Кіші жастағы балаларға арналған сабақ-конспект: 4 саны мен цифры

ЖШС Каспий өңірі«Болашақ» колледжі

Конспект

Тақырыбы:«4саны мен цифры»

Орындаған:Бегенова Г.

Тексерген:Каракаева А.

Ақтау-2023 ж.

Сабақтың тақырыбы: «4 саны мен цифры»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру;

дамытушылық: балалардың ой-өрісін 4 санының құрамына есеп құрастыру арқылы дамыту ;

тәрбиелік: 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, сандар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру:

  1. Амандасу;
  2. Өткен сандарды қайталау.
  3. Жаңа сабақ:

Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру.

-Аквариумде 3 балық болды, тағы бір балық әкеліп қостық. Неше балық болды? 3+1=4. Бүгін біз 4 санымен танысамыз.

4 санын көрсетіп, тура және кері санау. 4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру.

-3қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті, нешеуі қалды?

4-1=3.

-Ал, балалар қояндар нені жақсы көреді?

-Сәбізді.

Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанылады.

-Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.

Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.

-Пішіндер неге ұқсайды балалар?

-шаршыға, «ш» дыбысына.

-4 саны неге ұқсайды?

- төңкерілген орындыққа.

-Ал балалар, осы жөніндегі Алмастың тақпағын тыңдап көрелікші.

Іздегендер табады,

Зер салса егер мынаған.

Тура «4» боп қалады,

Орындықтар құлаған.

Дәптермен жұмыс:

Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру.

Сергіту сәті:

1, 2, 3- ал кәнеки ұш,

4, 5, 6, 7- мынау ауыл шеті.

8, 9, 10- ал, кәнеки қон!

Ойын: «Өз орныңды тап»

Шарты:балаларға 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз. Ретсіз араласып тұрады. Балалар ретимен қатарға тұруы керек, қатардағы орнын атауы керек.

III. Қорытынды.

- Балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық?

«4» санының құрамын қайталау.

  1. Балаларды мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
4 саны мен цифры: құрамы және төртбұрыш пен шаршы ұғымдары
Ашық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры
5 саны мен цифры және бесбұрыш: сабақ жоспары
4 саны мен цифры: қосу, азайту, салыстыру және төртбұрыш элементтері - сабақ жоспары
15 саны мен цифры: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ашық сабақ: 8 саны және цифры
Бастауыш сыныпқа арналған 7 саны мен цифры тақырыбындағы аралас сабақ жоспары
1-сынып математикасы: 2 саны мен цифры туралы сабақ жоспары
8 саны мен цифры: бастауыш математика сабағының жоспары
0 саны мен цифры: бастауыш сынып математикасының сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz