Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді дөңгелектеу
Барлық оқушылар: Жай және ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады.
Сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі : Есеп мәтіні бойынша өрнектер құрастырады. Тізбектің белгісіз мүшелерін таба алады
Кейбір оқушылар : Мәтін есептің математикалық моделін құрастыра алады.
- Мәтін есептерді шығару үшін бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданады;
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
Қызығушылық-ты ояту.
2 мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу
Психологиялық дайындық:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
Топқа бөлу: санау арқылы топқа бөлу
Өткен сабаққа шолу
3 мин
1. Алғашқы білімдерін, үй жұмысын тексеру
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Өткен тақырыпты тексеруге қайталау сұрақтары: Ой қозғау (сұрақ-жауап)
«Біліміңді сынап көр» Графикалық диктант. «иә» болса ٧, «жоқ» болса _ белгісін қойыңдар.
1. Ондық бөлшектер бүтінге дейін, ондық үлестерге дейін, жүздік үлестерге дейін және т. с. с. дөңгелектенеді. (иә) .
2. Санды дөңгелектегенде сан өзінің дәл мәніне ие болады. (жоқ) .
3. Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыруды осы санды бүтінге дейін дөңгелектеу деп атайды. (иә) .
4. Егер нөлдермен алмастырылатын немесе алынып тасталынатын бірінші цифр 5, 6, 7, 8, 9 цифры болса, онда оның сол жағындағы цифр 1 - ге арттырылады. (иә) .
5. Санды дөңгелектеген кезінде, оның дәл мәніне барынша жақын мәні алынады. (иә) .
6. Ондық бөлшектерді дөңгелектегенде бөлшек бөлікте қалған цифрлардың соңғысы 0 болып келсе, онда оны алып тастауға болады. (жоқ) .
7. Егер нөлдермен алмастырылатын немесе алынып тасталынатын бірінші цифр 0, 1, 2, 3, 4 цифры болса, онда оның сол жағындағы цифр өзгермейді. (иә) .
Үй тапсырмасын сұрау. №1000
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушы-ның танымдық дағдысы артады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсе-ту» тәсілі көрінеді. Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
35 мин.
Топтық жұмыс
13 мин
Жаңа сабақ: Ондық бөлшектерді дөңгелектеу
Топтық жұмыс. Ойлан, жұптас, бөліс әдісі
1-топ: Қолдану;
І топ: №960. Автотурист бiрiншi күнi 120 км жол жүрдi. Бұл оның екiншi күнгi жүрген жолының 0‚8-iндей. Автотурист екi күнде неше километр жол жүрдi?
120*0, 8=96 120+96=216км
№1005 Сандар тізбегінің заңдылығын анықтап, келесі үш мүшесін жазыңдар:
ІІ топ: №961. Бағбан жинаған жүзiмдi екi жәшiкке салды. Бiрiншi жәшiктегi жүзiм 8, 4кг, ал екiншi жәшiктегi жүзiм одан 1, 2 есе кем. Екi жәшiкте неше ки лограмм жүзiм бар?
8, 4:1, 2=7 8, 4кг+7кг=15, 4кг
№1006 Сандар тізбегінің алдыңғы екі мүшесін жазыңдар:
ІІІ топ: №962. Тiк төртбұрыштың периметрi 16, 6 см, ұзындығы 4, 5см. Тiк төртбұрыштың ауданын табыңдар.
16, 6:2=8, 3см 8, 3см-4, 5см=3, 8см 3, 8см*4, 5см=17, 1см 2
№1007 Сандар тізбегінің ортадағы 2 мүшесін жазып, тізбекті толықтырыңдар:
Бағалау: Мұғалімнің мадақтауы, қолдау көрсетуі. Сыныптастарының пікірлері.
978. Компьютерде терушi шығарманың 0‚5-iн теруге алды. Ол өзiне алған шығарма беттерiнiң 0‚7-сiн тергенде‚ терiлмеген 6 бетi қалды. Шығармада барлығы неше бет болған?
