Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақтың салт - дәстүрлері Тәрбие дәстүрі
Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Сабақтың мақсаты:Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, Наурыз мерекесі бейнеленген плакаттар, салт-дәстүрлер туралы кітаптар.т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім:
-Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз- көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз- бақыттың бастысы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын! Бүгінгі болғалы отырған 1-2 кластар аралығында өткізілгелі отырған <<Қош келдің,Наурыз!>> атты ашық тәрбипе сағатымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар ардақты біздің ұстаздар,
Білім беріп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жайып дәріптейміз Наурызды,
Сіздер үшін би билеп, әнде шырқалар.
Би: Қазақша. Орындайтын: Дина Садыкова.
Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Қарсы алайық құрметтеп,
Ақ жаулықты әжені.
(Шашу шашылады)
-Наурыз-қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрам. Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Наурыз мейрамы-өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Наурыз- ( нау-жаңа, руз-күн) деген сөз парсы тілінен енген. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов сияқтылар біршама деректер жинаған. Наурыз-жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.
Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей айнайық.
(Оқушылар <<Наурыз>> мерекесіне шашу ретінде өздері білетін өлең шумақтарын оқиды)
Тәуелсіз биік халқымның,
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер ана бойы балқысын.
Келесі кезекте ата-аналарға салт-дәстүрден сұрақтар қойылады.
1. Қой малын жасына қарай атап шық?
2. Наурыз көжеге қосылатын тағамдарды ата.
3. Адамға не қымбат?
4. Ұлттық тағамдарды атаңыз.
5. Ұлттық ұйындарды атап беріңіз?
6. Өзіңіз білетін 2 мақалдан айтып беріңіз.
Мұғалім:
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй-дастархан,даламыз-сахнамыз.
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.
Келесі кезекте ән: <<Бал балалық>>. Орындайтын: Айгерім мен Айна.
Наурыз жырын жырлаймыз
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
Тұсау кесу салт -дәстүрден үзінді көрсетіледі.
Ата-аналар арасынан салт-дәстүрден үзінді көрсетіледі.
Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейірім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр-деп келесі кезекте
Би: Қыздардың орындауында <<Сәукеле>> биі.
Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын ,Наурыз той,
Ұлы күні ұлыстың!
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Келесі кезекте Дәулеттен бата сұраймыз.
Көже ішуге дастарханға шақырамыз.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар,ұстаздар! Бүгінгі өткізілген <<Қош келдің, Наурыз!>> атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Тағы да, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын- дейміз. Еліміз,жеріміз көркейе берсін. Наурыздан, наурызға дейін аман-сау жүрейік.
Сау болыңыздар!
Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Жақсылық - жан шуағы>>
Тәрбие сағатының мақсаты: Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер:
<<Жасаған жақсылығың сатулы болмасын>>, <<Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды>>, <<Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді>>, т. б.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді. (Әл - Фараби).
Ата - бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету - халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
1 - оқушы. Көрші - қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
2 - оқушы.Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге ет - май деп майда малын уақытша болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлік - жай деп көшуге, малға жем - шөп даярлауға түйе беріп көмектескен.
3 - оқушы. Сауын деп кедей - кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген.
Ата - бабаларымыз қайырымдылық дегенді осылайша түсінісіп, осылай жүзеге асырып отырған. <<Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,>> деген екен. Бір - бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!
4 - оқушы. Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу - бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да - елдігіміздің нышаны.
Ата - әжеге баланың ықыласы мына өлең шумақтарынан көрінеді:
5 - оқушы. Таң атса күлімдеп,
Жүрегім дірілдеп.
Атама жүгірем,
Күн ашық бүгін, деп.
7 - оқушы. Жүрерде жер тіреп таяғын,
Орнынан тұрады ол әрең.
Әттең, мен кішкентай баламын,
Әйтпесе, арқалап алар ем.
Сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.
<<Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен>> - деген ата - бабаларымыздың нақыл сөзі бізге тәрбие береді.
Оқушы:Ерназар
Жақсы кісі ақылменен тәуір болады,
Мінезі қорғасындай ауыр болады.
Оқушы: Ерасыл
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
<<Кімге не артық?>>
Оқушы: Айна
Тәкаппарға көз артық -
Көріп тұрып, көрмейді.
Жарымеске сөз артық -
Жөн сөйлеуді білмейді.
Оқушы: Айгерім
Не істесе де оңдырмас -
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас -
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әруақытта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да -
Бәрі артық.
Балалар, тәкаппарлық пен жалқаулықтан, тілазар болудан бойымызды аулақ сақтайық. Білімді, саналы болашақ. Білімді, саналы достардан әрқашан жақсылық күтуге болады.
Көрініс. <<Қиын есеп>>
Басы қатты баланың,
Шығара алмай есебін.
Іздеп түрлі амалын,
Күбірлейді қос ерін.
Қиналғандай көрініп,
Оның... тісі де.
Қарындашты кеміріп,
Кіріскен өз ісіне.
Талай тәсіл қолданып,
Бір жазып,
Бір өшіріп,
Отыр бала ойланып,
Ақ қағазға тесіліп.
- Мейрамбек, не істеп отырсың?
- Мына есепті шығара алмай отырмын.
- Е - е, соншама қиналғаның не, мә, көшіріп ал!
- Рахмет. Жақсы болды, қазір - ақ көшіріп аламын.
Мұғалім:Балалар, кім - кімге жақсылық жасады? Осы жақсылық па?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
- Кім, не қасиетсіз?
Оқушы: Данагүл
Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз.
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Бал болмаса, ара қасиетсіз.
Жан байқалған, шала қасиетсіз.
Өнерсіз болса, бала қасиетсіз.
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.
Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз.
Көк шықпаса, жер қасиетсіз.
Оқушы: Қайырымдылық - асылқасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір - біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Оқушы: Рамазан айы - мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда мұсылмандар пітір таратады. Бір - біріне қолынан келгенше қайырымдылық жасайды.
Оқушы: <<Күллі адам баласын қорқылатын үш нәрсе бар. Әуелі - надандық, екінші - залымдық, үшінші - еріншектік>> - деп Абай атамыз айтқан екен. Міне, осы үш нәрседен бойымызды аулақ ұстайық.
Оқушы: Мадияр
Кісіге адамшылық не керек?
Адамдық - өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әлкелгенін жұтып жемек.
Мейірім - жақсы, залымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп.
Жан ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай,
Өткен адам - өсіп - өсіп құлаған бір бәйтерек. (Ш. Құдайбердиев)
Оқушы (Айгерім) Өмірде еш өкініш болмасын,
Имандылық босын сенің жолдасың.
Қорытынды: Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтықтың ауылы алыстай береді. Ата - бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қоярмаекен? Енді ата - бабаларымыздың нақыл сөздеріне кезек берейік (Оқушылар нақыл сөздер айтады).
Біз - халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз.
Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қайырымдылық қорлары да өз көмектерін көрсетуде.
Халқымыздың осы бір бағалы дәстүрін - қайырымдылық пен жақсылықты ұмытпайық!
Тақырыбы: Ата салтым-асыл мұрам
Мақсаты:
Міндеті: - Оқушыларға қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
- Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын студенттерді тәрбиелеу.
-Оқушыларға сөз қадірін бағалай білетін,ойы ұшқыр, өресі биік, білімді, саналы,адамгер-шілігі зор тұлғаларды тәрбиелеу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, презентация, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөздер
Өткізілу формасы: тәрбие сағаты.
Тәрбие сағатының барысы
<<Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл
жағынан біртұтас ұлт>> В.В.Радлов
1. Ұйымдастыру кезеңі <<Қазағымның дәстүрлері-ай!>> әнін тыңдау
2.Негізгі бөлім
Ата-салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Білімсізден жаман жоқ,
Туған соң адам боп.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп- дегендей қазақтың салт-дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
Отбасы дәстүрлері
Отау көтеру Еңбек дәстүрі
Қазақтың салт-дәстүрлері Тәрбие дәстүрі
Ислам тағылымы Қаза ғұрыптары Наурыз дәстүрі
Отау көтеру дәстүрлері: Қыз көші,беташар,шаңырақ көтеру.
Тәрбие дәстүрлері: Бесікке салу, алтыбақан.
Отбасы,тұрмыс дәстүрлері: Дастарханға бата,бәйге, отпен аластау. Еңбек дәстүрі: Аңшылық,Сонар.
Ислам тағылымы: Құрбан шалу
Қаза ғұрыптары: Дұға оқу,жоқтау.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.
1-оқушы: Шілдехана - сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2-оқушы: Қырқынан шығару - бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3-оқушы:Есімін атау (ат қою) - бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою <<көз тимесін>> деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы: Бесікке салу - бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың <<ит көйлегі>> жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны <<тыштырма>> деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.
5-оқушы:Тұсау кесер - бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы <<Ақ жол болсын>> деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.Тұсау кесер жырлары айтылады.
6-оқушы:Баланы атқа мінгізу салты - баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Бейнеролик көрсету
Ата дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал балалар,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
<<Жалғасын тап >> ойыны 1. <<Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді>> 2. <<Қуыс үйден құр шықпа>> / тізеңді бүгіп дәм ауыз ти /
3.<<Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық>>
4. <<Сыйға сый, сыраға бал>> /риза болу/
5. <<Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер>> /татулық пен ауызбіршілікке не жетсін/.
6. <<Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар>>
7. <<Бірлік түбі - тірлік>>
8. <<Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады>> .
9.<<Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер>>/қайтатын, мал келетін уақыт болды/.
10. "Тау тауға косылмас, адамға адам косылар" /әлі кездесерміз, cay бол!/
Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы.
3.Қорытынды.Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы -- бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек. Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста. Ендеше қазағымның салт- дәстүрін ардақтайық!
Қазағымның салт- дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы , тәрбие көзі қалдырған
Салт- дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Сынып жеткішісі: Раниль Досмұхамедов.
Өткізілген күні:21.04.2023.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz