Ғаламтор қазақ тілінде

«Бекітемін» «Келісемін» Бірлестік отырысында қаралды

№48 Ә. Қоңыратбаев атындағы Мектеп-лицей директорының Хаттама №

мектеп-лицейінің директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Әдіс бірлестігінің жетекшісі

Г. Қ. Бектегенова Қ. Шегебаева Ш. Дәулетова «»2022 ж. «»2022 ж. «»2022 ж.

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 7

Сағат саны: Жылдық - 72 сағат; апталық - 2 сағат

Оқулық: Қазақ тілі 7-сынып. Авторлары: Б. Қапалбек, С. Жантасова, Т. Мадиева

Алматы « Мектеп» 2017 жыл

Пән мұғалімі:

2022 -2023 оқу жылы

Түсінік хат

  1. Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме

Орта мерзімді оқу жоспары қазақ мектептерінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептерінің 7-сыныбына әзірленді.

Орта мерзімді оқу жоспары мұғалімге лексикалық тақырыптар негізінде, оқушы игеруге тиіс оқу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынып, белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көмек беруді көздейді.

Орта мерзімді оқу жоспары оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, алған білімін өмірдің кез келген саласында тиімді қолдана білуіне ықпал етеді.

Пәнді оқытуға аптасына 2 сағаттан, барлығы 72 сағат бөлінген.

Лексикалық тақырыптар мақсаты.

Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес орта мерзімді жоспардағы 10 бөлімде төмендегі лексикалық тақырыптар қамтылған: «Ауа райы және климаттық өзгерістер», «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық», «Сүйіспеншілік пен достық», «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы», «Ғаламтор және әлеуметтік желілер», «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар», «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым», «Ғылыми фантастика». Лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары

Оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде 7- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым) . Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.

Пәнаралық байланыс, шынайы өмірмен байланыс.

7- сыныптың орта мерзімді жоспарындағы лексикалық тақырыптарды меңгерту

«География», «Биология», «Музыка», «Информатика», «Физика», «Бейнелеу өнері», «Дене шынықтыру», «Технология», , «Қазақстан тарихы» пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Пәндерді кіріктіріп оқыту кезінде басқа пән мұғалімдерімен бірлесіп, командалық сабақ жоспарларын әзірлеуге болады. Сондай-ақ, осы пәндермен кіріктірілген сабақ жоспарын құрып жүргізуіне болады. Мұғалім қазақ тілін басқа пәндермен тығыз байланыста оқыту арқылы оқушының академиялық сөйлеу және жазба тілін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Лексикалық тақырыптар ретінде сұрыпталып іріктелінген мәтіндер мен оларға байланысты құрылған тапсырмалар шынайы өмірмен байланысты жағдаяттардан туындап немесе соған жуықтатылуы тиіс. Сонымен қатар, оқу материалдарының мазмұны мен тапсырмалардың орындалу логикасы оқушылардың даму деңгейіне сай ойлау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынады.

Грамматиканы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқыту

Орта мерзімді жоспарда оқушылар меңгеруге тиісті грамматикалық тақырыптар көрсетілген:

  • Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сайжазу;
  • Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;
  • Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініпқолдану;
  • Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысындақолдану;
  • Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініпқолдану;
  • Шылау түрлерін ажырата білу, орындықолдану;
  • Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану;
  • Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажыратабілу;
  • Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрысқолдану.

Қазақ тілін қазақ мектебінде ана тілі ретінде дәстүрлі оқытуда грамматиканы «тіл формасынан тіл мазмұнына қарай жүрумен» оқытып келсе, грамматиканы функционалдық оқытуда «тіл бірлігінің қызметінен оның формасына қарай жүру» логикасына қарай өзгерді.

Бір жағынан, нақты мәнмәтінде, мәтінде қандай грамматикалық құралдар қатысып тұрғанын көрсету мақсаты көзделінсе, екінші жағынан, грамматикалық тәсілдер тобы арқылы берілетін семантикалық функцияларды талдау мен жинақтаукөзделеді.

Грамматиканы функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматикалық бірліктердің функциялары мен формалары тығыз бірлікте қарастырылады.

Грамматиканың формалды жағы - грамматикалық бірліктердің таптарға жіктелуі, категорияларға бөлінуі арқылы танылады.

Енді осы грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту функционалдық грамматиканың міндеті болыптабылады.

Сөйтіп, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру бірізділігі оның білдіретін мағыналық қызметімен тығыз байланыста жүргізілуі керек. Ондай мүмкіндіктер мәтіндерді қолдана отырып оқытуда молынан табылады.

Қазақ тілін оқытудың жаңа басым бағыттары: функционалдық, мәтінге негізделген, коммуникативтік әрекет.

Сондықтан қазақ тілі сабақтарының заманауи талаптары: тіл бірліктерінің мәтінқұраушы және көркем-мәнерлі функцияларын таныту негізінде құрылған жаңа білім мазмұны, грамматиканы функционалдық негізде оқытудағы мәтіннің білім көзі ретіндегі маңызды орны, қазақ тілі мен қазақша сөйлеу және жазба тілінің тұтастықта танылуын көздейтін жаттығулар жүйесі.

Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытудың әдіс- тәсілдері.

Орта мерзімді жоспарда ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу және ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс.

Тыңдалымға арналаған сабақ құрылымы:
  • Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
  • Тыңдалым тапсырмасы: әр түрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулер ітиіс. Сонымен қатар сұрақта ржауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т. б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады.

Оқылымға арналған сабақ құрылымы:
  • Оқылым алдындағы тапсырма:мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
  • Оқылым тапсырмасы:әр түрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар) . Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
  • Оқылымнан кейінгі тапсырма:мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушыларды ңөмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.
Жазылымға арналған сабақ құрылымы:

Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз - тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т. б.

Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стил інің деңгейлері : ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері) ; жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; .

Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылымүдерісі.

Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз . Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны дабереді.

Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндікбереді.

Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:
  • Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;
  • Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;
  • Шимай нұсқасын() жазыпкөру
  • Түзету және редакциялау ( )
  • Тексеріп шығу ()
  • Дұрыс нұсқаны (екіншінемесе соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.

Орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарын жүзеге асыруда ұсынылған әдіс- тәсілдермен қатар, мұғалім өзі тиімді деп тапқан басқа әдіс-тәсілдерді де қолдана алады.

Ресурстармен жұмыс туралы

Қазақ тілі сабақтарында мұғалім оқулықтармен қатар, ғаламтор желісінен алынған есту және көру материалдарын, аудиохабарламаларды, телебағдарламаларды, газет- журналдардан алынған ақпараттарды, кесте, диаграмма, сызбаларда берілген мәліметтерді де таңдайалады.

Оқу жоспарында ұсынылған ресурстар мұғалім үшін бағыт-бағдар ретінде беріліп отыр. Мұғалім оларды қажеттілігіне, сынып деңгейіне, жас ерекшелігіне қарай өзгерте алад

«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

7-сынып

Жылына- 72 с, аптасына - 2 c.


Ұқсас жұмыстар
Топ басшыларының бағасы
Формативті және суммативті бағалау
Тіл ұстарту. 7 сынып
My day
Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Паскаль программалау тілінде өрнектерді жазу
Орта мерзімді сабақ жоспары іі жартыжылдық. қазақ тіл, әдебиеті. 7-сынып
Do we know english well?
Ағылшын тілі пәнінен орта мерзімді жоспар
8-сынып қазақ әдебиеті орта мерзімді жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz