Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Фирма жарғысы

ЖШС Каспий өңірі <<Болашақ>> колледжі +
(білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту)
Фирма жарғысын,штат кестесін меңгереді
(сабақ тақырыбы)

Модуль/пән атауы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Педагог: Дуйсенова Г.Е. дайындады
2022 жылғы << >> қазан
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1-4 курс - ФК-19,ФК-20, НОО-19,НОО-20-1,2,3
Сабақтың түрі: Теориялық
2. Мақсаты: Фирма жарғысы мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаты жарғы мен құрылтай шарты болып табылатынын түсіндіру.Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етудің маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
- тақырып бойынша құжат түрлерінің мағынасын ұғындырады ;
- Фирма жарғысы мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаты жарғы мен құрылтай шарты меңгерту.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
1) Фирма жарғысы мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаты жарғы мен құрылтай шарты болып табылатынын түсіндіру.
2) Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етудің маңызын меңгереді.

4. Қажетті ресурстар: Интербелсенді тақта, оқулықтар, электронды оқулық.
5. Сабақтың барысы:
5.1 Ұйымдастыру кезеңі: Топтың сабаққа дайындығын тексеру.
5.2 Үй тапсырмасын тексеру: Берілген тапсырманың орындалуын тексеру, бағалау. Жалпылау сұрақтары мен үй жұмысын қорытындылау.
5.3 Жаңа материалды түсіндіру:
Жоспар:
1) Фирма жарғысы мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаты жарғы мен құрылтай шарты болып табылатынын түсіндіру.
2) Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етудің маңызын меңгерту.
5.4 Берілетін тапсырмалар:
Фирма жарғысы
Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаты жарғы мен құрылтай шарты болып табылады.
Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Бұл құжаттар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді.

Жарғының деректемелері:
1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.
2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі.
3. Мәтіннің атауы.
4. Жарғының мәтіні.
5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

Жарғының негізгі деректемесі - мәтін, ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтінде келесі мәліметтер беріледі:
- жалпы ережелер (ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен-жайы);
- қызметінің мақсаты мен мәні;
- серіктестік қатысушыларының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
- мүлкі, қорлары, табысы;
- басқару және бақылау органдары;
- жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер;
- есепке алу және есеп беру;
- дауларды шешу;
- қызметін тоқтату.
Бүгінгідей бәсекелестік заманында жеке кәсіпорынның комерциялық құпиялығынқұрайтын мәліметтерді анықтау қажеттілігі туындамай қоймайды.
Оған идеялар, өнертабулар, жаңа технологиялар, фирманың табысы, тауар жеткізуші, тауар өткізу жүйесі, байланыстар туралы мәліметтер, т.б. жатады.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі коммерциялық құпия жатқызылуы мүмкін мәліметтердіңтізімін көрсетеді.
Кәсіпорынның өзі заң негізінде коммерциялық құпияға жатқызылатын мәліметтердің тізімін нақты анықтайды.
Қәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды, құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейды.

Құрылтай шарты
Құрылтай құжаттарының формуляр үлгісі. Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында басқа да құжатар толтыруға тура келеді. Президенттің <<Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы>> Жарлығына сәйкес, түрлі құқықтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынды. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:
* тіркеу туралы арыз
* құрылтайшылар бекіткен жарғы
* құрылтай шарты (құрылтайшы біреуден көп болса)
* құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама (ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдамада керек болады)
* санақ карточкасы
* егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіп орын болса, меншік иесінің неме соның өкілінің келісімі
* заңды тұлғаның мекен жайын растайтын құжат
* тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі
Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде натариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалған болуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескеретін жай, жарғыда жазылғанан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді.
Жарғының деректемелері:
1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі;
2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі;
3. Мәтіннің атауы;
4. Жарғының мәтіні;
5. Фирманың атқарушы органы басшысының қолы:
Жарғының негізгі деректемесі - мәтін - ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер берілуі тиіс:
* жалпы ережелер: ұйымдық құқықтық нысаны, атауы мекен- жайы;
* қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда жарнамалық және делдалдық қызметі т.б)
* серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі
Құрылтай құжататры -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -
* мүлкі, қорлары, табысы;
* басқару және бақылау органдары;
* жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер;
* есепке алу және есеп беру;
* дауларды шешу;
* қызметін тоқтату;
Жарғының үлгісі мынадай:
Жарғы
Бекітілді
00.00.00.Құрылтайшылар
Басылым орныжиналысының хаттамасы
00.00.00.№1
Мәтін
Бас директор
ҚолыТегі,
есімі, әкесінің аты
Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса, жарғы бас ұйымның бланкісінде толтырылып, <<Келісілді>> деген арнайы белгі қойылады.(15,170)
Штат кестесі. Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, біріншіден, <<Құрылым және штат саны>> деген құжатта бекітіледі. Құжаттың мөтіндік бөлігі кесте түрінде орындалады. Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып, оған басшының орынбасары қол қояды, бас есепшіменкелісіліп, бірінші басшы бекітеді. Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетіліп, <<Штат кестесінде>> бекітіледі. Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісе отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, еңбек ақының айлық қоры көрсетіледі. Бұл аталған құжаттарға тек директордық
Үлгі:
ШТАТТЫҚ КЕСТЕ
00.00.00
Алматы қаласы
Лауазымның атауы
Штат бірлігінің саны
Лауазымдық жалақылар
Үстемақылар
Жалақының айлық қоры
Ескерту
Дербес басқа
Кәсіпорны басшысының орынбасары қолы Аты-жөні
Бас бухгалтер қолы Аты-жөні
00.00.00

1-тапсырма. Жарғының деректемелерін жазыңдар.

2-тапсырма. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакетін жазыңдар.

3.Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Фирма жарғысы дегеніміз қандай құжат?
2.Құрылтай шартын туралы айтыңдар.

4.Рефлексия:
1. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Сабақта өзіңе не ұнады?

5.Үй тапсырмасы: Фирма жарғысын, штат кестесін оқу, мағынасын түсіну.

Ұқсас жұмыстар
Саптық жарғы
Математика фирманың ашылуы
Бизнес ұйымдастыру түрлері
Құжаттың түрін баптау. құжатты қарау типтері
Функциялардың туындыларын табу
Сөзді тап
Шығын түрлері
Штрихтау
Экономикадағы математикалық әдістердің қолданылуы
Әскери атақтар
Пәндер