3-сыныпқа арналған Өнер дегеніміз не тақырыбындағы сабақ жоспары

- Өнер туралы жалпы мағлұмат беру, өнер түрлерімен таныстыру.
- Өнер түрлеріне байланысты сурет салу.
Басталуы.
(5 мин)
Қызығушылықты ояту.
Ширату жаттығуы:
«Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі бойынша оқушылар шеңберге тұрып, амандасып, бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
Тақтаға шығарып, шеңбер құраймыз.
Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, оның мақстатын хабарлау. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Өнер дегеніміз не?
- Олардың қандай түрлерін білесіз?
- Бойыңызда қандай өнер бар деп ойлайсыз?
Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Сабаққа дайындалады, мұғалімге назар аударады.
Сұрақ-жауап.
ҚБ: «Ауызша мадақтау» әдісі.
Жарайсың! Тамаша! Керемет!
«Сыртқы және ішкі шеңбер»
Жаңа сабақ.
Білу және түсіну.
(6 мин)
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) .
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.
Мақсаты: Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Мұғалім өнер мен мамандық түрлері бейнеленген иллюстрацияларды көрсете отырып, жаңа материалды түсіндіреді.
(Ұ) Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.
Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады.
Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.
Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.
Тақырыптың негізін түсінеді.
Өз ойын негіздеп жеткізе алады.
Түсінбеген жерлері болса, мұғалімнің көмегіне жүгінеді.
Өзара бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Репродукциялар:
Ортасы.
(20 мин)
(4 мин)
Практикалық жұмыс.
Оқушыларға өзіндік тапсырма беріледі.
Тапсырма №1: ӨЖ. Өнердің бір түріне байланысты сурет салу.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану.
Дескрипторлар:
- Өнер