Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жетісу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сыныбы бойынша
І - жартыжылдыққа жүргізілген
іс-шараларына анықтама.
2022-2023 оқу жылы
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
- Рухани-адамгершілік тәрбие
- Ұлттық тәрбие
- Отбасы тәрбиесі
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Биылғы оқу жылында сыныпта 8 оқушы бар. Оның 5 - еуі ұл бала, 3 қыз бала. Үлгермейтін оқушы жоқ. І - тоқсанды 50 пайызбен аяқтадық. Сынып оқушыларын адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, жан - жақты, мол сауатты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасалып бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді. Атап айтсам:
І. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық - зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
1. 06. 09. 2022 жыл
Білім күніне арналған. «Қазақстан - ортақ үйіміз»
2. Сынып жиналысы а) «Мінез-құлық мәдениеті - адамгершілік тәрбиенің құрамдас бөлігі » тақырыбында мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында танымдық әңгіме жүргізілді.
ә) Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.
б) Оқушының +құқықтары мен міндеттері.
б ) . «Біз бәріміз теңбіз» құқықбұзушылықтың алдын алу
3. «Біз бәріміз теңбіз» құқықбұзушылықтың алдын алу 4. «Құқық әлемінде» 5. «Желтоқсан желі ызғарлы»
11. 10. 2022 жыл «Есірткі, есірткіқұмарлық (нашақорлық) және уытты заттарға әуестік (токсикомания) деген не?» тақырыбында ашық сыныптан тыс сағаты өтті.
Мақсаты:
- білім алушыларға нашақорлық, уыттызаттарға әуестік саласындағы бірқатар ұғымдарды білудің маңыздылығына көздерін жеткізу;
- оларға қалай қарсы тұру керектігі турасындағы алғашқы білімдермен таныстыру;
- білімалушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
08. 11. 2022жыл «Зорлық-зомбылықсыз, қатігездіксіз- болашаққа!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
15. 12. 2022 жылы «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбында ашық сыныптан тыс сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
27. 12. 2022 Сынып жиналысы
а) «Зорлық-зомбылықсыз, қатігездіксіз болашаққа!»
ә) 2-тоқсанның қорытындысы
б) Аудандық пән олимпиадасы туралы.
в ) ББЖМ туралы.
ІІ. Рухани - адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани - адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
1. 04. 10. 2022 жыл. 1. «Қарттарымыз аман болсын» тақырыбындағы сынып сағаты.
Мақсаты: Жасы үлкенді сыйлауға, халқымыздың дәстүрін қадірлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
III. Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
1. 13. 09. 2022 «А. Байтұрсыновқа 150 жыл».
Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
2. 27. 09. 2022 жыл «Тіл - ұлттың қазынасы»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
3. 20. 12. 2022 жылы «Ұлттық құндылықтар -тәрбиенің түп қазығы» пікіралмасу өтті
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
4. Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: Ата - аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық - педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру
- 20. 09. 2022 жыл«Отбасы - өмір аясы» сынып сағаты
Мақсаты: а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым - қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту
1. «Еңбек түбі - береке». 2. «Жемістер дәрумендерге толы»
- жыл «Ұлттық валютамыз - тәуелсіздігіміздің көрсеткіші» сынып сағаты
Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. 2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу. 3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру
1.
18. 10. 2022 жыл
«Білімді мыңды жығады!»
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
7. Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие
Мақсаты : Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін - өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
22. 11. 2022 жыл «Жақсы мінез-жан айнасы» мектеп психологымен сыныптан тыс тренинг сабағы.
Мақсаты: Оқушыларға бозбала мен бойжеткеннің жеке басынан дараланып байқалатын психикалық сипаттарының бірі- мінез бен темперамент жайлы айту. Әрқайсысының жеке дара өзгешеліктері мен мінез- құлықтарын анықтау.
Жақсы мінез- құлықтарды бойына сіңірген, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын азамат пен азаматша тәрбиелеу.
29. 11. 2022 жыл «Оқушы мен ұстаз мәдениеті» дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
06. 12. 2022 жыл «Денсаулықты сақтаудың тиімді жолдары» сынып сабағы
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзінөзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
2022-2023 оқу жылының 01 қыркүйек күніне 9- сыныптың оқушылары «»Менің ойларым, армандарым, үміттерім» тақырыбына өз армандарын бейнежазбаға түсірілім жасап интернет желісіне жариялады: фейсбук пен инстаграм парақшаларына;
Сынып сағаты |
Ұлттық тәрбие |
Тәрбие бағыттары |
Отбасы тәрбиесі |
Тәжірибенің мақсаты |
Топ старостасы |
Мектеп тәлімгері |
Тәрбие жоспары. 9 сынып |
Жылдық тәрбие жоспары 9 сынып |
Ерекше қабілетті оқушы |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz