Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақтың ұлттық өнері

Күні: 06.03.2023ж.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық өнері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың халқымыздың ұлттық өнерлері жайлы білімдерін нығайту және оларға бірнеше өнер түрлерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Карталар, суреттер, портрет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ:
Казақ халқының қол өнері қандай бай, ғажап зор десеңізші. Оның тұңғұйық түпсіз тереңіне сүңгу, өлшеусіз кеңдігі мен ерен байлылығын, сан қырлы даму заңдылықтарын терең зерттей отырып, оны келешек ұрпаққа қалай үйретудің жолын іздестіру ұстаз қауымның үлкен парызы.
Өнерді жасаушы халық. Қазіргі біз қолданып жүрген халық өрнектері көптеген ғасырлар бойы қалыптасып: ұзақ уақыт сынынан өткен. Оның мазмұнын шыңдай түсуге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, тарихы, философиялық ой түсінігі жұмсалалы десеңізші. Сондықтан да ол бүгін өте әсем де әдемі, ойлы да жатық көрінеді. Құрамы кең де әрі қарапайып жинақы. Рет-ретімен ал да керегіңе жарата біл. Сондықтан да халқымыздың төл өнерін қадірлеу, оның әсемдігін, байлығын сақтап, құпия сырын үйренумен қатар келешек ұрпаққа үйрету де ұстаз алдына қойылар үлкен мақсат болып табылады.
Халқымыздың замандар бойында жинақталған бай тәжірибесін, ақыл-ой тілегін, әдемі рәсімін, инабаттылық сабақтарын жеткіншек қауымға дарыта алмасақ, осының өзі тәлім-тәрбие мәселесінде өтелмеген үлкен парыз болып қалмақ.
Халық мұрасының тегі, жанрлары, түрлері осылайша бірте-бірте қалыптасады; көркемдік формалар, бейнелеу құралдары, оқиғалық жүйелер, құрылыстық қалыптар, олардың өзара сәйкестігі мен байланысы анықталып, бертін келе дәстүрлі өнер жолына айналады. Халық мұрасындағы өнер шығармаларын терең зерттеп оны келешек жас ұрпаққа ұсыну, жас талапкер иесін өмірде күнделікті кездесетін біріңгай сыңаржақ күйбеңнен арылуға, өнер құдыретін терең түсінуге, қажыр қайратын шыңдай түсуге тәрбиелейді, өнерде эмоциялық серпіліс әпереді. Бұл көптеген өнер құдыретіне байланысты көркем сана саласында мерейі үстем ұлағатты өнерге тән салтанат. Мұны жасаушылардың басы-қасында халық мұрасының баға жетпес туындылары көркемдік құрал, зиялылық пен қайрымдылықтың болашаққа бой ұрып, өмірді түсінудің құралы болып тұр.
Ұлттық көне мұраларымызды қазіргі заман талабына сай марқаюымыздың, оқып үйрену мен тәрбиенің жанды бөлшегіне айналдыру, оны нақтылы ғылыми зердемен тану, әсіресе педагогикалық-эстетикалық қасиеттерін аша түсу кемелденуіміздің өзекті шарты болмақ.
Халқымыздың ұлттық қолөнері ескі заман тарихымен ғана емес, сондай-ақ туысқан Орта Азия халықтары қолөнерімен де ұштасып жатады. Қазақ халқының тарихы басқа халықтардікі сияқты өндірістік қатынастар дамуының шежіресі. <<Қазақстан тарихы - бұл ең алдымен материалдық байлықтарды өндірушілердің тарихы, еңбекші бұқараның тарихы, олардың әлеуметтік және езушілердің езілшілерге қарсы күресінің тарихы. Міне сондықтан да қазақ халқында қолөнердің қалыптасу кезеңдерін Қазақстан тарихымен байланыстыра сөз еткен дұрыс.
Арада мыңдаған жылдар өткенде адам сүйек, мүйіз, ағаштан құрал-жабдықтар: қанжар, жебе, түйреуіш, біз, шанышқы, ине т. сондай сондайларды жасап үйренеді. Сүйек, мүйіз тағы басқа заттарды әшекейлеу және өрнектеу де нақ осы шамада.
Қоладан, мыстан, алтыннан істелген бұйымдарға бұрынғыша хайунаттар суреттері бедерленеді. "Есік" обасынан табылған сақ ақинақ-қанжары өте-мөте шебер жасалған. Оның сабының жоғары екі жағына алтын қаптырмалар көмкерілген. Олардың бірінде жұқа бедермен он екі, екншісінде - тоғыз жатқан күйіндегі аңдар бейнеленген. Олардың арасында жылқының, түлкінің, қасқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, қоянның шагын мүсіндері бар. Бұлардың барлығы ерте кезең өнеріне тән болған статикалық кейіпте бедерленген. Бұдан біздің территориямызды мекендеген халықтардың бірінен-бірі өнеге ала, бірінің өнерін бірі мұра тұта дамытып отырғанын көреміз.
Негізінде Халқымыздың ұлттық қолөнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеуден бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, керамика мен түсті металға, жасау-жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектер мен әшекейлеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті.
Сабақты қорытындылау:
- Сүйек, мүйіз тағы басқа заттарды қандай мақсактта қолданған ?
- Халқымыздың қол өнері ерте кезеңде қандай деңгейде болған ?
- Қазақ халқында ерьеден келе жатқан қандай өнер түрлерін білесіздер ?
Үйге тапсырма: Қазақ халқының қолөнерінің үздік үлгісі ретінде саналатын <<ер-тоқым>> жайлы қызықты деректер ізденіп келу.

Ұқсас жұмыстар
"қазақ халқының музыка өнері" ашық сабақ 5 сынып
Геометриялық оюлар
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Театр костюмдерін дайындау өнері
«ұлттық мәдениеттану негіздері» курсы бағдарламасы
Қазақтың мидай даласы
"наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері" ашық сабақ 5 сынып
Тері өңдеу өнері
Жігіт сұлтаны 2014 "сегіз қырлы бір сырлы" 7 сыныптар арасында
Тақырып Қазақтың ұлттық киімдері
Пәндер