Темекі тарту

«Баратай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
« Зиянды заттар»
Психобелсенді заттар мен менің денсаулығым
Тренинг
Мақсаты:
А. Білімділік: «Есірткі - қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру.
Ә. Дамытушылық: Ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту.
Б. Тәрбиелік: Оқушыларды достық ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.
Қатысатын сыныптар: 7, 8, 9
Өткізу түрі: тренинг
Б арысы: І . Ұйымдастыру бөлімі
Жоспары:
І. Есірткі туралы түсінік беру
ІІ. Ойын «Кім жылдам?». Сұрақтарға жауап беру
ІІІ. Ситуациялық сұрақтар
IV. Топпен жұмыс (шығармашылық тапсырма)
V. Қорытынды
Барысы: Құрметті оқушылар! Бүгін біз психобелсенді заттар түрлері мен олардың денсаулыққа зияны, олармен күресу жолдарын қарастыру жайында пікір алмасуға сіздерді шақырамын. Мақсаты: жастар мен жасөспірімді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ал енді балалар мен сіздерге ең бірінші, салауаттылық-халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі дегім келеді. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді.
Адам психикасы-медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы, әсіресе, наркологиялық тұрғыда. Әдетте, жұртшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды ұға, түсіне білген жөн. Нашақорлыққа салынатындардың дені - жұмыссыздар, босқындар, қаңғыбастар тағысын тағылар… Бір нашақорды емдеп, қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек.
Нашақорлық - адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды. Ең қатерлісі есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш табандай тарпа бас салады. Мұны медицинада «наркотизм», ал оның ауыр түрін «наркомания» дейді. Грек тілінен аударғанда «нарко»- жасанды ұйқы, «мания» - есі кету, есіру деген ұғым береді.
Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т. б. Бұлардың ең танымалысы - анаша. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды.
Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне АИТВ\ЖИТС секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады. Марихуананың буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды. Есірткілер қандай зиян әкеледі? Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл-күй өзгерісін қадағалайтын зат, бұл адамды пәсең және селқос қылдырады. Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек-қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді, тістер бұзылады, тамырлары ауырады, ой-өрісітің деңгейі төмендейді. Есірткіні мөлшерден тыс қолданудың қауіпі зор, оның салдары өлімге алып келеді, ал есірткі қолданғаннан болатын психиканың бұзылуы кей кезде өзіне -өзі қол жұмсауға әкеліп соғады.
Ойын «Кім жылдам». Сұрақтарға жауап беру 1-топ.
1. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы пайда болды?- 1946 ж
2. Темекіні Еуропаға кім әкелді?- Х. Колумб пен оның достары
3. Еуропада темекі тартумен күрес қай ғасырда басталды?- XYII ғасырда
4. Никотин кімнің есімімен байланысты қойылған? - Францияның Португалиядағы елшісі Жан Никонның есіміне байланысты.
5. Адамдар темекінің зиянын біле тұрып тарта береді дейді, осы рас па? - Рас
6. Темекінің жасыл жапырақтарында қанша пайыз никотин болады? - 9 пайыз
7. Үндістер темекі өсімдігін қалай атады? - кохоба
8. Орыс жазушысы Л. Н. Толстойдың қай еңбегінде темекі туралы жазылған?- Балалық, Есею, Жастық трилогиясында. 9. Темекі туралы ең алғашқы кітапты кім жазды? - Эрсандесу де Овьеди
10. Никотиннің қасиеттерін атап шық? - Сары сұйық зат, суда, майда жақсы ериді.
Темекі тарту кезінде адам бір улы газбен дем алады, сол газ автомобиль двигательдерінен де шығады, ол қандай газ? - Бұл иіс газы-СО өте улы газ. Қанның қызыл түйіршігіндегі оттегінің мөлшерін азайтады.
Жылқыны сеспей қатыру үшін қанша никотин тамшысы керек?- 7-8 тамшы
Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымды бұзу үшін қанша темекі қажет?- Мұның барлығына 1 дана ғана темекі жетіп жатыр
Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? - 1 литр шамасында
Темекінің құрамындағы улы зат не деп атайды? - Никотин
Темекі тартуда қандай химиялық үрдіс жүреді? - Құрғақ айдау
Еуропада темекіні не деп аталды? - Табаго, табак .
Темекіден туындайтын аурулар? - қолқа демікпесі, өкпе, жүрек, бауыр, т. б. аурулар .
Адам үшін никотиннің өлімге әкелетін мөлшері қандай? - 35-70 мг
Адамдардың ортақ ісі, қарым-қатынасын оңайлатуға, пікірлесуге жеткізетін ермек әрекеті. - Темекі тарту.
Салмағы 16-20 кг итке қанша тамшы никотин берсе сеспей қатады? - 1 тамшы
Темекі шегіп тұрып қандай заттарды іске асыруға болмайды. - Жүзу, баскетбол ойнау
Қай елде темекі тартушылардың басын кесіп, дарға асқан? - Англияда
Ситуациялық сұрақтарға өз ойларын айту.
Қыз бен жігіт - өте жақсы достар. Қыз өз достарымен бірге тұрғанда, жігіт қызды түнгі клубқа шақырады. Қыз түнгі клубқа барудан бас тартты. Ал бұл кезде дос қыздары сен неге бармайсың, ол сенің жақсы досың ғой деп қызды қайрайды. Бұл жерде қай қыздың ойы дұрыс деп ойлайсың?
Екі қыз - жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz