| |температурада аурудың дамуы жалғасады. | |
| |Кеселдің салдарынан түптердің бұтақтары қурап, | |
| |өркендері әлсіреп, бүршіктері жансызданып жойылуынан | |
| |өнім күрт төмендейді. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Дақты некроз | |
| | | |
| |Жидектің сұр шірігі | |
| |Ауру республиканың барлық жүзім шаруашылығымен | |
| |айналысатын аймақтарында, әсіресе оңтүстік-шығысында | |
| |таралған. | |
| |Жүзім жидегі сұр өңезбен жабылады. Заладанған жидектер | |
| |солып, целлюлоза қабығы жидектің етті бөлігінен ажырап,| |
| |шырыштанып, зең иісті, қышқыл болады. Ауруға шалдыққан | |
| |жас жидектер түгел сұр өңезбен жабылып, кеуіп қалады. | |
| |Сұр шірік жидекті тасымалдау және қоймада сақтау | |
| |кезінде залалдайды. Ауру жидектер сауларымен жанасқанда| |
| |кесел дами түседі. | |
| |Ауру қоздырғышы - Botrytis cinerea Fr. Саңырауқұлағы. | |
| |Қоздырғыш әлсіреген өсімдікті немесе зақымдалған | |
| |бөлікті залалдап, жіпшумағы ұлпа бетінде таралып, сұр | |
| |түсті өңез түзеді. Көктемде 120С жоғары температурада | |
| |склероцийлар өніп, дамыған спора тасушыларда конидиялар| |
| |түзіліп, жүзімдіктерге таралады. | |
| |Аурудың салдарынан жидектер жаппай шіріп, алынған | |
| |шараптың сапасы төмендейді. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Бактериялы ісік (рак) | |
| |Ауру республиканың барлық жүзім шаруашылықтарында, | |
| |әсіресе оңтүстік-шығыста жиі таралып, көбінесе сазды, | |
| |ылғалы мол ауыр топырақта кездеседі. | |
| |Кеселге өсімдіктің тамыр мойны, діңі, телітуші мен | |
| |телінушінің ұластырылған бөлігі шалдығып, ісік | |
| |түзіледі. Жұмсақ, алғаш ақ түсті ісік, кейін қатайып | |
| |қоңырланады. | |
| |Ауру қоздырғышы - Agrobacterium tumefaciens Conn. | |
| |бактериясы. Қоздырғыш өсімдікке ұлпаның зақымдалған | |
| |бөлігі (насекомдар, топырақты өңдеу, өркенді бұталау, | |
| |будандастыру, т.б.) арқылы еніп, клеткалардың қарқынды | |
| |бөлінуіне әсерін тигізді. Жаңа түзілген клеткалар | |
| |санының көбеюінен тамырда, сабақта дөңестер түзіліп, | |
| |өсе келе беті бұдырлы бұлтыққа айналады. Бактериялар | |
| |жүзімнің жас өркенін залалдап, қуратады. Кесел қатты | |
| |дамығанда өсімдік әлсіреп, оның бөліктері қурап, соңыра| |
| |түгел жойылады. Күтімі нашар жүзімдіктер ауруға қатты | |
| |шалдығады. Бактерияның дамуына 30-350С температура мен | |
| |95% жоғары ылғалдылық қолайлы жағдай туғызады. | |
| |Көшеттіктердегі жас өсімдіктердің өсуі саябырлап, | |
| |әлсіреп, жетілмей қурайды. | |
| |Инфекция қоры – топырақтағы ісіктер мен залалданған | |
| |өсімдік бөліктері. Ауру өсімдіктен алынған қалемшелер | |
| |мен көшеттер арқылы инфекция жаңа жүзімдіктерге | |
| |таралады. Сонымен қатар инфекция қолданылған құралдар | |
| |(ара, пышақ, т.б.) арқылы да таралуы мүмкін. | |
| |Кеселдің салдарынан жүзім түптері әлсіреп, дамуы | |
| |тежеліп, өнімі күрт төмендейді. | |
| |Ауру қоздырғышы - Vein mosaic вирусы. Қоздырғыш | |
| |отырғызылатын материалдармен таралады.Вируспен | |
| |залалданған түптің өнімі төмендейді | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Бактериялы ісік (рак) | |
|10-15 минут |4. Жаңа сабақты бекіту. | |
| | Б.Блум таксономиясының студенттердің білімді бекітуге | |
| |арналған тапсырмалар жүйесі. Мұнда: деңгейлік | |
| |тапсырмалар 1-білу,2-түсіну,3-қолдану. | |
| |1-Білу. Студенттер жеңіл сұрақтардан құралған тест | |
| |сұрақтарының дұрыс нұсқасын белгілейді. | |
| |2-Түсіну. Сабақ барысында жүзім аурулары туралы алған | |
| |мәліметтерді кестеге түсіреді. | |
| |3-Қолдану. «Модельдеу» тәсілі бойынша жұмыс | |
| |жасайды,яғни студенттер алдарындағы түрлі-түсті | |
| |қағаздарды пайдаланып, Астана қаласының көрікті | |
| |құрылыс жобаларының бірі «Хан шатырының» макетін | |
| |жасайды да сол макетке жаңа сабақтан түсінгендерін | |
| |жазып шығады және сол жұмыстарын әр топтың бір өкілі | |
| |қорғайды,топ мүшелері көмек беріп,толықтырып отырады. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |1-Білу. Тест тапсырмаларын орындаңыздар. | |
| |1.Фитопатология пәні нені зерттейді? | |
| |а) Ауруларды | |
| |в)Зиянкестерді | |
| |с)Арамшөптерді | |
| |д)Барлығын | |
| |2. Өсімдіктің жұқпалы емес ауруының сипаты. | |
| |а)Сыртқы ортаның абиотикалық факторлары. | |
| |в)Жағымсыз әсерлер өсімдік функциясын шамалы залалдайды| |
| |с)Тыңайтқыштарды біркелкі ендірмеу | |
| |д)Осы сипаттардың барлығы жатады. | |
| |3.Аурудың жегілікті (локальды) симптомына түсінік бер | |
| |а)Өсімдіктің шамалы бөлігінің зақымдалуы. | |
| |в)Аурудың өсімдікті толық залалдауы | |
| |с)Топырақтың, судың, ауаның жағымсыз әсерінен болатын | |
| |ауру | |
| |д)Микротыңайтқыштардың жетіспеуінен болатын аурулар. | |
| | | |
| |4.Өсімдік ауруының морфологиялық белгілері | |
| |а)өсімдіктің органдарының формаларының өзгеруі. | |
| |в)бойының өсуінің нашарлауы | |
| |с)өнімінің азаюы | |
| |д)Осы белгілердің барлығы. | |
| |5.Өсімдік ұрықтарын химиялық өңдеу қалай аталады | |
| |а)Гербицидтер | |
| |в)Фунгицидтер | |
| |с)Пестицидтер | |
| |д)Фитонцидтер | |
| |6.Өсімдіктердің жұқпалы аурулары | |
| |а)Топырақта ылғалдылықтың жетіспеуінен болатын аурулар.| |
| |в)Өсімдіктен өсімдікке жұғатын аурулар | |
| |с)Улыхимикаттар әсерінен болатын аурулар | |
| |д)Сыртқы ортаның әсерінен болатын аурулар. | |
| |7.Өсімдік ауруы дегеніміз не? | |
| |а)Нормал физиологиялық жағдайдан ауытқуы | |
| |в)Патологиялық өзгеріс | |
| |с)Сыртқы орта әсерінен болатын құбылыс. | |
| |д)Өсімдіктің физиологиялық функциясының бұзылуы | |
| |8.Өсімдік иммунитетінің типтерін көрсет | |
| |а)Активтік иммунитет | |
| |в)Тұқым қуалайтын иммунитет | |
| |с)Ауруға қарсы тұру қабілеті | |
| |д)Пассивтік иммунитет | |
| |9.Өсімдіктің ауруларына қарсы қолданатын шаралар | |
| |а).Ауруға шыдамды сорттарын шығару | |
| |б).Агротехникалық тәсілді дұрыс қолдану | |
| |с).Шаруашылықты ұйымдастыру жолдарын дұрыс жолға қою | |
| |д).Химиялық тәсілді арттыру | |
| |10.Пестицидтердің мөлшері мен мерзімін сақтамағандықтан| |
| |болатын ауруды көрсет. | |
| |а).Инфекциялық | |
| |в). Иновазиондық | |
| |с). Ятрогендік | |
| |д). Габитус. | |
| | | |
| |2-Түсіну. Кестені толтырыңдар. | |
| | | |
| |Ағаштар | |
| |Жапырақ саны | |
| |Залалданған жапырақ саны, дана | |
| |Залалдануы, % | |
| |Жапырақ,жемістер саны, оған сәйкес залалдану балы | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |00,11234 | |
| | | |
| |1 | |
| |2 | |
| |3 | |
| |және т.б. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |3-Қолдану.«Хан шатырының» макетін жасаңыз, жасап | |
| |біткеннен кейін | |
| | | |
| | | |
| | | |
| 2 минут |5. Үйге тапсырма беру | |
| |Тақырып бойынша термин сөздерден глоссарий құрастырып | |
| |келіңіздер | |
|2-3 минут |6. Қорытындылау: | |
| |Фитопатология пәні нені зерттейді? | |
| |Аурудың жергілікті (локальды) симптомына түсінік бер | |
| |Өсімдік ұрықтарын химиялық өңдеу қалай аталады | |
| |Өсімдік ауруы дегеніміз не? | |
| |Өсімдік иммунитеті деген не | |
| |Өсімдіктердің жұқпалы аурулары | |
| | | |
| | | |
|2-3 минут |7.Бағалау кезеңі Сабақ барысында студенттердің | |
| |белсенділіктерін ескере отырып әр студенттің жинаған | |
| |смайликтерін санау арқылы бағалаймыз. Жеңіске жеткен | |
| |топты анықтаймыз. | |
| | | |


Ұқсас жұмыстар
Зиянды заттардың зардабы
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тақырып Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Бүйрек аурулары
Бұршақ дақылдарының аурулары
Тіс гигиенасы
Тері аурулары. 8 сынып
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау
Терінің құрылысы мен қызметі
Мәтін теру ережесі
Пәндер