Мәтін құрылымы

Бөлім
І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Бөлім: Педагогтің аты-жөні
І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы: Бектасов Мағжан
Бөлім: Күні
І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы: 07. 10. 2021ж
Бөлім: Сынып
І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы: 8 В
Қатысушылар:
Қатыспағандар:
Бөлім: Сабақтың тақырыбы
І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы: Адам - ең жоғары құндылық
Бөлім: Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы:

8. 1. 4. 1. мәтінде көтерілген мәселені (тұмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8. 4. 2. 1. сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері:әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Бөлім: Сабақтың мақсаты
І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы:
  • Мәтінгі негізгі ойды анықтайды;
  • Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың кезеңі:

Сабақтың басы

10 минут

Педагогтің әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі: түгелдеу, балалардың назарын сабаққа аудару.

Бірінші кезекте, кез-келген жағымсыз әрекеттер арыңды, ұятыңды, ақылыңды тұншықтырады. Ар, ұят, сана, ақыл - адамның жануардан ерекшеленетін ең жоғарғы сапасы.

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңді сүңгі де, түбін көзде

Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме,

деп жырлаған данышпан Абай. Өзінің алдына үлкен мақсат қойып, оны орындауға барлық күшін жұмсай білген адам ғана бақытты бола алады. «Бақыттың мәні - парасаттылықта, - деп жазды әл Фараби.

1-тапсырма.

Әр топтағы оқушылар бір-бірінің ішіне орналасқан үш шеңберге: а) «Менің құндылықтарым»,

б) «Отбасымның құндылықтары»

в) «Елімнің құндылықтары» деген шеңберді толтырады.

Топтар құндылықтарын бір-бірлеріне таныстырады.

Осылайша лексикалық тақырыпты болжайды.

Адам өмірінің мәні мен мағынасы неде?

Неліктен адамды «ең жоғары құндылық» дейді?

Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі.

Оқушының әрекеті: Топпен ұйымшылдықта бірге жұмыс істейді.
Бағалау:
Ресурстар: Құндылықтар ұғымын ашатын суреттер
Сабақтың кезеңі:

Сабақтың ортасы

20 минут

Педагогтің әрекеті:

Бүгінгі сабақта:

әр түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдауды үйренесіздер;

Мәтіндерді салыстыра талдамас бұрын, тақырып деген не, мәтін құрылымы қандай болады, мәтіннің түрлері деген ұғымдарға тоқталып өтейік.

Мәтінде қарастырылған, талқыланған, көтерілген ойды мәтіннің тақырыбы дейміз. Мәтіннің тақырыбын «Мәтін не жайында? Мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап беру арқылы анықтауға болады

Мәтін құрылымы дегеніміз - мәтіннің кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерінің болуы. Сонымен қатар мәтіндегі ақпараттардың барлық бөліктерінің бір-бірімен мағыналық тұрғыдан байланысуы.

Әңгімелеу мәтінінде бірінен кейін бірі болып жатқан оқиғаның барысы баяндалады. Суреттеу мәтінінде сипаттау мәні басым болады (көлемі, пішіні, салмағы, түсі, иісі, дәмі, әсері, т. б. ) . Пайымдау мәтінінде қандай да бір ойды, ереже-тезисті дәлелдеп, негіздеп түсіндіру көзделеді.

Біз білетінімізді бір пысықтап еске түсіріп алдық, енді осы білімімізді алдағы тапсырмаларда қолдануға дайынбыз деп ойлаймын.

Қолдану, талдау деңгейі

2-тапсырма

ТЖ

Әр топқа әртүрлі мәтін таратылады. Топтар кесте бойынша жұмыс жасап, өз ойларын негіздейді.

:
:
:
:

Сергіту сәті:

Грамматикалық тақырыппен байланыстыруға болады. Егер мұғалім қатаң дыбысты айтса оқушылар тұрады, ұяң дыбысты айтса, отырады, үнді дыбысты айтса қол шапалақтайды.

Оқушының әрекеті: мәтін құрылымы
Бағалау: мәтін түрі
Ресурстар: Мәтіндегі негізгі ой
мәтін стилі

Төрт топқа бөлінеді:

-отбасылық; -жеке адамзаттық; -мәдени; -жалпыадамзат- тық құндылықтар.

Әр топ өзіне берілген мәтін бойынша талдау жүргізіп, кестені толтырады.

Топтар дескриторларға сүйеніп, «Екі жұлдыз, бір тілек әдісі» бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Дескриптор:

  • мәтіннің түрін ажыратады
  • мәтіннің тақырыбын, стилін анықтайды.
  • мәтін құрылымын талдай біледі.
  • Оқу мақсатына сай мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Интербелсенді тақта. Оқулық, дәптер. А4 парақ, кесте
Сабақтың кезеңі:
Педагогтің әрекеті:
Оқушының әрекеті:
Бағалау:
Сабақтың кезеңі:
Педагогтің әрекеті:
Оқушының әрекеті:
Бағалау:
Сабақтың кезеңі:

Сабақтың соңы

10 минут

Педагогтің әрекеті:

Тыңдалымалды кезеңі.

3-тапсырма: Тыңдалым мәтінінен басты және пен қосымша ақпараттарды анықта.

Мәтінге сүйеніп ойқорытынды пікірлерін білдіреді.

«Актерлік шеберлік» ойыны

Қашан? Не үшін?Неге? деген сұрақтарға жауап бере отырып берілген пікірлерді анықтай түсу.

Өтірік айтудан ұяламын.
Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.
Орынсыз жерде суырылып артық сөйлеуге ұяламын.
Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.
Трамвай-троллейбуста, автобуста қарттар түрегеліп тұрғанда, жастардың орын бермей шіреніп отырғанын көргенде қатты ұялып кетемін.
Кейбір қазақтың ана тілін қастерлемейтініне ұяламын.
Біреудің сырын сыртқа шашудан ұяламын.
Досыма да, қасыма да ауыр сөз айтудан ұяламын.
Үлкенге де, кішіге де, әсіресе үлкендерге «сен» деп сөйлеуге ұяламын.
Әлдекімдерге жағымпаздық жасауға ұяламын.
Жұмыссыз бес минут бос отыруға ұяламын.
Кімге болса да қолымнан келген жақсылықты жасамай қалуға ұяламын.
Кісінің нәрсесіне қызығуға, біреуден бір нәрсені тегін алуға ұяламын.
Сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөлуге ұяламын, оны ақырына дейін мұқият тыңдауға тырысамын. Мүмкіндік болса өз ойымды ол кісі сөйлеп болғаннан кейін айтамын. Мүмкіндік болмаса үн-түнсіз қала беремін, өңештемеймін, өкпелемеймін.
Біреуге қол созып, бір нәрсе сұрауға ұяламын. Ешкімнен ештеме дәметпеймін.

Оқушының әрекеті:
Бағалау:

Дескриптор:

  • Сөйлеу барысында дауыс ырғағына мән бере алады
  • Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады

Өзара бағалау

Ресурстар: Интербелсенді тақта
Сабақтың кезеңі: 5 мин
Педагогтің әрекеті:

Рефлексия «3-2-1» стратегиясы

  1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
  2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
  3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Рефлексия жасау үшін дайын құрылым беріледі, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады.

Баяндау барысында әуенді, әуезді, тембрді, қарқынды, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануға тырысып көр.

Оқушының әрекеті:
Бағалау:
Ресурстар:
Сабақтың кезеңі: Үй тапсырмасы: «Адамзаттық құндылықтар» эссе жазу

1 - мәтін

Адам - ең жоғарғы құндылық . Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы - оның өмірі. Ол - адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т. б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам - дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады» деген.

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х. Марти: «Адам бола білу - ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс - өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты. (публицистикалық стиль)

2 - мәтін

Адамның адамгершілік қасиеті. Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды және солай бола беруге тиіс.

Адамгершілік қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен араласу нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасып, дамиды. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қасиет те қалыптаспайды. Адамның адамгершілігі - оның ең жоғарғы қасиеті, былайша айтқанда кісілігі. Арлы адам - ардақты. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адамгершілігі мол адам - басқаларға қашан да үлгі-өнеге.

Адам бойында асыл қасиеттермен қатар, жағымсыз қасиеттер де көптеп кездеседі. Олар жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, пайдакүнемдік, қорқақтық, менмендік, мақтаншақтық, қулық, екіжүзділік, жарамсақтық, қатыгездік, ызақорлық т. б.

(ғылыми стиль)

4-мәтін

Адамның бар құндылығы - оның өмірі.

Өмірді ойламаса, алдына белгілі мақсат қоймаса, сөйтіп оның терең мазмұнын көрмесе адам өз өмірінің құндылығын түсінбейді, өзінің, басқа адамдардың алдындағы ешқандай да жауапкершілігін сезінбейді.

Өмірді тұлдыр ететін әртүрлі әрекеттер несімен сипатталады? Бірінші кезекте, кез-келген жағымсыз әрекеттер арыңды, ұятыңды, ақылыңды тұншықтырады. Ар, ұят, сана, ақыл - адамның жануардан ерекшеленетін ең жоғарғы сапасы.

«Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат» - деп жазды әл-Фараби. Француз жазушысы В. Гюго: «Шын бақытты болу үшін бақытқа ие бола кету жеткіліксіз, оны іспен жеңіп алу қажет», - деген.

Өзінің алдына үлкен мақсат қойып, оны орындауға барлық күшін жұмсай білген адам ғана бақытты бола алады. «Бақыттың мәні - парасаттылықта, - деп жазды әл Фараби, - әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында».

(публицистикалық стиль)

3 - мәтін


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының сөз өнері
Әдеби тіл нормасы
Ғаламтор қазақ тілінде
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
Бұйрық қандай құжат
Мәтіннің құрылымы, түрлері. жоспар
Құжаттың құрылымы, беттерді нөмірлеуі, колонтитулдер
Қатынас қағазының мазмұны
АКК басқаруды ұйымдастырудың құрылымдық схемасы
Мәтінді теру және түзету ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz