Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың әрекеті. Сабақтың тақырыбы

Бекітемін:__________________Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қоқымбаева М.Ж.
Педагогтің аты-жөні:
Ербол Алтынтан
Күні:
01.03.2023жыл
Сыныбы:
5<<А>>
Сабақтың тақырыбы:
Алғыс айту - парызым!
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
Оқушылардың <<сыйластық>> құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру.Үлкен -- кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым -- қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың <<сыйластық>> құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Бағалау критерийі:

Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушылардың әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасуБір, екі, үш,Сынып іші тып- тыныш.Жалқаулықты тастаймыз,Сабақты біз бастаймыз.Сәтті өтсін сабағымыз,Ашық болсын қабағымыз.

Проблемалық сұрақ:- Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?- Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?
<<Білгенге маржан>>- 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні- 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауапи береді.

ҚБ: Жарайсыңдар!

Жаңа сабақ
Тәжірибе
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай -- ақ оның ойы мен іс -- әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс айту күні - Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған <<Мәңгілік Ел>> жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн - күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.Алғыс айту күні - қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл - репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Ең бірінші кімге алғыс айтар едіңдер?
Алғыс - біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. "Алғыспен ер көгерер" деген мәтел соған меңзейді.
Сергіту сәті. - Жағдайыңыз қалай?- Жақсы! (саусағымен көрсетеді) - Түнде қалай ұйықтайсыз? - Былай! (көзін жұмып, басын қисайтып) - Қалай жүгіресіз? - Былай! (жүгірген қимыл көрсетеді) - Қалай ренжисіз? - Былай! (екі ұртын томпитып,)- Көңіл - күйіңіз қалай? - Өте жақсы! (саусағымен көрсетеді)
Оқушылар тақырыппен танысады

Оқуышылар жауап береді.

Оқушылар қимылмен көрсетеді.

ҚБ: Жарайсыңдар!

ҚБ: Жарайсыңдар!
Тақырыпқа қатысты суреттер

Қорытындылау
- Сонымен, рахметке лайықты кімдер?- Бастысы - алғыс айта білу...Анаға - өмір сыйлағаны үшін,Әкеге - қорған болғаны үшін,Далаға - гүлдері мен көк шалғыны үшін,Сөзге - жанды жылытатыны үшін,
Күнге - шуағы мен назары үшін,Жұлдызға - қараңғы түндегі жарығы үшін,Досқа - құшағы мен иығы үшін,Әжеге - ыстық алақаны үшін,Суға - тіршілік көзі болғаны үшін,Жерге - махаббаты мен бар болғаны үшінАлғыс айтамыз!!!
<<Жалғасын тап>> ойыны1.Алғыс алған арымас,Қарғыс алған жарымас.2. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді. 3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы. 4. Қағынған қарғыс алар, Қарасқан алғыс алар. 5. Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің.6. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал. 7. Алғыс алған шеккі емес, Қарғыс алған көктемес.8. Адамдықтың нұры бол, Адалдықтың құлы бол.9. Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.10. Ел алғысын алсаң, Елеулісі боларсың.
- Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, <<Рахмет>> деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
Оқушылар өлеңді хормен, мәнерлеп оқимыз.

Оқушылар жалғасын табады.
ҚБ: Жарайсыңдар!

ҚБ: Жарайсыңдар!

Бекіту
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Бағалау парақшасын толтырады.

Бағалау парақшасы
Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Смайликтер

Ұқсас жұмыстар
Информатика. Ақпарат Сілтеме
Мұғалім бақылаушы
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Ақпаратты өңдеу тәсілдер
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Ақпараттың қасиеттері
7.1.Процент
Жаратылыстану-табиғат туралы ғылымның жиынтығы. жаратылыстанушы ғалымдар
Ақпаратты сығу
Keep warm
Пәндер