Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аққайнар ауылы

Ешекенева Бактыгуль Нурахметовна
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Аққайнар ауылы
<<Чернова орта мектебі>> КММ, 4 сынып

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлік - елге мұра!
Сабақтың мақсаты: 1.Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі өнеге тұту.
2.Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
3. Жас ұрпақты Отанды қорғауға, үлкендерді сыйлауға, елін-жерін сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақта Жеңіс күніне лайықталып безендірілген. Мәңгі алаудың макеті, мақал-мәтелдер.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Үнтаспадан В.Лебедев-Кумачтың <<Священная война>> әні естіледі. (Қолдарына гүл ұстаған оқушылар сынып бөлмесіне кіреді де, гүл щоқтарын тәрбие сағатына келген қонақтарға береді)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті қонақтар, балалар.<< Ерлік - елге мұра>> атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі тұтамыз.
1-оқушы: Жеңіс... осы құдіретті сөзді миллиондаған адамдар 4 жыл бойы күтті. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп, еңбек етіп жатқан халқымыз, осынау заманның қымбатқа түскенін жақсы білді.
2-оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
3-оқушы: Отанымызға қатерлі күн туды
Отанымызды қорғау үшін еліміздің
Көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.
4- оқушы: Мен қазақпын жаралған сүйек еттен
Менде ар бар, менде ой бар жан тербеткен
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен -
деп батыр Бауыржан жазғандай Отанымызды қорғауға бүкіл еліміздің ұл-қыздары аттанды.
5-оқушы: Қаһарлы күндер өтті арпалыста,
Құныққан қан құмарлар қанша қысса.
Мызғымай болат қорған армиямыз,
Бір адым бастырмады алты ай қыста.
6-оқушы: Тойтарып анталаған жаудың бетін,
Көрсеткен батырлықтың құдіретін.
28 батырын туған елі,
Ардақтап мәңгі жасар құрметін.
7-оқушы: Жанындай сүйген халықты,
Ерлерді мәңгі даңқты-
Өнеге тұтып өсеміз
Әлия, Мәншүк, Мәлікті
8-оқушы: <<Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін>> деген ұранмен өмір кешті.
9- оқушы: Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
10- оқушы: Қырда тау ойда бұлақ жылап жатты,
Күніреніп қанталаған күн де батты.
Бас жарған нәзік гүлге үкім айтып,
Сұм соғыс, рахымы жоқ оғын атты.
Мұғалім: Соғыс біткелі неше жыл болды?
Ашық аспан астында, бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз. (Шаңырақ жасай отырып, топқа бөлінейік)
1- топтың аты <<Бейбітшілік>>, 2-топтың аты <<Жеңіс>> болады. Әр топ өзінің топ басшысын сайлап алсын.
Соғыс... Ол совет адамдарына қаншама қайғы-қасірет әкелді. Барлық жерде қираған құрылыс, аштық орын алды. Ұлы Отан Соғысы кезіндегі совет адамдарының ерлігі нағыз ерлік еді. <<Соғыс>> деген сөздің мағанасын ашып, топтық жұмыс жүргіземіз.
Оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
<<Тарихи деректер>>
1-оқушы. 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4- те фашистік Германия Совет одағына соғыс ашты.
2-оқушы. Елімізге бас салған жау күшті, әрі қатал болды. Фашист басқыншылары өз солдаттарымен Кеңес адамдарын мейірімсіздікпен қыруды талап етті. Олар жауынгерлерді, қарттарды, балаларды өлтірді, халықты аяусыз азаптады. Олардың өткен жерлерінде адамдардың өлігі, өртенген үйлер, ауылдар қалды. Осы соғыста Қазақстандықтар да өздерінің қаһарман халық екенін көрсетті.
3-оқушы. Бұл соғысқа Қазақстандықтардан 1 миллион 196 мың 164 адам соғысқа аттанды.
4-оқушы. 500-ге жуық Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың 98- і қазақ.
5-оқушы. Кейбірінің есімін атап кетейік.Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова.
6-оқушы. Москва қаласын ерлікпен қорғаған 28 панфиловшыларды, жау тылындағы жас гвардияшыларды, мыңдаған батырларды мақтанышпен еске аламыз.
7-оқушы. Ел басына күн туғанда біздің туған жерден Катонқарағай өңірінен 3500-дей адам майданға аттанып, 1902 сарбаз майдан даласынан елге оралмады.
8-оқушы. Ерлікпен шайқасқан, табандылық пен ержүректік танытқан жерлестеріміз ауданымыздан шыққан, Кеңес Одағының Батырлары деген атағын алған В.Ф. Величко,А.Г.Огнев, В.Р.Спирин,В.А.Шулятников,Т.М.Клименко,Е.П.Рыков, И.В.Топорков.
<<Қатардағы жауынгер>> әнін тыңдаңыздар.
Кіші ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысқан оқушылар бар. <<Олар өткен жолдар>> деген тақырыпты басшылыққа ала отырып, жас зерттеушілер сөз алады.
Біздің сыныбымыздың оқушысы Серікқан Айғанымды ортаға шақырамыз.
Өзіміздің жерлесіміз Иван Васильевич Топорков 1916 жылы Чернова ауылында жай шаруаның отбасында дүниеге келді. 8-сыныпты бітіргеннен кейін тұтынушылар кооперациясында жұмыс істейді, партия қатарына өтеді. 1939 жыл азаматтық борышын өтеуге армияға алынады. 1942 жылдың шілдесінен бастап майданға болды. Сол жолда Украина, Беларуссия жерін жаудан тазартуға қатысты. 1943 жылғы 26 қазанда старшина И. Топорков өзі қызмет ететін әскери құрамадағы жауынгерлер мен техникаларды Днепрдің оң жағасына өткізуге белсене араласты, қарсыласқан жауға қаймықпай қарсы барып көзсіз ерліктер жасады.
1944 жылдың 22 ақпанында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. II-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Бейбіт еңбекте Ленин орденін кеудесіне тақты.
Соғыстан кейінгі жылдарда Алматы қаласында тұрып 1966 жылы 7 желтоқсанда дүниеден озды. Қазіргі кезде Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылындағы бір көше батыр жерлесіміздің атымен аталады.
Біздің сыныбымыздың оқушысы Тошантаев Мәдиді ортаға шақырамыз.
Менің атам Құрманов Тошантай 1920 жылғы. Монғолиямен шекаралас Тошанты деген жерде дүниеге келген. 1940 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, 1941- 1945 жылдарда соғыста болды.
Украинаның Щипила елді мекенін азат етуде взвод командирі қаза табады, сонда атам взводты өз қолына алып, үлкен ерлік көрсетті. 2- рет жараланып 3-ші дәрежелі <<Даңқ>> орденімен марапатталып старшина атағын алады. 1946 жылы елге оралады. Үшбұлақ ауылында ауылдық кеңесте председатель болады. Атам мен апам 3-баласын өсіріп жеткізді. Балаларынан 4 - немере, 2-шөбере көрді. Атам 1983 жылы қайтыс болды.
Осы күнде мені көрген ата-апалар, <<сенің атаң еңбекқор болған, сен оның ұрпағысың>>- деп айтады. Отан үшін, ел үшін от кешкен, еңбек еткен атамды мақтан тұтамын.
Бақыттымыз, біз соғысты кермедік.
Сыныбымыздың қыздарының орындауында <<Катюша>> биі>>
Біздің сыныбымыздың оқушысы Уалханова Шынарды ортаға шақырамыз.
Мен, Ұлы Отан соғысының ардагері болған Камчинов Нұрахмет атаға зерттеу жұмысын жүргіздім.
Нұрахмет ата 1923 жылы қараша айының 7-сінде <<Чернова>> ауылында дүниеге келіпті. Осы ауылда латынша 5 класты бітірді. 1939 жылы Пахомов атындағы колхозға жұмысқа кірді. 1942 жылы соғысқа шақыртты. Сталинград қаласында 2 ай дайындықта болып, сол қала түбінде шайқасқа қатысты.
Соғыстан туған ауылына оралып, колхозда жұмыс істеді. 1957 жылы жұмыста үздік шыққаны үшін Нұрахмет атаны << Бүкілодақтық ауылшаруашылық>> көрмеге қатысуға Москва қаласына жіберді. Сонымен қатар, мал басын дұрыс сақтап қарағаны үшін мақтау қағазымен марапаттады.
1957 жылдан атауы өзгерген <<Чернова>> совхозында жұмыс істеді. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. 1984 жылы көп жылғы еңбегі үшін <<Еңбек Ардагері>> медалімен марапаттады. Көптеген мерекелік медальдармен марапатталды. 1997 жылы 22 қаңтарда Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалімен марапатталды. 2004 жылы Жеңістің 60 жылдығы медалімен марапатталды.
Жанұясында 8 баланы тәрбиелеп, өсірді. 2005 жылы қайтыс болды.
8-оқушы:
Ел басына күн туған сол бір жылдарда, біздің ауылдан Базарбаев Қалиқан, Жұмағұлов Қадөш, Жаманбаев Ақтайлақ, Караваев Сергей Васильевич, Қамшынов Нұрахмет,Құрманов Тошантай, Қабабаев Мұқтари, Құлшынов Қазыбек, Немков Михаил Иванович,Шегіров Абдолда т.б кеудесін оқ пен отқа төсеп елін жаудан қорғады. (слайд көрсету)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.Сол жолда бір ғана біздің Қатонқарағай өңірінен қолына қару алып,майданға аттанған азаматтардың жартысына жуығы елге оралмады.Олардың көпшілігінің қай жерде,қалай қаза тапқандарын біз әлі толық білмейміз.
1-оқушы: 1941-1945 жылдардағы аса ірі жауынгерлік операциялар мен шабуылдардың барлығына қатысып, Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын желбіретуде өлшеусіз үлес қосты.
2-оқушы: Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті.
3-оқушы: Туған жеріміз Катонқарағайдан кеткен 226 жерлесіміз Отанымыздың жоғарғы наградаларына ие болды.
4-оқушы: Аса ерлік көрсеткен, жауынгерлік ордендерімен марапатталған 12 Катонқарағайлықтар 1945 жылдың маусым айының 10-шы жұлдызы күні Москвада өткен Жеңіс парадына қатысты.
Мұғалім: Ұлы Отан Соғысына Катонқарағайдан кеткен 1902 боздағымыз кескілескен қырғын, алапат айқаста мерт болып, сағынышпен күткен ата-анасына, жан жарына, бала-шағасына қайта оралмады. Олардың есімдері Ұлы Жеңістің шежіресіне алтын әріппен жазылды.
(Соғыстан оралмаған азаматтар тізімі оқылады. 1 минут үнсіздік. Сахнада жасалған мәңгілік алауға оқушылар гүл шоқтарын қойды)
5-оқушы: Арылтып жерден жауымды,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күн?
(9-мамыр хормен)
6-оқушы: Кептерлер шалқып, ұшып
Мәре - сәре, мәз - мейрам,
Отанымыз той - тойлап,
Десеңдер бұл қай күн?
(9-мамыр хормен)
Мұғалім: Соғыс жылдарында ауылда қалған ақсақалдар мен әйелдер буыны бекіп бұғанасы қатпаған жас өспірімдер егін егіп, мал бағып майдан даласына азық-түлік, киім-кешек жөнелтіп тұрды. Катонқарағайлықтардың 280 адамы 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан Соғысы кезіндегі тылдағы ерлік еңбегі үшін медальдармен марапатталды.
(Тылдағы еңбек көрінісін бейнелеу)
Мұғалім: Жеңіске сеніммен қарап, аянбай еңбек еткен, балалық шағын соғыс үзген бүгінгі ақ шашты қарияларды жеңістің жарқын мерекесімен құттықтаймыз.
(Тыл ардагеріне сөз беріледі)
7-оқушы: Биік ұш бейбітшілік көгершіні,
Асып өт келер мұхит, не бір шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естіліп,
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.
<<Ақ көгершін>> әні
8-оқушы: <<Бейбітшілік>> нұрына
Дүние жүзі сенеді,
Соғыс өртін өшіріп,
Бейбітшілік жеңеді
<<Отан>> әні (оқушылар хормен орындайды)
Біздің тілек: (оқушылар өз тілектерін жазады)
Мұғалім: Ұлы Жеңістің бақыты мен қуанышын сыйлап,ел мен жер үшін аямай қан мен тер төккен асылдарымыздың өмірі бізге үлгі.Олардың ерлігі мен істері біздің есімізден мәңгі шықпайды.Ұрпақтан-ұрпаққа өшпес мұра болып қалады.
<<Бейбітшілік туы берік қолда>> әнін оқушылар хормен айтады.

Ұқсас жұмыстар
"өмірі өнегелі қаламгер" тәрбие сағаты
"мәтін құрастыру" 3 сынып қазақ тілі
Үй құстары Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы
"аңыз адам- 100 жаста" тәрбие сағаты
"ер есімі- ел есінде" тәрбие сағаты
"дала, шөл, шалғын табиғат аймақтары" дүниетану 4 сынып
Ересек оқушы
Жж дыбысы және әрпі
Наурыз-думан
Ыбырай ауылы
Пәндер