Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Баласыз отбасылар

Күні
27.04.2020
Тобы
НО3Б
Пәні
ЭТНОПЕДАГОГИКА
Тақырыбы
ЖАНҰЯНЫҢ (ОТБАСЫНЫҢ) ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Интернет ресурстар
https://45minut.biz/?p=3292
Дәріс

1. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы.Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.
Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.Жеке отбасы - бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай. Мысалы патриархальды отбасы - шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туған. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына итермелейді. Мыс, Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы-отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халқтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.Отбасының екінші маңызды қызметі- материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсірісе көп балалы отбасында.
Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық-тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды.
Отбасының қызметтерінің бірі-тәрбиелеушілік қызметі; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру , үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің маңызды міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет.
Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады.Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің не болмаса ерінің бірге тұратын туыстары , немере-шөберелерден тұрады. Отбасыларды отбасылық өмірдің ерекше жағдайына қарай да бөліп қарастыруға болады:
- дистанттық отбасы, мұнда жұбайлардың бірі жұмыс жағдайына байланысты, көбінесе, отбасынан бөлек болады. Мұндай жағдай теңізшілердің, әскери т.б. адамдардың отбасында кездеседі.
- студенттік отбасы. Әлеуметтік зерттеулер бойынша студенттердің 70 пайызы студенттік шақта некеге тұрғанды мақұлдайды, 27 пайызы бірінші кезекте білім алып, сосын барып отбасын құрғанды қалайды, ал 3 пайызы некеге тұрғандар екен.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық. Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2. Орташа (екі балалы) 3. Бірбалалы; 4. Баласыз отбасылар.Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына қарай, табысына қарай да отбасы жоғары, орта, төмен болып бөлінеді.
2. Қазіргі заман отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселелерінің ішінен әлеуметтік-педагогикалық қызметкерге тиесілі - күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көсеткіші отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материалдық қал- жағдайы, құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшеліктері, рухани құндылықтары, көзқарасы болып табылады.
Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына байланысты оның мынадай белгілерін білуі тиіс:
- толық, немесе, толық емес отбасы;
- күн көру үшін уақтылы құрылған жалған отбасы;
- отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері - жастар, ересектер, қарттар;
- қаншасыншы рет құрылған отбасы (мысалы, алғашқы, екінші, т.б.);
- балаларының санына қарай - көп балалы, жалғыз балалы отбасы;
- отбасында ұрпақ жалғасына қарай - бір немесе бірнеше буыннан құрылған, мысалы, жас отбасы мен әке-шешесі, әже, атасы, қайын бикесі, қайын сіңлісі, қайын ағасы т.б. тұра ма? Бұлардан басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының материалдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тұрмыс-тіршілік шарты, мүшелерінің атқаратын міндеттері, әр адамның жеке және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне, осылардың барлығы отбасының мәртебесін құрайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша отбасының төрт түрлі мәртебесі анықталған. Олар: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік мәдени және ситуативтік.
Отбасы үшін әлеуметтік бейімделудің ең маңыздысы - материалдық ахуалы, кірістері, баспанасы, жиһаз бен керек-жарақ бұйымдары, жылжымайтын мүлікке иелігі, отбасы шаруашылығы т.б. Бұлар отбасының әлеуметтік- экономикалық мәртебесін құрайды. Егер отбасында жұбайлардың табысы ең басты қажеттілікке жетпесе, мысалы, азық-түлік, киім-кешек т.б., ол отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен екендігін көрсетеді.
Отбасының кірістері өмір сүрудің материалдық нормаларын қанағаттандырып, бірақ материалдық жақтан толық қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі орта деңгейде деп есептеледі.
Отбасының әлеуметтік сипатының екінші белгісі - отбасындағы психологиялық ахуал. Бірге өмір сүруші адамдардың өзара, бір-бірімен қарым-қатынасы, бауырластық пен үйірсектігі, өзара сый-құрметі, ізеттілігі, бір-біріне көмектесуге даяр тұруы жақсы психологиялық жағдай туғызып, отбасылық өмірде қуаныш пен қанағаттану сезімдерін туындатады. Психологиялық ахуалы дұрыс қалыптаспаған отбасында өзара қарым-қатынас нормалары бұзылып, мүшелерінің арасында қарама-қайшылық туындап, зекіп сөйлеу, тілазарлық, бірін-бірі тыңдамау, түсініспеушілік, ұрыс-керіс секілді жат көріністер пайда болса, онда мұндай отбасыларға психотерапиялық көмек ұйымдастыру қажет.
Отбасының әлеуметтік сипатының үшінші белгісі - әлеуметтік мәдени бейімделу. Бұл отбасы мүшелерінің білімділігі, мәдениеттілігі, бала тәрбиесіне ықпал ететін аса маңызды сипаты. Себебі, мәдениетті отбасында салт, әдет-ғұрып сақталып, дәстүрге айналған мейрамдар өткізіліп, рухани байлығы артады, демек бұл отбасының әлеуметтік-мәдени деңгейі жоғары деп
есептелінеді. Отбасының әлеуметтік сипатының төртінші белгісі - ситуативті рөл атқаруға бейімділік. Бұл - отбасы мүшелерінің балаға деген қарым-қатынасы, баланы ұғынып, түсінуі, баланың проблемасын шеше білу. Әлеуметтік педагог әр түрлі типтегі отбасыларына назар аударуы керек.
3.Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн тәртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:
:: отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
:: тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
:: отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
:: ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
::қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
:: отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
:: отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
:: баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
:: отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;
:: ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;
:: ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
4. Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік. Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше. Қазақстан Республикасының Конституциясында <<Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызы>>деп отбасының міндеті анық көрсетілген. << Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің <<кім>> және <<қандай>> екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір арзымайтын кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңыз үлкен болған. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні рас.
Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға <<сіз>> деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе.
Кейбір ата - аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Бұндай қолайсыз жағдайларға тап болуына баланың өз ата - анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз. Бірақ осындай ата - аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай да бермейді. Бұл тәрізді жағдайлар аз болса да өмірде кездесіп тұратын шындық.
Қаншама ата - ана болса, баланы тәрбиелеу әдістері де, түрі де соншалықты болатыны анық жағдай. Олаға: жылы сөзбен көндіру, көнбесе қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу, жазалау т. б. Әдістер ата - аналар таңдаған тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласын тіл алғыштыққа тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың таңдаған әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.
Отбасылық тәрбие арасында ата - аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі: сендіру, жазалау, кей отбасыларда педагогтер кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
Ал ата - аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда мына жағдайларды ескеруі керек деп ойлаймын.
1. Әрбір ата - ана өз баласының болмысын жете тани білуі қажет.
2. Ата - аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.
3. Ата - аналардың тәрбиелік істерінің бірлігі, іс - әрекеттер әдістерінің басымдығы болуы.
4. Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті, тәрбиелік ықпаладардың қыр - сырларын үйренуі, тұрмыстық қажеттілікке айналдыру.
5. Отбасылық тәрбие ережелері.
Отбасындағы жалпы қарым - қатынас, үйдегілердің бір - біріне деген сый құрметі немесе басқалармен болған байланысы, сөз шеберліктері, яки болмаса, жағымсыз қылықтары жас баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, отбасындағы ата - аналардың ажырасып кетуі, ортада қалған балаларға қатты әсер етеді. Соның салдарынан анасыз немесе әкесіз тәрбиеленген балалар жасық немесе кекшіл, көңілі жарым болып өседі. Ал ата - анасы ішімдікке салынып, бір - бірімен жанжалдасып, адамның көңіліне дақ түсіретіндей сөздермен бір - бірін балағаттау, осындай кикілжің отбасындағы ұрыстардың кесірінен өз балаларын да ұрып - соғу немесе баланың әрбір сөзіне жеки жауап беру де баланың психологиясына кері әсер етеді. Кейде осы үйдегі ұрыс - керістің салдарынан көрші - қолаңдармен де керілдесіп қалу, сөйтіп олармен де жанжалдасып, айқай - шу көтеруі, сол өздері тұрған жердегі адамдардың да тыныштығын алуы, ол үйге деген өзгелердің де пікірін өзгертіп, балаларын оларды балаларынан аулақ ұстауы сол үйдегі өсіп жатқан баланың мінезіне әсер етіп, бала тұйық, жасқаншақ болып өседі және осы жағдай балаға теріс әсер етеді. Өсіп келе жатқан бала мұны тез және өзіне жақын қабылдайды. Отбасындағы кез келген жағдаятта ата - ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері мен іс - әрекеттерінде әдептілік танытқаны жөн. Мсыал ретінде алатын болсақ, ата - ана арақ пен темекінің көптеген зияндығын біле тұра, баланың құлағына соны құя тұра, балалардың көзінше өздері арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартса, одан ешқандай жақсы тәрбие ала алмайтыны анық нәрсе. Мұндай жағдайда бала басқа өмірді аңсайды, не болмаса теріс беріліп отырған тәрбиеге тез бой алдырады. Ал егер осы теріс жолға бала мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өскені дей беріңіз. Болашағында бақытсыз қыз бен келешегі жоқ бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда кінәні кімнен іздейміз?
Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт, ата - ананың бір - бірімен болған қарым - қатынасы. Мәселен, біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан. Ол - үйдің отағасы, балалардың әкесі. Ата - ананың бала өсірудегі басты мақсаты - қоғамдық өмірге көпшілікпен қатар <<түзу кірпіш>> қалау. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны <<ана>> деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады. Ал үйдегі ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өту орынды. Олардың сөзін жерде қалдырмай, өмірден көрген тәжірибелерінен сабақ алу - таптырмайтын өмір мектебі десе де болады.
<<Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер>> дейді дана халқымыз. Осы айтылған халық даналығына келсек, бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келіп өседі. Баланың бұл іс - әрекетіне кейбір ата - ананың <<жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің>> деп ұрсып жіберетіні бар. Бұл - қате түсінік.
Дана халқымыз: <<Адамның бақыты - еңбекте>> деп бекер айтпаған. Шынында да, адам өз қадірін, құрметін сол адал еңбегі арқылы алады. Ата - аналар балаларын жастайынан - ақ еңбек етуге, қандай қиыншылықтар болса да төзіп, оны жеңуге үйретіп келген. Олар бірер жұмыс істегенде перзенттерін жанына алып, олар ығыр болып кетпейтіндей дәрежеде жайлап түсіндіріп, үйретіп отырса, балалар жұмысты тындырымды істеуге қалыптасады. <<Әкенің кәсібі, ананың рәсімі>> деген қағиданы ұмытпауымыз керке екен. Яғни, балаларды жастайынан әке кәсібіне, ал қыз балаларды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе жатқан дәстүріміз.
Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажетжәне олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті. Олар оны <<Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт та, шама да жоқ>> деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын болжайды.
Отбасықарым - қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді балаақылымен пайымдай алмасада, сезініптүйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке - шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды. Баланың балғын ойы мен сенімі - алдында ең беделді тұлға әке, әлеуетті, ақылды, білімдар әке.
Ата - ананың ықпалы өзінен - өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс - әрекетке айналады.
Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез - құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттар да әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері - әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми - педагогикалық, көркем әдебиеттерде де айтылып келеді. Баланың естігені оқу - ғылым жайлы болса, әке - шешесінің сөзі де сол болса, ондай баланың болашақта таңдап алар жолы да соған сәйкес болмақ, әрине егер ата - анасы соған оны тарта білсе.
Қазақ халқы әсіресе өмір гүлін үздіксіз егетін ананың ақ сүтін, адал еңбегін айрықша атайды. <<Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді>> деп ана арқылы өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір халық бейнелеп білдіріп отырады.
Бұзақылықтың басы - баланың бос жүруінен басталады. Үй шаруасына қол жұмсамай өскен бала өсе келе қолы бостығынан, зеріккендігінен үйден тыс теріс әрекетке беріледі, қисық жолға түседі. Оған қоса кейбір ата - аналар түрлі сылтау айту салдарынан балаларын өтірік айтуға үйретеді. Кейде сабақты жиі қалдырған балаға әртүрлі сылтауды тауып айтуды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда ата - ана балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. <<Жас шыбықты қалай исең, солай өседі>>, <<Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің>> деген мақалдар осыған дәлел. Сондықтан ата - ананың берген тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескерген жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда оларды дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, баланың бойында табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата - ананың басты парызы.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары мен тапсырмалары
ТАПСЫРМА
1. Бақытты отбасы макетін құрастыру.
2. Жоғарыдағы мәлметті пйдаланып тест сұрағын құрастыру..
Үйге тапсырма
<<БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ>> ЭССЕ ЖАЗУ, ЭССЕ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША СУРЕТ САЛУ.

Ұқсас жұмыстар
Ғажайып отбасы
«ТОЛАҒАЙ» (отбасылар сайысы)
«т о л а ғ а й» отбасылық сайыс
Толағай отбасылық сайысы туралы ақпарат
Жанпейсовтар отбасы
Отбасы және қоғам
Ынтымақты сынып шарасы
"әкем, шешем және мен" спорттық сайыс
Өнегелі отбасы
"толағай" отбасылық сайыс
Пәндер