Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Тақырыбы:

Тема: Екпін, екпіннің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Цель занятия:

Екпін түрлері туралы теориялық білімді меңгерту, екпін түрлерін ажырата білуге, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

Основные понятия: тіркес екпіні, сөз екпіні, эмфазалық екпін, логикалық екпін

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: кластер, бейнетаспа, ассоциация, венн диаграммасы, кесте

Методическое обеспечение:

Сабақтың типі:

Тип занятия: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Методы и приемы: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, СТО технологиясының элементтері (миға шабуыл, блиц-турнир, «сен - маған, мен - саған» әдісі, «бес саусақ» әдісі)

Сабақ жоспары:

План занятия:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Организационный момент.

Амандасу

Психологиялық дайындық.

«Жүректен жүрекке» жылы лебіздер айту

(Балалар бір-біріне тілек айтады) .

  • Алмагүл, мен саған сәттілік тілеймін.

-Балалар, біздің әрқайсымыздың ұнататын түстеріміз бар.

- Ендеше, қазір сіздер, өздеріне ұнайтын бір түсті таңдап алыңыздар.

- Осы таңдалған түстер бойынша 4 топқа бөлініп отырады.

«Алтын» ереже

* Ойымызды ашық айтамыз;

* бір-бірімізді тыңдаймыз;

* «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;

* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;

* бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;

* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;

II. Студенттердің білімдерін тексеру

Проверка знаний студентов.

«Блиц-турнир» өткізу

1. Фонетика дегеніміз . . .

2. Фонетиканың негізгі нысаны . . .

3. Дыбыстың түрлері . . .

4. Фонетиканы зерттейтiн салалары мыналар:

5. Салыстырмалы фонетика дегеніміз . . .

6. Тарихи фонетика дегеніміз . . .

7. Сөйлеу мүшелері:

8. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде . . . пайда болады.

9. Практикалық мақсатта зерттеген ғалымдар

10. Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан еңбегі . . .

11. Әріп дегеніміз . . .

12. Дыбыс туралы ілім . . .

13. А. Байтұрсынов фонетиканы . . . деп атаған.

14. Фонетика . . . тілінен аударғанда дыбыстық деген мағына береді.

15. Сөздердің құрамындағы дыбыстарды қалай болса солай бірінің орнына бірін ауыстырып қоя да салмаймыз. Себебі, дыбыс

16. Физиологиялық фонетика дегеніміз . . .

17. Экспериментальдық фонетика дегеніміз . . .

18. Адамның сөйлеу мүшелері . . .

19. Сөйлеу мүшелерінің жиынтығы . . . деп аталады.

20. Резонанс дегеніміз . . .

21. Ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдар

22. «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбектің авторы

23. Дыбыс дегеніміз . . .

24. Дауысты дыбыстардың жіктелуі . . .

25. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі . . .

26. Буын дегеніміз не?

26. Тасымалданбайтын жағдайлар . . .

III. Жаңа материалды оқыту

Изучение нового материала.

«Миға шабуыл» әдісі

Абайдың жетінші қара сөзін тыңдатқызу.

  • Балалар, Абайдың 7 қара сөзі не туралы?
  • Не ұқтық?
  • Сіздер оны тыңдағанда құлақтарына қалай естілді?
  • Оқу мәнерінде өзгерістер болды?
  • Неліктен деп ойлайсыңдар?
  • Екпінге байланысты.
  • Дұрыс, балалар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: «Екпін, екпіннің түрлері»

Дәрісті төрт топқа бөліп беру. Студенттер өздіктерімен келесі топқа түсіндіреді.

І топ. Сөз екпініне кластер құру.

ІІ топ. Логикалық екпіні туралы ассоциация жасау

ІІІ топ. Тіркес екпінін кесте арқылы түсіндіру

ІV топ. Венн диаграммасы арқылы логикалық екпін мен эмфазалық екпінді салыстыру

Дәріс жоспары:

  1. Сөз екпіні
  2. Тіркес екпіні
  3. Логикалық екпін
  4. Эмфазалық екпін

Сөйлеу нормасына тән фонетикалық категорияның бірі - екпін болып табылады. Екпін бір тілде сөйлейтін халықтың ортақ болып есептеледі. Сөздің дұрыс айтылуы, мағынаның айқын, дұрыс берілуі екпінмен тығыз байланысты.

Екпін сөз ішіндегі бір буынның басқа буындардан ерекшеленіп күшті айтылуы . Қазақ тілінде екпін, негізінен, сөздің соңғы буынына түседі.

Дауыс екпіні (акцентуация) сөзбен сөздің шегін бөліп, жігін ажыратады. Тіліміздегі сөздердің барлығы сөз екпініне ие бола бермейді. Екпінге ие зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, одағай еліктеу сөздер. Екпінге ие бола алмайтын сөз табы - шылау. Қазақ тілі екпіні оқулықтарда, оқу құралдарында үш түрге бөлініп жүр. 1. Сөз екпіні. 2. Тіркес екпіні. 3. Сөйлем екпіні (логикалық екпін) .

Екпін ритмика-мелодикалық ерекшелікпен байланысты болады. Ауызекі сөйлеу сөйлемдегі сөздер бірінен соң бірі шұбыртылып айтыла бермейді. Олардың айтылуда белгілі бір толасы, кідірісі болады. Сөз арасында не сөйлем арасында болатын кідірісті пауза дейді. Сөйлеудегі ырғақ пен пауза (дауыстың бірде көтерілуі, бірде бәсеңдеуі) ритмика-мелодика ерекшелік делінеді.

  1. Сөз екпіні

Қазақ тілі екпіні тұрақты және екпін сөздің соңғы буынына түсетіні ғылыми жағынан тұжырымдалған. Бірақ зерттеушілердің пайымдауынша екпіннің кейде сөздің алдыңғы буынына түсетін құбылыстары да кездеседі. Бұл құбылыс түбір сөзде де, қосымша жалғанған сөзде де ұшырайды. Николай Александрович Баскаков пен Андрей Николаевич Кононовтың пікірінше түркі тілдерінде (қарақалпақ, өзбек тілдерінде) түбір сөздердің мына түрлерінде екпін бірінші буынға түседі:

а ) атап-атап санаумен байланысты айрықша интонациямен айтылған септік сан есімдерде (екі, алты, жеті, сегіз, отыз, алпыс, жетпіс, тоқсан т. б. ), егер есептік сан есімдер атап-атап санаумен байланыспай, айрықша интонациясыз айтылса, жеке қолданылғанда да, басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда да, әдеттегідей, екпін соңғы буынға түседі. Мұндай құбылыс қазақ тілінде де бар. Мектеп жасына дейінгі балаларға, өте-мөте санамақ тақпағын ерекше екпінмен айтқанда не оқығанда есептік сан есімнің екпіні бірінші буынына түседі: (екім - е кі, алтым - а лты, жетім - жеті, сегізім-сегіз. Екі дегенім - егеу, алты дегенім - асық т. б. ) .

ә) логикалық жатқан айрықша интонациямен айтылатын сұрау есімдіктеріне (қайсы? қайда?) (қандай? қанша? қашан? т. б. ) ;

б) бұйыру интонациясымен айтылатын етістіктің ІІ жақ түрінде ( о тыр, т ы ңда, о йла, сөйле т. б. ) ;

в) айрықша интонациямен айтылатын қаратпа сөздердің кейбір түрлерінде (қ а рағым, ж а ным, с ә улем, қозым т. б. ) екпін бірінші буынға түседі.

Мынадай омоформалар бір-бірінен екпіннің алмасып түсуіне қарай ажыратылады:

Зат есім Етістік

Көрм е , бөлм е көрме, бөлме

Баспа, аялдама баспа, аялдама және басқалар.

Осындай айтылуы бір, мағынасы бөлек сөздерді дұрыс оқып, дұрыс айту үшін, олардың әрқайсысын тексттің ішіне ендіріп, айтылу ерекшеліктеріне оқушыларды төселдірсе, тілдің жалпы ережеден ауытқыған екпіндік ерекшелігін түсініп, тануына пайдасы тимек. Өйткені қазақ тілінде екпінді өзгертумен байланысты сөздің дағдылы айтылу мәнері де өзгереді.

Сөйлеу процесінде акцентуациялық жақтан жігі ажыратылмай, бір екпін, бір ырғақпен айтылатын сөз тобы бар. Оған күшейткіш үстеулер жатады (өте, тым, аса, орасан, тіпті т. б. ) . Бұлар басқа сөзбен тіркесіп келгенде бір-ақ екпінмен айтылады. Мұны тіл білімінде энклитика дейді. Энклитика - гректің «иілу» деген мағынадағы сөзінен жасалған термин.

Сын есімнің күшейткіш буындары да екпінді өзіне тартып, негізгі мағыналы сөзді энклитикаға айналдырады. Мысалы: жап-жақсы, әп-әдемі, біп-биік, қып-қызыл т. б. Күшейткіш буыны дыбыс жағынан деформацияланған: көкпеңбек, аппақ деген екі сөзде екпін бас буында тұрады.

Қазақ тіліндегі күрделі сан есім мен күрделі сын есімдердің алдыңғы сөздері екпінсіз айтылып, екпін соңғы сөзге түседі де, бәрі қосылып, бір ғана екпінге ие болады. Мысалы: он бес, он алты, жүз отыз бес, сары ала, қара ала, қызыл күрең, қара көк т. т. Мұндай құбылысты, яғни өзінен соң келген сөзбен қосылып айтлатын екпінсіз сөздерді проклитика дейді. Проклитика - гректің «алға иілу» деген сөзінен жаслаған термин.

Сөйлеу тілінде, поэзиялық шығармаларда екпін түспеген жіктік жалғауы қысқартылып айтылады. Бұл орфоэпиялық заңдылыққа жатады. Сондықтан текст орфоэпияның заңына бағындырылып оқылуға тиіс. Екпін түспеген буын редукцияланып ( ұнатамын - ұнатам , сөйлесемін - сөйлесем , ойнайды - ойнайд т. с. с. ) айтыла береді. Мысалы:

Кіп-кішкене момақан,

Қошақанды ұнатам. . .

Торғай-торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап ,

Бөтегесі томпайып,

«шиқ-шиқ» десіп отырад(ы )

Қазақ тілінде сөздің буын санына қарай негізгі екпінінен басқа көмекші екпін де болады. Көмекші екпін түскен буынмен салыстырғанда негізгі екпін қарқындылау айтылады.

Мысалы: айлакерлік, қайырымдылық десек, негізгі екпін -лық/лік қосымшаларына түседі де, көмекші екпін екінші не үшінші буындар да болады. Ұранды сөздерде немесе басқаша түрлі мәнерлеп айтылған (Эмфаза - эксрессив түрде айтылған) сөздердің екпіні бір буыннан екінші буынға көшіп отырады. Сәуле сурет салды деген сөйлемдегі Сәуле сөзінің дағдылы екпіні оның соңғы буынында тұр. Ал, Сәуле, әй Сәуле! - дегенде, екпін бастапқы буынға ауысып кетеді. Октябрь революциясы жасасын! - деген сөйлемдегі жасасын сөзінің дағдылы екпіннің орны орта буынға ауысқан.

Қазақ тілі екпіні тиянақты тілге жатқанмен осындай екпін ауытқулары, яғни кейбір жағдайда жылжымалы болып келуі ұшырайды, сондықтан бұл ережелерді тексті мәнерлеп оқуда есте сақтау керек.

Ал тілімізге орыс тілі арқылы енген сөздер қазақтың ежелден келе жатқан акцентуациялық нормасына түгел бағына кірген жоқ, олар орыс әдеби тілінің өз нормасын сақтап енді. Бұл жайды тексті оқығандағы кездесетін термин сөздерді айтқанда ескеру керек.

Екпін түспейтін қосымшалар:

Тіліміздегі -дай /-дей, -тай /-тей, -ма /-ме, -ба /-бе, -па /-пе, -ша /-ше сияқты қосымшаларға екпін түспейді. Мысалы: құлындай, көлдей, шаяндай, таудай

Жіктік жалғауларына да екпін түспейді.

Шылау сөздерге екпін түспейді.

МҰҒАЛІМ СӨЗІ:

Сөйлеу тілінде, поэзиялық шығармаларда екпін түспеген жіктік жалғауы қысқартылып айтылады. Бұл орфоэпиялық заңдылыққа жатады. Екпін түспеген буын редукцияланып (ұнатамын - ұнатам, сөйлесемін-сөйлесем) айтыла береді. Сөзді дұрыс айтуда көңіл аударатын бір жай - дауысты дыбыстардың басқа дыбыстармен қарым-қатынасқа түскенде естілуіне ұшырайтын өзгерістер. Оны дауысты дыбыстардың сапалық өзгерісі дейді. Сапалық өзгерістерге жататындар: 1. Элизия. 2. Редукция. 3. Протеза. Бұл құбылыстардың ұзақ тарихы, қалыптасу заңы, өзгеру себептері бар.

Элизия (мүлдем түсу)

Сөздің ішінде, болмаса сөз аралығында бір интонация, бір ритм-ырғақпен, бір екпінмен айтылған сөздерде дауысты дыбыстың айтылмай түсіп қалуын элизия дейді. Мысалы: Сарыағаш, Қараағаш сияқты біріккен сөздердің аралығындағы ы, а дыбыстары түсіп, Сарағаш, Қарағаш болып айтылады. Мұндай құбылыс сөз аралығында да кездеседі. Онда алдыңғы сөздің соңғы дыбысы түсіріліп айтылады, бірақ жазуда сақталады. Мысалы:

Орфографиясы Орфоэпиясы

қара ала қарала

көре алмайды көралмайд (ы) т. б.

2. Қос сөздер арасында келген дауыстылар да элизияға ұшырайды.

Орфографиясы Орфоэпиясы

өзді-өз өздөзі

үлгі-өнеге үлгөнөге

3. -ақ, -ау. - ай шылауларының алдындағы дауысты дыбыстар түсіріліп айтылады


Ұқсас жұмыстар
Дауыссыз дыбыстар, түрлері
Дауыссыз дыбыстар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі 5- сынып, салт және сабақты етістік 6- сынып
Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу
Мұғалімнің сұрақтарына жауап
Сұрақ құрастыра алмауы
Фонетикадан сабақтар топтамасы
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдауы
2-сыныпта өткенді қайталау
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz