Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Робот дизайн үлгісінің нобайын постерде орындау

Сабақ тақырыбы
Материалды таңдау және дайындау

Сынып
7

Мұғалім
Ешов Б

Мектеп
Әл-Фараби атындағы ЖОББММ

Күні
09.02.2023 ж

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.1.6.1-Конструкциялық, табиғи, және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық пен механикалық қасиеттерін және олардың қолдану аясын анықтау және сипаттау
Сабақ мақсаттары
Роботтардың бөлшектері (анатомиясы) қандай материалдардан жасалғанын анықтау
Роботтың физикалық , механикалық, және технологиялық қасиеттерін , өңделуін, беріктілігін, жапыстырылуын анықтау
Роботтың негізгі бөліктерін, қозғалмалы бөлшектерін, бекітілетін әдіс- тәсілдерін сипаттау
Жобада, қолданыстан шыққан материалдарды пайдалануды үйрену,көлемді 3D робот макетінің нобайын салу
Бағалау критерийлері
Роботтардың түрлі үлгілерін біледі.
Роботтың қозғалысты құрамалы бөліктерін және қандай материалдардан құрастырылатынын түсінеді.
Қолданыстан шыққан материалдарды ,көлемді 3D робот макетінің нобайында қолдана алады.
Тілдік мақсаттар

+ Робот-Робот-Robot
+ Дизайн-Дизайн-Design
+ Физикалық-физическое-physical
+ Механикалық-Механический-Mechanical
+ Технологиялық - Технологический-Technological
Құндылықтарды дарыту
Сабақ барысында еңбектену және эстетикалық құндылығын бойына сіңіреді. Оқушы бір-бірімен ынтымақтастықпен ашық пікір бөлісіп, шығармашылық көзқараспен еңбектенеді.
Пән аралық байланыстар
Математика пәнімен: Роботтың көлемді өлшем бірліктерін анықтап жобада қолдану
Бейнелеу өнер пәнімен: Робот нобайында үйлесімділікті анықтау
АКТ қолдану дағдылары
Жұмыс барысында материалдарға негізделген суреттемелер мен жазбалар жасауда бейне ролик көрсетіледі
Бастапқы білім
Жиналмалы бөлшектерден роботтарды дайындау.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут
Ұйымдастыру бөлімі
Пысықтау сұрақтары
Мақсаты: Тапсырма өткен сабақпен байланыстырып, тілдік мақсаттарды қамтиды.
Роботтар белгілі бір тапсырмаларда, жұмыста, сөйлей алады ма?
Заманауи роботтар қозғалысқа қалай енеді және қандай мақсатта қолданады?
Алғашқы роботтардың заманауи роботтардан айырмашылығы қандай?
Интер белсенді тақтасында бейнетаспа көрсету.
Мақсаты: Бейне ролик арқылы робот нобайының салыну кезеңдерін көрсету, оқушыларда алғашқы түсінік қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Материалдарды таңдау
Сабақ мақсаты :
Роботтардың бөлшектері (анатомиясы) қандай материалдардан жасалғанын анықтау.
Роботтың физикалық , механикалық, және технологиялық қасиеттерін, өңделуін, беріктілігін, жапыстырылуын анықтау.
Бағалау критерийлері:
Роботтардың түрлі үлгілерін біледі.
Роботтың қозғалысты құрамалы бөліктерін және қандай материалдардан құрастырылатынын түсінеді.
Қолжетімді материалдан жасалған роботтар.

Қағаздан жасалған роботтар
Сабақтың ортасы
10 минут

15 минут

Оқушылармен бірге нобай орындамас бұрын графикалық құжаттар, нобай дизайн дегеніміз не екенін естеріне салу.
Тақырыбы:Робот өзқолыммен
Мақсаты: Бейне ролик арқылы қалдық заттар немесе электр құралдарының ұсақ элементтерінен,жасалынған робот модельін көрсету, оқушыларда алғашқы түсінік қалыптастыру.
Топтық жұмыс
Тапсырма №1
Робот дизайн үлгісінің нобайын постерде орындау.
Робот үлгісінде қажетті материалдарды таңдау барысында олардың әртүрлі физикалық , механикалық, және технологиялық қасиеттерін , өңделуін, беріктілігін, жапыстырылуын анықтау.
Роботтың негізгі бөліктерін, қозғалмалы бөлшектерін, бекітілетін әдіс- тәсілдерін сипаттау.
Тапсырманың бағалау критериясы:
oo Робот дизайн үлгісінің нобайын постерде орындай алады.
Робот үлгісінде қажетті материалдарды таңдай алады.
Физикалық , механикалық, және технологиялық қасиеттерін , өңделуін, беріктілігін, жапыстырылуын анықтайды.
Роботтың негізгі бөліктерін, қозғалмалы бөлшектерін және бекітілетін әдіс- тәсілдерін сипаттайды.

Сабақтың соңы
5 минут
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта үйрендім ____________________________________
Сабақта маған ұнағаны ____________________________________
Мен үшін ең қиын болғаны _________________________________

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдарымен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуым үмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Ұқсас жұмыстар
Қолжетімді материалдан жасалған роботтар
Сабақтың мақсаттары. Сабақтың тақырыбы
Робот техникасы Қазақстан мектептерінде
Шығармашылық жұмыстың атауы
Сабақ мақсаттары тоқыма өнімдерінің трансформациясын білу
Cisco Packet Tracer симулятор бағдарламасында жергілікті желіні баптау
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
Биші Робот жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс
Ахмет байтұрсынов екі шыбын
Жүк тасымалдағыш робот жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс
Пәндер