1-0. 7=0. 3(6 бет) 0, 7*6=4, 2 4, 2:0, 3=14 14+6=20 20×2=40 бет барлығы
Бағалау : Оқушылар бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс:
1. Белсенділік танытулары
2. Өз ойларын толық жеткізе білуі, сұрақтарға толық жауап беруі
3. Тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білуі, есепті дұрыс шығаруы
Әр топта бақылаушылар өз топтарына баға береді
1. Топтағы оқушылар-дың белсенді қатысуы
2. Оқушылардың есепті дұрыс шығаруы
"Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы бағалайды Тапсырмалардың дұрыстығын орнында отырып шығарып орындаған оқушылар-дың жауаптарымен салыстыра отырып, тақтаға жазамыз .
Топтар қабілеттеріне қарай тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда, уақыты жетіп жатса келесі топ тапсырмаларын орындауға болады.
-Сұрақтарға жауап береді;
Оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.
-Жарайсың!
-Жақсы!
Дескриптор:
- бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын табады.
- Есептің шартын жазады;
- Санды өрнек құрады;
- Арифметикалық амалдар қолданады;
Мәтін есептің жауабын табады.
Жалпы - 3 балл
1. Бағалауы: ф/б: Екі жұлдыз, бір ұсыныс Нәтижелері бағалау парағына түсіріледі.
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
Оқулық ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд. тапсырмалары
Сергіту сәті
2мин
Сергіту сәті. Сөзұмбақ.
1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында, Ұзындығы жазулы тұр бойында. ( сызғыш) 2. Уақытты көрсететін құрал. (сағат)
3. Қандай санға бөлуге болмайды ?(нөл)
4. Құрамында белгісізі бар теңдік ?(теңдеу) 5. Миллионда неше нөл бар ?(алты)
6. Бір жағынан нүктемен шектелген түзу; (сәуле)
7. Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)
8. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады ?(бір)
9. 1 сағатта неше минут бар ?(алпыс)
10. Шаршының неше қабырғасы бар?(төрт) Конец
Жұптық жұмыс
10 мин
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
Сандар тізбегінің ортадағы 2 мүшесін жазып, тізбекті толықтырыңдар:
І жұп: 1) 0, 4; 0, 7; 1; . . . ; 1, 9; 2, 2; 2, 5;
ІІ жұп: 2) 9, 3; 9, 1; 8, 9; . . . ; 8, 3; 8, 1; 7, 9;
ІІІ жұп:3) 0, 03; 0, 06; 0, 12; . . . ; 0, 96; 1, 92; 3, 84;
Дескриптор: 1. Сандар тізбегінің ортадағы екі мүшесін табады;
Жалпы - 3 балл
Тапсырмаларын әр жұп бір-бірімен алмастыра отырып тексертіп, бармақ-пен бағалатамын.
ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
Жеке жұмыс
10 мин
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.
Бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтаңыз:
a) 1, 2; 1, 8; 2, 4; 3; . . . c) 0, 9; 1, 8; 3, 6; 7, 2; . . .
b) 9, 6; 8, 9; 8, 2; 7, 5; . . .
а) Тік төртбұрыштың ұзындығы 8, 4см, ал ені одан 1, 4 есе кем. Тік төртбұрыштың периметрін және ауданын табыңыз.
a=8. 4 b=1, 4 есе кем b=8. 4:1. 4=6
P=2(a+b) =2(8. 4+6) =28, 8см
S=a*b=8. 4*6=50, 4см 2
ә) Мектеп ертеңгілігіне бірдей сыйлықтар дайындау үшін карамель және шоколад кәмпиттері алынды. Карамель 3, 2кг, ал шоколад кәмпиттері 1, 6кг-ға артық. Егер сыйлықтың әрқайсысында 0, 2кг карамель болса, онда сыйлықтағы кәмпиттердің массасын табыңыз.
3, 2+1, 6=4, 8кг 8:0, 2=40
Оқушылар берілген тапсырманы жеке орындап, дискрип-тормен бағаланады.
Нәтижелер бағалау парағына түсіріліп отырады.
Кері байланыс.
Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?
Қандай қиындық туындады?
Қиындық тудырған есептің шешімі қалайтабылды?
Дескриптор: Білім алушы
- бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын табады.
- Есептің шартын жазады;
- Санды өрнек құрады;
- Арифметикалық амалдар қолданады;
Мәтін есептің жауабын табады.
Бағалау: өзін-өзі
бағалау
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
5 мин.
Сабақты қорытындылау.
«Бес саусақ» кері байланысы.
Оқушылар өз қолын салады да, әрбір саусақта сәйкес жазуларды орындайды.
Шынашақ (кіші бөбек) - ойлау процессі; мен бүгін қандай ақпарат не тәжірибе алдым?
Аты жоқ саусақ- мақсатқа жету; мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім?
Ортан терек - көңіл-күй жағдайы; менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қалай әсер етті? Неліктен?
Сұқ саусақ (балаң үйрек) - көмек, қызмет көрсету; мен бүгін кімге көмек көрсеттім? Ол қандай нәтиже берді?
Үйге тапсырма беріледі.
Алдамұратова. Т. А «Атамұра»,
Математика 5- сынып.
2017 ж.
Сөзұмбақ.
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында, Ұзындығы жазулы тұр бойында.
2. Уақытты көрсететін құрал.
3. Қандай санға бөлуге болмайды ?
4. Құрамында белгісізі бар теңдік ?
5. Миллионда неше нөл бар ?
6. Бір жағынан нүктемен шектелген түзу;
7. Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы.
8. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады ?
9. 1 сағатта неше минут бар ?
10. Шаршының неше қабырғасы бар ?
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
1-жұп: Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін: 1 ) 9, 12 2) 0, 281 ; 3) 52, 513; 4) 2, 8711 ; 5) 5, 826;
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
2-жұп: Жүздік үлестерге дейін 1) 12, 513; 2) 8, 4237; 3) 26, 0402; 4) 2, 938; 5) 3, 5462
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
3-жұп: Мыңдық үлеске дейін 1) 0, 61371; 2) 7, 23447; 3) 106, 0408; 4) 21, 9384; 5) 3, 5479
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
4-жұп: Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін: 1 ) 0, 452 2) 8, 245 ; 3) 12, 583; 4) 2, 771 ; 5) 6, 815;
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
5-жұп: Жүздік үлестерге дейін 1) 1, 518; 2) 8, 4427; 3) 36, 9468; 4) 0, 934; 5) 5, 5366
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
6-жұп: Мыңдық үлеске дейін 1) 2, 5134; 2) 8, 4287; 3) 26, 0412; 4) 2, 9383; 5) 3, 5466
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
7-жұп: Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін: 1 ) 9, 682) 9, 241 ; 3) 22, 613; 4) 0, 8711 ; 5) 1, 826;
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
8-жұп: Жүздік үлестерге дейін 1) 10, 4683; 2) 8, 1237; 3) 6, 0482; 4) 2, 932; 5) 3, 5452
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
9-жұп: Мыңдық үлеске дейін 1) 1, 6518; 2) 5, 4138; 3) 6, 0412; 4) 21, 9384; 5) 7, 5368
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
10-жұп: Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін: 1 ) 9, 68 2) 9, 241 ; 3) 22, 613; 4) 0, 8711 ; 5) 1, 826;
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
11-жұп: Жүздік үлестерге дейін 1) 10, 4683 нгшуңбб 2) 8, 1237; 3) 6, 0482; 4) 2, 932; 5) 3, 5452
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
12-жұп: Мыңдық үлеске дейін 1) 1, 6518; 2) 5, 4138; 3) 6, 0412; 4) 21, 9384; 5) 7, 5368
Санның берілген жуық мәні дұрыс болатындай цифрды жұлдызшаның орнына өз қалауларыңша қойып жазыңдар:
Жұптық жұмыс. Кім жылдам?
12-жұп: Мыңдық үлеске дейін 1) 1, 6518; 2) 5, 4138; 3) 6, 0412; 4) 21, 9384; 5) 7, 5368
Санның берілген жуық мәні дұрыс болатындай цифрды жұлдызшаның орнына өз қалауларыңша қойып жазыңдар:
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.
5. 3В Бөлім: «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz