3-сыныпқа арналған Microsoft Word мәтіндік редакторы бойынша сабақ жоспары

Сабақтың барысы
Сабақтың басы
(0-10мин)
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Қайталау
• Файл - дегеніміз …
• Бумада бір атаумен аталған екі файл орналаса ма?
• Файлдың аты қайдан пайда болады?
«Шаттық шеңбері».
Тілек айту.
Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын тілек айтады. Мысалы, Болат, белсенді бол, Алма, ақылды бол т. б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.
Сабақтың ортасы
(11-40 мин)
Жаңа сабақ(11-25мин)
Жаңа сабақ.
Microsoft Word мәтіндік бағдараламасын іске қосу үшін: Бастау Бағдарламалар -- Microsoft office Microsoft Word
Пернетақта 4 бөліктен тұрады:
1. Әріптік - сандық пернелер.
2. Жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері
3. Жетелік пернелер (функционалдық F1 - F - 12)
4. Сандық пернелер Оларды іске қосу ын және өшіруін растайтын перне Num Lock деп аталады.
Microsoft Word - терезесінде Пішім құралдар үстелі батырмаларының көмегімен мәтінді безендіруге байланысты барлық негізгі әрекеттерді орындауға болады. :
• Қаріп типін таңдау;
• Қаріп өлшемін белгілеу;
• Қаріп мәнерін белгілеу;
• Мәтінді туралауды белгілеу;
• Мәтінді бағандарға бөлу;
• Тізімдер жасау;
• Мәтін жиектерін жасау;
• Мәтінді бояу түсін белгілеу;
• Мәтін түсін белгілеу:
https://youtu. be/qgnuAgtjkgw
Сабақты талдау
26-43мин
«Фишбоун» әдісі
MS WORD ТАҚЫРЫБЫНА
Бекіту
Сабақты бекіту
1 мин
Бағалау
1 мин
Үйге тапсырма. Microsoft Word бағдарламасы арқылы оқулықтағы 55 беттегі мәтінді теру.
«Кемпірқосақ» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды.
Сабақ түсінікті, қызықты өтсе оқушылар жарқыраған күн, жайнаған гүлдер, әдемі көбелектер, құстар жапсырып, жаздың әдемі көңілді күнін жасап шығарады.
Ал, сабақ түсініксіз, ұнамаған жағдайда бұлтты аспан, солған гүлдер жапсырады.