Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құттықтау сөзі

Тақырыбы: " Шуағын шашқан -- Аялы алақан"
Сабақтың мақсаты:
1) Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру;
2) Ана еңбегін ешнәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтінін, сондықтан да барлық ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
3) Балалардың анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, слайд, аналар туралы мақал -- мәтелдер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Құттықтау сөзі

1-жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

2-жүргізуші:
-- Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны -- аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар -- өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған 5 - сыныптар арасындағы " Шуағын шашқан -- Аялы алақан"атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
-- дей келе, абзал аналар, енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.

Оқушы:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан

Оқушы:
Бәрі де, Ана бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең -дастанды
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм,ол да сендік сүт еді.
Отанымның өзі сенен басталып,
Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Ән:<<Әже>> , орындайтын: Айшуақ Даурен және Нурбергенов Алмас

2-жүргізуші:
-Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол -- жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір -- ақ адамды білесің. Ол -- ана!Олай болса ана туралы мақал -- мәтел айтайық.
Мен макал - мәтелдің басын айтамын,ары қарай оқушылар жалғастырады
1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Ердің анасы -- елдің анасы.
4. Ағайын алтау -- ана біреу.
5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
8.Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
9. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
10.Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Оқушы:
Ұйықтамадың түнімен, айта алмаймын,
Анашым сен барда мен қартаймаймын.
Ауырмашы, мәңгі соқсын жүрегің,
Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің.
Сүріңгенде күш беріп аяладың,
Қалайша сен барда мен қартаямын?

Оқушы:
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен депжаздымалғашөлеңдастанды.
Қуандымба,
Өзің бар депқуандым.
Жыладымба,
Өзіңжоқдепжастамды.
Бәрі де, Ана,
Бірөзіңненбасталды.

Оқушы:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде.
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Баршаана, құттыболсынмерекеңіз!

Ән: <<Апа туган күніңмен>>. Орындайтын: Нургалиева Айгул.

Оқушы:
Балалар анамызды құрметтейік
Көңілін ешқашанда кірлетпейік
Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.
Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.

1-жүргізуші
-Енді аналарымызды ортаға шақырып ойын ұсынамыз. Екі шарт орындалады.
1. Ата -- аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
2. Ата - аналар шарларды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Жүргізуші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық <<Қазақ биін>>.
Ортада қазақ биімен Жарылғас
Тілекші және Қаражанова Динара қыздарыңызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші
-Келесі кезекті <<Ана махаббаты>> атты көрініске береміз.
Көріністен түйген ой
1-жүргізуші
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді ,аяйды.

Хор <<Ана туралы жыр>>
Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз.Бүгінгі
" Шуағын шашқан -- Аялы алақан"атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен -- көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын.Енді сөз кезегін аналарға береміз.

Ұқсас жұмыстар
«сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы
Соңғы қонырау сценарийі
Қожакент ауылы
Мемлекеттік мекеме Құрық гимназиясының 5 жылдық мерекесіне арналған сазды бағдарламасы
1 қыркүйек салтанатты жиын сценарийі
Айбарлы асқар елді асқақтатар ата заң! конституция күніне арналған іс шара
«иман айнасы» кездесу кеші
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау туралы
<<мейірімді жүрек>>
Жасыл шырша жанында
Пәндер