Қыс мезгілі: балаларға арналған қоршаған ортамен танысу және шығармашылық сабақ конспектісі

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

Конспект

Тақырыбы: «Қыс мезгілі»

Орындаған:Саутова М.

Тексерген:Улыкманова Ж.

Ақтау-2021

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі : «Қоршаған ортамен танысу», «Сурет»

Тақырыбы : «Қыс қызығы»

Мақсаты : Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту. Жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларының суретін түтікше арқылы үрлей отырып, бейнелеуге үйрету.

Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайд.

Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң қонақтар

Тәрбиеші : Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін таба аласыңдар ма?

Балалар : Әрине.

Тәрбиеші: Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды

Қар омбығып,

Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.

Бүлдіршіндерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

Балалар : Қыс мезгілінде.

Тәрбиеші : Дұрыс айтасыңдар. Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар : Қыс мезгілі.

Тәрбиеші : Балалар, қыс мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?

Балалар : Қар жауады, суық балады, боран соғады, аяз болады.

Тәрбиеші : Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?

Балалар : Адамдар жылы киінеді.

Тәрбиеші : Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар : Қардан аққала соғамыз, сырғанақ жасаймыз, шана, шаңғы тебемез.

Тосын сәт: Топқа Маша мен Аю қонаққа келеді.

Маша мен Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар : Сәлеметсіздер ме?

Маша : Балалар менде неше түрлі пішіндер бар, сол пішіндерден аққала жасауға көмектесесіңдер ме?

Балалар : Көмектесеміз.

Балалар Машамен бірге пішіндерден аққала жасайды.

Маша : Жарайсыңдар, балалар. Енді менің сурет салғым келіп тұр.

Тәрбиеші: Олай болса сендер Аю екеуің балалармен бірге сурет салуға көмектесіңдер.

Балалар қорапшадағы бейнелі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

1 - топ: «Аққала» тобы.

2 - топ: «Ұлпа» тобы.

1 - топ: «Аққала» тобы жарық шамы түсірілген әйнекке қыс қызығын манка жармасынан, ас тұздан, құмнан саусақ қимылдары арқылы сурет салады.

2 - топ: «Ұлпа» тобы көк түсті қағазды алып, ақ түсті гуащь бояуына қылқаламды батырып, көк түсті қағазға тамызып, бояуды түтікшемен үрлеп, қар ұлпасының суретін бейнелейді.

Сергіту сәті:

Саусақтарым тұрыңдар,

Сапты бірге құрыңдар,

Желмен бірге майысып,

Оңға, солға бұрыңдар.

Маша мен Аю: Балалар, сендерге көп рахмет. Өте қызықты болды бүгінгі іс - әрекеттерің. Енді қайтайық, қош сау болыңдар.

Тәрбиеші : Жүректен жүрекке,

Қол ұстасып тұрайық,

Достық әнге салайық,

Сау - саламат болайық.

Күтілетін нәтиже: Не алды? Қыс қызығын тамашалады.

Не білді? Қыс мезгілі туралы мағлұмат алды.

Не істей алды? Балалар түтікшемен қардың және құм, жарма, ас тұзын пайдалана отырып жарық түсірілген әйнекке саусақ қимылдары арқылы сурет салды.


Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған Ертегілер әлеміне саяхат: қатынас, тіл және қоршаған ортамен танысу арқылы психологиялық-педагогикалық түзету сабағы
Мектепалды дайындық тобына арналған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу - Көлік түрлері
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көктем келді - қоршаған ортамен танысу
Қоршаған ортамен танысу арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Жасыл жайлау - сиыр туралы тіл дамыту және қоршаған ортамен танысу
Тұлпар ортаңғы тобына арналған тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ жоспарлары
№11 Технологиялық карта: Қоршаған ортамен таныстыру - Мамандықтар
Жер мен су: қоршаған ортамен таныстырудың технологиялық картасы
Балабақшада қыс мезгілі: табиғат, қыстық ойындар және жапсыру арқылы ұсақ моториканы дамыту
Қыс мезгілі: мәтін құрастыру, зат есім мен сын есімді қайталау және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz