Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Күліп тұрған бала

<>
Балалар үйіне бару мақсатында құрылған топ. <> тобы
1.Жазықбек Нуриман
2.Ахмедиева Үміт
3.Саулбаева Гүлжанат
4.Жұмажан Жаннұр
5.Таджибаева Бақтыгүл
6.Жомартова Іңкәр
7.Муналбаева Перизат
1-апта
<<Сәлем-сөздің анасы!>>
2-апта
<<Қолөнерім серігім"
3-апта
"Үш тілді білу заман талабы"
4-апта
"Зейін және ес"
Максаты: Зейін мен ес үдерісін дамыту.
5-апта
"Ой мен ойын"
Максаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ,,,,,,
6-апта
"Балалар дамудың қозғаушы күші"
Максаты: Танымдықдық қабілеттерін арттыру,
7-апта
"Ұлт болашағы -Жастар"

1-апта
<<Сәлем-сөздің анасы!>>
Мақсаты: Орталықтың ережесімен танысу, студенттердің жобаларын таныстыру, студенттердің өнері мен мәдениетін
Таныстыруаңа ортаға келгендіктен өзіміздің кім екенімізді таныстыру мақсатында ұйымдастыру сәтін ұйымдастыру.Әрбір студент жеке атын атайды.Ортаға жиналған балалармен әрбірінің атын жеке сұрап танысу.
Мақсаты; Топтағы 8 студент балалардың психо-эмоционалды жағдайын бағалау.Топтық жұмыстарды орындауға дағды қалыптастыру үшін байланыс орнату.
35-минут.Ұйымдастыру сәті
Алғашқы кездесуге студенттердің дайындалып баруы шарт.Ұйымдастыру сәтінде студенттердің өнер көрсетуі.Ән,би,қойылым қою,өлең оқу.
<<Туған жер>> әні Жазықбек Нуриман
Ыбырай Алтынсариннің <<Өнер,ғылым бар жұрттар>> өлеңі Ахмедиева Үміт
Ортақ топтық би.Балалармен қарым-қатынас орнату
40-минут. <>
Ойынды ұйымдастыру барысы:3 топқа бөліну арқылы ойынды бастаймыз.
Арнайы 3 топ үшін плакаттарға сөзжұмбақ құрастырып бөлек-бөлек парталарға қоямыз.
Балаларды түрлі түсті қағаздарды (қызыл,сары,көк түс)таңдау арқылы үш топқа бөлеміз.
Он минут уақыт ішінде сөзжұмбақты шешуге мүмкіндік береді.
Мақсаты:Балалар мен студенттер арасындағы байланысты нығайту.
20-минут. <<Маржан тізу>> ойыны
Ойын ережесі бойынша балалар мен студенттер шеңбер құрып тұрады.Ойынды бастаушы ретінде бір бала таңдалады.Ойынды бір салаға қатысты сөздерді бір бала бір сөзді атау арқылы жүргізеді.Мысалы:білім саласы-кітап,мұғалім,Абай,Ғылым.Осылайша ойын маржан тізгендей жалғасып кете береді.Егер сөздер тізбегін толықтыра алмаған жағдайда шеңберден шығарылып,басқа балаларға өнер көрсетуге дайындалады.
10-минут.Қоштасу.
Ойын нәтижесін шығару.Балаларға бүгінгі көрсеткенеңбектері үшін алғыс айту.Келесі аптаға дейін қоштасу.

2-апта. <<Қолөнерім серігім"
15минут : "Сәлемдесу"
Амандасып, бүгінгі жоспарымызбен таныстырамыз,ойындарымызды түсіндіреміз
.
40минут : "Жеті түрлі гүл" логикалық ,интеллектуалды ойынын ойнаймыз.

10минут : "Байланыс шеңбері"Балалардан кері байланыс алып, ойыннан қандай түйін,түсінік алғандарын сұраймыз.

35минут : "Гуашь пен сурет" атты ой серігетін ойын ұйымдастырамыз. Топ болып бөлініп А4 қағазға әр-түрлі сурет саламыз. Барлық балаға азғантайда болсын, тәттілер беріп мараппаттаймыз.

15минут : "Әліппе" ойынын ойнаймыз.
Жүргізуші: <<Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?>> - дейді. Ойыншы <<А>> әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А - Ақшақардай сұлу болайық. Ә - Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б - Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады.

5минут: "Рефлексия" Қорытындылап, келесі кездескенше қоштасамыз.

3-апта " Үш тілді білу заман талабы"
Мақсаты: Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту, баланың еркін сөйлеуін дағдыландыру.
1. Алдымен сәлемдесеміз, және өткен аптада ойнаған ойындарынан қандай әсер алғанын сұрап, кері байланыс жасаймыз. (15-минут)
2. Бүгінгі тақырыпты қысқаша баяндап береміз, тақырыптан бөлек қызықты ойындар болатынын айтамыз. Сол арқылы балалардың зейінін ашамыз. (20-минут)
3. Балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. (20-минут)
:: Алдымен қазақ тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін сипаттап кеттеміз.(тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытамыз). :: Кез келген мәтінді алып, тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу. :: Берілген мәтінге диалог құрастыру
4. Балалардың үштұғырлы тілге деген қызығушылығын арттыру. (30-35минут)
:: Қазақ тіліндегі орыс тілінен еңген сөздерді бірігіп, айтып өту.
:: 1-ойын <<Жасырын сөз>>ойыны.
1) Баларды топ-топқа бөлеміз. 2) Әр топқа (жануар, тамақ, тұрмыстық техника) сияқты тақырыптар дайындап, тақырыптарды 3-топқа бөліп береміз. 3) Ойыншы ортаға шығып, қолында тұрған сөзді қатысушыларға көрсетеді. Қатысушылар: Ойыншыға сол сөздерді түрлі іс-қимылмен көрсетеді. 4) Жазулы тұрған сөз орысша, қазақша және ағылшын тілінде жазулы тұрады. 5) Жасырын сөзді қатысушылардың іс-әрекетіне қарап тауып, үш тілде айтады. 6) Топ мүшесі ойынды бағалап отырады.
5. Ағылшын тіліндегі сөздерді білу, сөйлеу, жазу. (30-35минут)
:: Интерактивті тақтаға бейнеролик көрсету (ағылшын тілінде) қазақша нұсқасымен. :: Ағылшын тілінде көп қолданылатын сөздермен танысып, қайталап өту. :: Есте көбірек қалу үшін жазбаша жұмыстарды жүргізу (сөздік).
6. Сахнаға шығып балалармен үш тілде (ән, би, флешмоб) ұйымдастыру
7. Қорытындылау (15-20минут) Бүгін біз нені үйрендік? Тақырыпты тереңірек түсіндікпе? Тілге деген қызығушылығымыз жоғарыладыма? Тіл үйрену, сөйлеу қиынға соқпадыма? Деген секілді балалармен кері-байланыс жасаймыз. Кері байланыс стикерлермен жасалады.
8. Соңы: Қоштасу

4-апта.
"Зейін мен ес үдерісін дамыту"
Мектеп жасындағы баланың кезеңіне тән зейін қасиеттерін анықтау,талдау.
:: Баланың ерік сапаларын қалыптастыруда ерекше әсері бар,ойынның түрлерін ұйымдастыру.(рольдік,сенсорлық,сюжеттік)
"Кинотаспа әдісі" (өткізілу уақыты 30 минут)
"Қобыланды батыр"жырының белгілі бір үзіндісі барысында жасақталған комикстерді рет-ретімен орналастырып сюжеттік кинотаспа жасау.Комикстердің артында жырдың жолдары жасырылған.
:: Ерік сапаларының кемшілігін анықтау,көркем шығарма түрінде түсіндіру.
"Атымтай Жомарт"әңгімесі Ы.Алтынсарин
Әңгімені оқып,талдау,негізгі идеясын түйіндейтін мақал-мәтел айту.(Мысалы:Ердің атын еңбек шығарар)
Еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе,бұл оның адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
(Өткізілу уақыты 25 минут)
:: Балада эстетикалық сезімді қалыптастыру.
Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін,талғамын дамыту.
Бала өзінің ұшқыр қиялы арқылы қағаз бетіне болашақтағы мамандығын сүреттеу.
(Өткізілу уақыты 25 минут)
:: Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі ережесі мен шарттары бар ойын түрін жүргізу.(дидактикалық)
<<Біздің көңіл күйіміз>> (өткізілу уақыты 20минут)
Мақсаты:Балаларды сурет бойынша бет әлпеті ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету. Көңіл-күйді бейнелейтін сөздерді дұрысайтқызу. Оны өздері сала білу.
Көрнекілік:әр түрлі мимикадағы балалардың суреттері.
Ойын барысы: Бет-әлпеттің мимикасына қарап,сөйлем ойланады.оның ішінен бет-әлпеттің мимикасын білдіретін сөздерді бөліп айтады. Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін сәттердісалу.
Күліп тұрған бала.
Ренжіп тұрған бала.
Аузын ашып тұрған т.б.
:: "Қорытынды алу"
(әр кезеңді түсіне отырып,біртіндеп,қадамды баяндайды)
Белсенділік көрсеткен баланы марапаттау.

5-апта "Ой мен ойын"
Балалармен амадасу жоспарымызды түсіндіру (5мин)
Квест
Өткізілу уақыты(20мин)
Мақсаты: Бірінші топқа бөліп сосын кағаздарды әр жерге тығып койып
мысалыы айнанын артына тығып
койып кағаздың ішінде бір сөз жасырылған соны топ басшысы іс қимылмен командасына көрсету. Тапқан соң келесі жерге барып келесі сөзді табу. Солай мәреге бірінші жеткен топ басшының тобы жеңіске жетеді.
Би билеу(тик ток) (20мин)
Мақал айтысы
Өткізілу уақыты(20мин)
Мақсаты: Балалар екі топқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бірінші топтың бір баласы бір мақалдың жарымын айтады. Мысалы:
Жақсы арман оздырар,

Оның екінші жарымын келесі топтың бір баласы жалғастырады. Дұрыс тапса:
Жаман құлқын тоздырар.

Бес ұпай жазылады. Дұрыс таба алмаса, үш ұпай жоғалтады. Келесі мақалды екінші топтың баласы бастайды. Ойын соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын балалардың сезімталдығы мен тапқырлығын арттырып, ой - өрісін кеңейте түсуге бағытталған.
15мин- Сурет салу
Жұмбақ қойып жұмбақтың жауабын сурет ретінде салу. Ең бірінші болып салған адамға сыйлықтар беру.
10мин <<Болады - болмайды>>
Мақсаты: Ойлау, себеп - салдарлық байланыстарды қалыптастыру қабілетін дамыту.
Нұсқау: Мен әр түрлі жағдайларды айтып допты лақтырамын, егер осы жағдайлардың болуы мүмкін болса ғана допты қағып алыңыздар да, мүмкін емес жағдайлар болса допты ұстамаңыздар.
1. Мысық тамақ пісірді.
2. Мысық тамақ жегісі келіп отыр.
3. Пошташы хат әкелді.
4. Түнде күн шығады
5. Мысық тышқанды қуды.
Кім немесе не? 10мин
Топқа бөлініп топтан бір адам шығады. Сол адам артына бір атақты адам немесе заттың суретін көрсету арқылы командасы шыққан адамға подсказка беру арқылы шыққан адам табу керек.

" Қорытындылау"
Соңында әрбір балаға кішігірім сыйлықтар беру.

6-апта "Балалар дамудың қозғаушы күші"
Мақсаты:Танымдық қабілеттерін арттыру
Баланың қызығушылықтарын анықтап талдау дамытуға арналған шаралар өткізу
1. "Сәлем сөздің анасы" балалармен амандасып бүгінгі жоспармен таныстыру
2 . Дамытушылық: Сөйлеу тілін түсініп, шапшаң ой қорыта алуға дағдыландыру және де адами құндылықтарды түсіндіру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының "Егіннің бастары "өлеңін талдау идеясын түйіндеу
Егіннің бастары
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
<<Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
<<Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?>>
<<Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан>>.
Және де әкесі айтты баласына:
<<Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
<<Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам>>, - дейді.

3. Кері байланыс: "торт тілімі "әдісі арқылы балаларға өтілген "Егіннің бастары әңгімесі бойынша сұрақ-жауап өткізу (15минут )
4.Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру. Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады. Ойын ережесімен таныстыру. Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады. І-топ. Топтың аты - <<Сұңқар>> Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты - <<Тұлпар>> Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты - <<Болашақ>> Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз Көркейтеміз елді біз. Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І айналым <<Құпия сандық>> Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы мен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)
4. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
5. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық - кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
ІІ айналым <<Ойлан, тап>> Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1. Кей адам әдет қылған киікті атып, Мүйізін пайда қылып шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып. ( <<Ақсақ киік>> өлеңі. С.Сейфуллин)
2. Бұлақ басына қойған таста <<Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ>> деп жаздық. ( <<Бір кесе меруерт>>. Ш.Құдайбердіұлы)
1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. (<<Қыс>>. А.Құнанбаев)
2.Алты айғы қыс тартқаны - аштықтың азабы.Бар сенетіні - күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ... (<<Күлпаш>>. Б.Майлин)
1. Өнер, білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша Жылдам хабар алғызды. (<<Өнер, білім бар жұрттар>>. Ы.Алтынсарин)
2. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті. - Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. (<<Қайырымдылық>>. Мағзұм Сүндетов)
3 айналымды бастаймыз <<Айшықты сөздер>> Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)
Ойынымыздың соңғы айналымы <<Талапкер>> деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек. 1. ... өріп тараған, ... қараған
2. ... қошақан , ... қалмайды. Сүп-сүйкімді момақан, ... аумайды.
Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу. Ән. <<Ертегілер>> Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті. Марапаттау. Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.
Сергіту сәті

5.көңіл көтеру мақсатында <<Не зат ?>> ойынын ойнату

Арнайы дайындалған қораптың ішіне зат саламыз ( ойыншық оқу құралдары немесе жеміс жедектер) Балалар арнайы кол салатын дөңгелек ұяшыққа екі колын салып сезім мүшелерімен байқап қораптын ішінде не жатканын айтады

<<Ескірмейтін естелік>>
Қағазға қол іздерін қалдыру арқылы естелік картинка жасау

7. Қорытындылау
белсенді болған баланы марапаттау мақтау қағазымен

7-апта
"Ұлт болашағы-Жастар"
балаларды жинап шағын қоштасу кешін ұйымдастырамыз 7апта ішінде өткен сабақтарымыздың қорытындылаймыз
Балалармен амандасамыз кешті ашамыз-5минут
- [ ] Балаларды жинау( шеңбер кылып отыратын орындықтар койып балаларга қоштасу кеші екенін айтып осы кешті жақсы аяқтауын сұраймыз )
- [ ] Кешті әнұранмен бастау 5минут
- [ ] Кешімізді тақпақ айтумен бастаймыз-10минут
- [ ] Жүргізуші сөйлеп балаларга жаттатқызған тақпақтарын айтқызу (мамандықтар туралы тақпақ өздері болашақта болғысы келетін мамандыгы бойынша 5балага тақпақ жаттатқызу
- [ ] Ойын
- [ ] Мақсаты: Баланың мұқиятылығын қырағылығын көрсету-20минут
- [ ] Досыңыз не нәрсеге ұқсайды?>>
- [ ] 7-10 жас аралығындағы балаларға арналған бұл ойынның үдерісін судья (ересектерден артықшылығы бар адам) жүргізуі керек. Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, досының сыртқы көрінісін шамамен бес секундта оқып шығуы керек. Бұдан кейін бала артынан айналып, жолдастардың көрінісін кезек-кезек көрсетуге тиіс: шаш түсі, киім, биіктігі және т.б. Жеңімпаз ең көп ұқсастықтар деп атайтын болады және қателіктерге жол бермейді. Осыдан кейін ойынның екінші бөлігіне өтуге болады, онда әрбір ойыншы өз әріптесі үшін өзінің көрінісіндегі кез-келген детальды тыныш өзгертуге тиіс (шашты ауыстырыңыз, түймені босатыңыз және т.б.). Ойыншылардың міндеті - көріністе не өзгергенін түсіну.
- [ ]
- [ ] Би (6апта ішінде іс шарага арнайы үйретілген билерін билеу)2бала 3қыз /15минут
- [ ] Хормен ән айтқызу балаларга ( тәрбиешілерге арнап ән жаттап хормен ән айту-5/7минут)
- [ ] Естелік қағазы ( балаларга қағаз беріп сол жерге 7апта бойы өткен сабақ ойнаган ойындарынан алған білім ,түсінік әсерлерін жазуды сұрау сосын сол кагазга өз аттарынан апта бойында ұнаған апайына қағазды жылы сөздермен беру)
- [ ] Мақсаты сол арқылы біз өзіміздің 7аптада өткен сабақтарымыздан оқушылар кандай асер алганын біле аламыз жане болашаққа естелік қағаз болып калады.15минут
- [ ] Кешті тәмәмдау сол жердегі тарбиешілерге балалар уйінің бастыгынп сөз беру( 7апта бойында қатысқан қыздарда бір бір сөзден сойлиді ) әр оқушыға тілектерімізді айтып кеш соңында балаларга силықтар беріп кешті аяқтау .

Ұқсас жұмыстар
<<мейірімді жүрек>>
«қош бол, қызықты айгөлек лагері!»
Күлкі әлеміне саяхат. 3 сынып
Әдеп басы - тіл
Көңіл күйімізді жаттықтыру
Есімше мен көсемшені салыстыру
Қош бол, сүйікті лагерім!
Сен гүлсің
6 «а» сынып оқушыларының жыр-шумақтар жинағы
Отбасы әліппесі
Пәндер