Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жырлайды жүрек атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кеші

<<Жырлайды жүрек>> атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа
арналған жыр кеші

Кештің мақсаты:
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

1-жүргізуші:Ассалаумағалейкүм, қадірменді қауым!
2-жүргізуші:Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Бүгінгі <<Жырлайды жүрек>> деп аталатын кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, <<Ғасыр ақыны>> атанған, миллион сырлы сезімнің иесі - Мұқағали Мақатаевқа арналады.
Кешімізде бастамай тұрып, кіріспе сөзін мектеп басшысына берсек.

1-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

2-жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! - деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын ақпан айында тойлана беретіні хақ.Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.

Ендігі кезекті __ сынып оқушысына берсек.
Ақиық ақын әлеміне сыр шертіп, өміріне көз жүгіртсек.

(слайд ойнатылып жатқанда, оқушы баяндама оқиды)

1-жүргізуші:
Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі , -- деп ақын жырлағандай , ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

Ән: <<__________>> Орындайтын: ______________

2-жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түкпірінен орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ түрсек.
Ән: <<______________>> Орындайтын: ___________

2-жүргізуші:
<<Поэзия, менімен егіз бе едің>> - деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше Қазақ радиосының <<алтын қорында>> сақталып қалған ақынның өз дауысына құлақ түрелік.

(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:
Мұқағалиын ел-жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер-жерде <<Мұқағали оқуларын>>, еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауынсыз, бұйрығынсыз-ақ жалпыхалықтық көлемде мерекеленетін бірден-бір той - Мұқағали тойы.

2-жүргізуші:
Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге.
Кезекті мың бұралған бишілерге берсек.
Би:__________________________

1-жүргізуші:
<<Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім>> деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.

2-жүргізуші:
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!

1-жүргізуші: <<Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған>> - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, онлайн кешіміздің қорытынды сөзін мұғалімдерге береміз.

2-жүргізуші:Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!
Попури:
(мұғалімдер мен оқушылар бірге Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерден попури орындайды)

Ұқсас жұмыстар
Жырлайды жүрек
Жансыз өлең жанымды алды кілең
Ақынның Әке аманаты өлеңі
Поэзия, менімен егіз бе едің? ... ( 9 сыныбында өткен поэзия кеші)
М.мақатаев "есіңе мені алғайсың" әдеби кеші
Менің бір досым
Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір поэзия
Мұқағалидың балаларының есімі
Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі
М.мақатаев " мен өмірді жырлау үшін келгенмін" ашық тәрбие сағаты. 5-сынып
Пәндер