Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Наурыз атаулары, Наурыз көже

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:
<<Бақ берекем, құт берекем- әз Наурыз!>>

Орындаған: Бәйтен Меруерт
Қабылдаған: Лекерова Жансая Жанахметовна

2022-2023
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т. б. с. <<Жыл басы - Наурыз>> тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым - тыйымдары туралы түсінік беру.
2 - Халық әндерімен билерін тамашалау.
3 - Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
4 - Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау ) Наурыз көже ішуден сайыстар. Жүрісі:
Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым - тыйымдары туралы түсінік беру. Халық әндері мен билерін тамашалау. Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау. Ұлттық ойындардан көрініс (күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау) Наурыз көже ішуден сайыстар. <<Достығымыз жарасқан>> Ұлттық билерден сайыс. (Әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді)
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз <<жаңа күн>> деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Көктемді жыл басы, табиғат жаңашылы деп білеміз. Өйткені, көктемде ұйықтап жатқан аң оянады, жер көктейді. Сай - сала суға толады, алғашқы гүлдер шығады, құстар мекеніне қайтады.
Наурыз мейрамы - Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі.
Наурыз - бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау - жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен - кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бұл күн - күн мен түннің теңелетін, жан - жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы - наурыз парсыша <<нау>> (жаңа) және <<руз>> (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.
<<Ұлыстың ұлы күні>> жайында аңыз
Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді <<Ұлыстың ұлы күні>> деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің <<Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы>> жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың <<хибиғи>>, <<хұзағи>> деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының <<нау>> сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша <<нау>> сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы

Ұқсас жұмыстар
Наурыз тойын әдемі
Наурыз мейрамына арналған ертеңгіліктің сценарийі. ортаңғы тобы, 2015 ж
Ө.Ақыпбеков Наурыз-жыл басы
Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні
Күлімде, Наурыз, күлімде
Қазақ дастарханы
Ұлыстың ұлы күні. Қазақтың ұлттық тағамдары
Мақалды толықтырып жаз
Наурыз көже. Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру
Наурыз тойым, Наурыз тойым
Пәндер