Исатай батыр

Күні:
Сыныбы: 5 «Б», 5 «Ғ».
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Елінің еркіндігін аңсаған - ер Исатай
Мақсаты:
Оқушыларға қазақтың біртуар ұлы Исатай Тайманұлының өмірі, ерлік жолы туралы мол мағлұмат беру.
Кешегі өткен ұлы батырлардың істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі - өнеге ете отырып, оқушылардың бойына ұлтжандылық, адамгершілік, батылдық сынды ізгі қасиеттерді дарыту.
Әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, ассоциациялау
Көрнекілігі: Исатай мен Махамбет батырдың суреттері, слайдтар, тірек-сызбалар, бейнеролик, нақыл сөздер.
Барысы:
- Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз 1836 - 1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлының өміріне арналады. Өзі үшін туып, ел үшін еңбек етуді аңсаған ер ұлдардың қиыннан тоят тілеп, қияға құлаш сермеулері, ел намысын, ер намысын аяққа бастырмау үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, жауымен арпалысып, жорық жолында өлетіндігіне - әр елдің тарихы, тарихи ерлердің өмірі айғақ.
І Исатай Тайманұлы туралы бейнероликті көру. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады.
ІІ Исатай Тайманұлы кім?
ІІІ “Менен сұрақ сізден жауап” бөлімі
1836 - 1838 жылдары кіші жүзде қандай оқиға болды?
Исатай батыр не үшін күресті?
Исатай батырға арналған қандай өлеңдер білесіздер?
ІҮ “Мақал сөздің мәйегі” бөлімі
Отан, туған жер, батырлық туралы мақал - мәтелдерді кім айтады?
Ү Исатай мен Махамбетті қандай ортақ идея біріктірді?
Қорытынды:
Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін шайқасты, сол бабаларымыздың аманатын іске асыратын - сендер. Исатай мен Махамбеттің Жәңгір ханға қарсы болуы, жауласуы, Хан ордасын шаппақ болған әрекеті - тарихи шындық. Көтерілістің шығуы да, жеңілуі де шындық және заңды. Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз - Исатай мен Махамбеттің жанкешті батырлық рухы. Қазақ ұлтының ұлтсыздануына жол бермеген ерен ерліктері ұлт есінен мәңгі өшпейді.
«Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қорғайды» деген мақал әрбір қазақ баласына айтылған бойтұмары болуы тиіс.
№27 И. Тайманов атындағы орта мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елінің еркіндігін аңсаған - ер Исатай
Өткізген: Тарих пәні мұғалімі
Жумагулов Дархан
Атырау 2021 жыл
Мінгені Исатайдың ақтабан-ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың міне қара сақтағаны-ай!
Мінгені Исатайдың көгілдірді-ай,
Әскерін Барша құмға төгілдірді-ай.
Мыңды алған бірді беріп ақтабанды
Жыландай белге соққан бүгілдірді-ай.
Баласы Исатайдың Жақия-ды,
Жақия жауды көрсе ақияды.
Түлейде түнде жортқан жолбарыстай
Алдырдым жолдасымды қапияда-ай
Жақия
Исатай шыққан бас болып,
Хан ұлымен қас болып.
Арыстанымның баласы
Адағанда ел таппай,
Адасқанда жөн таппай,
Арманда қалды жас болып.
Мен Нарыннан кеткенмін
Мен Нарыннан кеткенмін,
Нарынды талақ еткенмін.
Қуатымның барында
Ағыны қатты Жайықты
Тіземмен бұзып өткенмін.
Исатай батыр
Сүйе білген ар ожданмен өз елін,
Ағатайдай әулиемнің көзі едің.
Аянбадың азаттықтың жолында,
Басқыншылар зорлығына төзбедің.
Алда жүрдің қас батырым қол бастап,
Ыза кектен шоқтай жанып өзегің.
Нажағай көзің от шашқандай жарқырап,
Қиратуға жау ордасын күмбезін!
Адамзатқа анасындай тым ыстық,
Сен қаладың бір-ақ жолды тыныштық.
Азап құрып, ақыл өмір сүруін,
Бейбіт күннің шуағына келісіп.
Сол мақсатта жасымадың талмадың,
Аспаныңды торласа да қалың бұлт.
Мінгені Исатайдың ақтабан-ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың міне қара сақтағаны-ай!
Мінгені Исатайдың көгілдірді-ай,
Әскерін Барша құмға төгілдірді-ай.
Мыңды алған бірді беріп ақтабанды
Жыландай белге соққан бүгілдірді-ай.
Баласы Исатайдың Жақия-ды,
Жақия жауды көрсе ақияды.
Түлейде түнде жортқан жолбарыстай
Алдырдым жолдасымды қапияда-ай!
«Жұмыр-Қылыш» күйінің шығуы:
Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол жақта Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды ерткен Махамбет Байбақты ауылы-ның төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Сол кезде Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан аман алып кетеді. Махамбет осы оқиғаға байланысты «Жұмыр - Қылыш» күйін екі батырға арнаған.
Исатай деген ағам бар
,
Ақ кіреуке жағам бар.
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып,
Хан үстіне барғанда,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар, -
Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!
. Бөкей ордасының құрылуы.
1. 1801 жылы Нұралы әулетінен шыққан сұлтандардың бірі Бөкей орыс императоры І Павел патшаға өзін ауылдарымен қоса бодандығына алуды өтініш жасайды.
2. І Павел патшаның жарлығымен 1812 жылы Бөкей ордасы немесе Ішкі орда деп аталатын хандық құрылды. Негізін қалаушы Бөкей хан.
3. Бөкей хан 1815 жылы 12 мамырда қайтыс болып, орнына мұрагер ұлы Жәңгір отырады. Алайда Жәңгір ер жеткенше Бөкей ордасын інісі Шығай билейді.
4. 1823жылы хан тағына Жәңгір отырады. Хан шұрайлы жерлерді өз туыстары мен ақсүйектерге бөліп бере бастайды. Өйткені Ішкі орданың хандары билікті ұзақ ұстап отыра алмайтындықтарын жақсы түсінді.
2. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері.
1. 1818 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзінінен өтуіне, Бөкей Ордасына көшіп келуіне тыйым салатын бұйрық шығарады. Князь Юсупов қазақтардан өз аймағын қыстап шыққаны үшін салық алады. Осының бәрі жергілікті қазақтардың ашу-ызасын тудырып, көтеріліске итермелейді.
2. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болады. Сондай-ақ Жәңгір ханның халықты орыс отаршылдарынан қорғауды өтінге өтініштерін орындай алмауы, ішкі тартысты жылдан-жылға шиеленістіре түсті.
3. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-қазақ шаруалары болды. Старшын, билер де қатысты.
3. Жүру барысы және патша үкіметінің көтеріліске қарсы шаралары.
1. Көтеріліске би әрі батыр И. Тайманұлы мен атақты ақын М. Өтемісұлы басшылық жасады. 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны, 1814 ж. Орынбор Шекаралық комиссиясы сташындыққа бекіткен. Алайда 1817 ж. бастап Исатай батырдың патша үкіметімен байланысы салқындай түседі. Орынбор генерал нубернаторының мәліметтері бойынша 1817-1823 жылдары сотқа тартылған Исатай ақталып шығады.
2. Қарауылқожаның жүгенсіздігіне байланысты Исатай 1835 ж Жәңгір ханға наразылық хатын жолдап, онда ханнан халықты қорғауды талап етеді. Жәңгір хан өз жауабында Исатайды халықты жанжалға араңдатып отырсың деп кінәлайды. Алайда ханның, Қарауылқожаның халыққа қарсы іс әрекеттерін тыймауы Исатайды мазалайды. Ол халықты ханның бұйрықтарын орындаудан бас тартуға шақырады.
3. Исатайдың жауынгер серігі ержүрек ақын М. Өтемісұлы да беріш руының старшыны болатын. Сауатты Махамбет Ішкі орда қазақтары арасында белгілі болды. Исатай мен халықтың атынан үндеу таратқан Махамбет шаруаларды көтеріліске, күреске шақырудағы орны ерекше.
4. Қозғалыстың басты мақсаты- хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршыл саясатын тоқтату.
4. Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы.
1. Көтерілістің соңғы кезеңінде Исатайдың мақсаты-Ішкі ордаға қайта оралып Жәңгір ханға күтпеген жерден соққы беру және орыс помещиктері басып алған жерлерді иелеріне қазақ шаруаларына қайтару болды. Исатайға қарсы күресу үшін патша үкіметі бар күшін пайдаланып, барынша тездетіп басып жаныштағысы келді.
2. Сипаты жағынан ұлт-азаттық тартыс отаршылдыққа да, әлеуметтік езгіге де бағытталды; хандық басқарудың күйрегенін тағы да дәлелдеді.
Қорытынды: Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін шайқасты, сол бабаларымыздың аманатын іске асыратын - сендер. Исатай мен Махамбеттің Жәңгір ханға қарсы болуы, жауласуы, Хан ордасын шаппақ болған әрекеті - тарихи шындық. Көтерілістің шығуы да, жеңілуі де шындық және заңды. Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз - Исатай мен Махамбеттің жанкешті батырлық рухы. Қазақ ұлтының ұлтсыздануына жол бермеген ерен ерліктері ұлт есінен мәңгі өшпейді.
«Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қорғайды» деген мақал әрбір қазақ баласына айтылған бойтұмары болуы тиіс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz