Қолданбалы бағдарламалық жасақтама: қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама
(сабақтын тақырыбы)
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
- Қолданбалы бағдарламалық жасақтама туралы білу;
- Оның түрлерін ажыратуды үйрену;
Сабақтың барысы
Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
(5-6мин)
- Студенттермен амандасамын.
Топта психологиялық ахуал орнатамын.
«Жүректен жүрекке» әдісі
Мақсаты: Студенттер бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында қасындағы жұбына жақсы сөздер, тілектер айтады
Өткенді қайталау
«Ғаламтор» әдісі (онлайн платформада берілген сұрақтарға жауап береді. )
https://wordwall. net/ru/resource/395928412
- Ақпаратты беру түрлері
- Информатика кабинетінің жоспарын жасақтау деген не?
- Бастауыш мектепте компьютерлерді қолдануға қойылатын гигиеналық талаптар қандай?
- СанПиН талаптары деген не?
- Мұғаліммен амандасады.
Психологиялық ахуалға қатысады
Өткенді қайталау сұрақтарына жауап береді
Жаңа тақырып
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама - бағдарламалау жүйелерінің көмегінсіз, қолданушы өзінің ақпараттық тапсырмаларын шеше алатын бағдарламалар жиынтығы. Қолданбалы БЖ келесі бағдарламалар класстарына бөлінеді:
- Жалпы қолданыстағы бағдарламалар;
- Арнайы қызметтегі бағдарламалар;
- Кәсіптік деңгейдегі бағдарламалар.
Тапсырма
Онлайн платформада сөздерді анықтамаларымен сәйкестендіру
https://wordwall. net/ru/resource/395930978
Практикалық тапсырма
1. Өздері білетін бір қолданбалық жасақтамаға презентация дайындау
2. Қасындағы парталасына 5 сұрақ дайындап қағаз алмастыру
Жаңа тақырыппен танысады.
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сабақтың соңы
Бекіту
Кері байланыс
«Ыстық орындық» әдісі
Ыстық орындыққа отыру арқылы берілген бекіту сұрақтарына жауап береді
- Қолданбалы бағдарламалық жасақтама дегеніміз не?
- Қолданбалы БЖ неше класска бөлінеді?
- Қолданбалы БЖ-ның қандай түрлерін білесің?
Кері байланыс
«Рефлексия» барысында
Оқушыларға ойларын беріледі. Сол берілген үш сурет бойынша сабақ қалай өтті қорытындылайды, білгісі келетіндері туралы жазады.
Бекіту сұрақтарына жауап береді
Кері байланыс ретінде «Рефлексия » болады