Мамандықтар әлеміне саяхат: 6-сыныпқа арналған кәсіби бағдарлау тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мамандықтар әлеміне саяхат»

Мақсат:

Білімділік: мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;

Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Барысы:

  1. Шаттық шеңбері.
  2. Миға шабуыл «Мамандық дегеніміз не?»
  3. «Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны.
  4. Психогеометрия. Өзін-өзі тану.
  5. «Бұл қандай мамандық?» Адасқасқан әріптер.
  6. «Мен кіммің?» Мамандықты ым-ишарамен түсіндіру.
  7. Рефлексия.

Мұғалім: Қайырлы күн, Қазақстанның жарқын болашақтары! Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Ендеше біздің «Мамандықтар әлеміне саяхат» тәрбие сағатымызды бастайық.

І. Шаттық шеңбері.

Оқушылар бір-бірлеріне шеңберде тұрып жақсы тілек тілейді.

Геометриялық фигуралар арқылы «Шеңбер», «Зигзаг», «Квадрат», «Үшбұрыш» болып 4 топқа бөлінеді.

ІІ. Миға шабуыл «Мамандық дегеніміз не?»

Әр топ «Мамандық» сөзін қалай түсінетінін постерге түсіреді. Топтың бір мүшесі постер қорғайды.

«Мамандық» сөзіне анықтама беру.

Профессия- латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. . Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

ІІІ. «Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны.

Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.

Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, программист, эколог, заңгер.

Мамандық таңдау ережелері:

-Дұрыс шешім өз қолыңызда

-Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл - сіздің тағдырыңыз.

- Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

- Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

- Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

ІV. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану

Сабақ басында таңдаған фигуралар бойынша өзімізді танып көрелік. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілеті, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.


Ұқсас жұмыстар
Мамандықтар әлемі: 6-сынып тәрбие сағаты
9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдарлау тренингі: Мамандыққа саяхат
Мамандықтар шеруі: 7Б сыныбында өткізілген мамандыққа бағдарлау ашық тәрбие сағаты, №15 орта мектеп, 2014
9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру тренингі: Мамандық әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат: оқу-тәрбие сағаты, ғарыштану және Қазақстан ғарышкерлері
9-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: мамандық таңдау және еңбекке бағдарлау
2-сыныпқа арналған Қызықты математика әлеміне саяхат арнайы курс бағдарламасы
Өсімдіктер әлеміне саяхат: 6-сынып оқушыларына арналған танымдық-тәрбиелік кеш
Мамандық таңдау: кәсіби бағдарлау және топтық жобалық жұмыс
8-сыныпқа арналған Геометрия әлеміне саяхат: математикалық сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz