Астана тобы

Тәрбие ісінің меңгерушісі:Актаева М.

Күні: 05. 12. 2015 оқу жылы

Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:

1 Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу,

2 Танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

3 Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар, кестелер

Кіріспе: мұғалім сөзі
Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін ХХІ - Ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін балалар біз жеке дара болып емес, топ болып білім сынамақшымыз.
Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын деп Т. Ізтілеуов ағамыз айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды үш топқа бөлеміз.

І топ: «Астана» тобы.

ІІ топ: «Бәйтерек» тобы.

ІІІ топ: «Ханшатыр» тобы.
Өнер мен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар.
Білімпаз жастар өздерінің білдімдерін ортаға салып жарысты бастайды.

Сайыстың мазмұны:

І бөлім: «Әріп таңдау »

ІІ бөлім: « Бәйге »

ІІІ бөлім: «Полиглот»

ІҮ бөлім: «Суреттегі жұмбақтарды шеш»

І бөлім: «Әріпті таңдау»

Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріпті: А. Б. В. Г. Д. Е немесе тағы басқа әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы: Ойыншы басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.
- Атың кім?
- Фамиляң кім?
- Қайдан келдің?
- Қайда барасын?
- Немен барасын? .
- Онда не өседі?
- Тағы не?
- Сені онда кім қарсы алады?
- Оған сыйлыққа не әкелдің?

-Оның достарының аттары кім?

- Досыңның аулыңның табиғаты қандай?

-Досың сені жақсы қарсы алды ма?

-Досыңмен уақытты қалай өткіздің?

-Досың сені қайтарып немен шығарып салды?

-Үйіңе немен жеттің?

-Үйіңдегілер қалай қарсы алды?

ІІ бөлім: « Бәйге »

Сұрақтар
Жауабы
№: 1
Сұрақтар: Қазақстан Республикасының астанасы
Жауабы: Астана
№: 2
Сұрақтар: Қара алтын деген не?
Жауабы: көмір
№: 3
Сұрақтар: Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды?
Жауабы: Кереге
№: 4
Сұрақтар: Сенің әкеңнің шешесі кім болады?
Жауабы: Апа
№: 5
Сұрақтар: Мектептегі ең жоғары баға
Жауабы: бес
№: 6
Сұрақтар: Кекілік құс па, жануар ма?
Жауабы: Құс
№: 7
Сұрақтар: 2-ні үш рет қосқанда неше болады?
Жауабы: 6
№: 8
Сұрақтар: Жыл мезгілдерін ата
Жауабы: күз, қыс, көктем, жаз
№: 9
Сұрақтар: Дыбыстар неше түрге бөлінеді? Қандай?
Жауабы: 2 түрге, дауысты, дауыссыз
№: 10
Сұрақтар: Қыста түрін өзгертпейтін ағаш
Жауабы: шырша
№: 11
Сұрақтар: Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді?
Жауабы: бағдаршам
№: 12
Сұрақтар: Кітапханада кім істейді?
Жауабы: кітапханашы
№: 13
Сұрақтар: Жеті күн
Жауабы: апта
№: 14
Сұрақтар: Қойдың төлі
Жауабы: қозы
№: 15
Сұрақтар: Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Жауабы: 2сағ
№: 16
Сұрақтар: Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см =  cм
Жауабы: 68см
№: 17
Сұрақтар:

Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.

Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

Жауабы: алмұрт
№: 18
Сұрақтар: Бір апта 2 күнде неше күн бар?
Жауабы: 9 күн
№: 19
Сұрақтар: Талаптың пайдасы әңгімесінің авторы кім?
Жауабы: Ыбырай
№: 20
Сұрақтар: Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
Жауабы: тұсбағдар
№: 21
Сұрақтар: «Әнұран» сөзі қандай мағына береді?
Жауабы: салтанатты ән
№: 22
Сұрақтар: б, в, г, ғ, д, ж қандай дыбыстар?
Жауабы: қатаң
№: 23
Сұрақтар: Жуан дауысты дыбыстарды ата.
Жауабы: а, о, ұ, ы
№: 24
Сұрақтар: Ең мықты қандай ағаш?
Жауабы: емен
№: 25
Сұрақтар: Құрбақа қыста не жейді?
Жауабы: ештеңе
№: 26
Сұрақтар: Бүлдіргенді жақсы көретін аң.
Жауабы: аю
№: 27
Сұрақтар: Байды үнемі алдап кететін кейіпкер.
Жауабы: Алдаркөсе
№: 28
Сұрақтар: Қай құстың балапаны анасын танымайды?
Жауабы: көкек
№: 29
Сұрақтар: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашан, қай жерде дүниеге келді?
Жауабы: 1940 жылы 6 мамырда, Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы
№: 30
Сұрақтар: Елбасы отбасында нешінші бала?
Жауабы: Отбасының тұңғышы

ІІ бөлім: « Полиглот»

Сұрақ
Жауап
№: 1
Сұрақ: Әр адамның шағын отаны
Жауап: Жанұя - семья - family
№: 2
Сұрақ: Жылт - жылт етеді, Жылғадан өтеді
Жауап: су - вода -water
№: 3
Сұрақ: Футболшының алаңдағы ойын заты
Жауап: Доп - мяч - ball
№: 4
Сұрақ: Мұртымен туады, Мұртын күнде жуады.
Жауап: Мысық - кошка-cat
№: 5
Сұрақ: Алыстан қарасаң, аппақ, Татып көрсең, тәтті - ақ
Жауап: Қант - сахар-sugar
№: 6
Сұрақ: Айдалада ақ отау, Аузы - мұрны жоқ отау
Жауап: Жұмыртқа - яйцо-egg
№: 7
Сұрақ: Жұдырықтай қызыл шар, Тілді үірген шырын бал
Жауап: алма - яблоко- apple
№: 8
Сұрақ: Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы
Жауап: Ит - сабака - dog

І топ: «Астана» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\139995509153719e9370efa4.94465213.jpg

ІІ топ: «Бәйтерек» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\13999537065371992a7f1a14.38907510.jpg

ІІІ топ: «Ханшатыр» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\140619869353d0e3a5bebc96.86071266.jpg

І топ: «Астана» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\1397471985534bbaf1f206f9.52273506.jpg

ІІ топ: «Бәйтерек» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\140619543053d0d6e60e2345.30369794.jpg

ІІІ топ: «Ханшатыр» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\1398751434535f40cadb0994.23668708.jpg

І топ: «Астана» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\140594915953cd14e7003b31.99523597.jpg

ІІ топ: «Бәйтерек» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\140595029753cd1959617d57.80212790.jpg

ІІІ топ: «Ханшатыр» тобы.

C:\Users\LoGy\Documents\1399624335536c928f2afaa7.24083615.jpg C:\Users\LoGy\Documents\13978353725351466c601cc8.67080027.png


Ұқсас жұмыстар
Көне қалалар
Астана қаласының мәдени орталықтарын атау
Ақмола тарихын оқыту
Тәуелсіздік тобы
Түбірлес сөздер.қазақ тілі.3сынып
Тест жұмыстары. дүниетану.. 3-сынып
Пайдалы қазбасы
Нәтиже сабақ жайлы
Мынау бәйтерек
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары. Азаматтардың құқықтары. Синтаксис
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz