Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жеті қазынаны ата

Тақырыбы:
Заттың санын білдіретін сөздер
Мектеп: Ақкөл ЖОМ
Мұғалімнің есімі: Хабдрашитова Г.С
Күні:

Сынып: 9

Қатысқандар
саны:
Қатыспағандар
саны:
Сабақ
негізделген оқу мақсаты
Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сан есім туралы білімдерін арттыру.
Сабақ
мақсаттары
Барлық оқушылар:

Сан есімді таба алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өз ойын тиянақтап жеткізеді.

Кейбір оқушылар:

Өз ойын жаза алады. Сұрақ қоя біледі.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
А)Танысу
<<Танымдық ойын>>
Әр бала атына теңеу айту арқылы өзін таныстырып өтеді.
Ә) Психологиялық дайындық.
Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді!
Білімді, алғыр болғым келеді!

Сан арқылы топтарға бөлу.

II. Үй жұмысын тексеру
Дәптер ауыстыру.

III. Қызығушылығын ояту:
-Топқа неліктен осылай бөліндік деп ойлайсыңдар?
-Сан есім дегеніміз не?
-Сөз табы нешеге бөлінеді?
-Сөз табының нешеуін өттік, атап бер?

Ребус шешу

1) 50 'ішік '- 6 н бесік

( Ел іші - алтын бесік)
Сөздің мағынасын ашу.
2) Қ 10 АҚ (Қонақ)
Сандарды байланыстырып, қонақ сөзіне сөйлем құрау.
3) К 3 ІК (Күшік)
Күшік сөзіне сөйлем құрау.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын,бәріңе
сәттілік пен бестік баға тілеймін.

Сандар

Ой тастау стратегиясы

Жаңа сабаққа деген қызығу-шылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Бағалау смайлик.

Ребустар
Топтық бағалау.
Бас бармақ әдісі.
Ортасы
I. Жаңа сабақ.
1-топ:<<Сиқырлы сандар ойыны>>
Әріптерден сан есім құрап,оның дара немесе күрделі екенін айт.
2-топ:<<Ертегінің атын шеш>>
Айырманың мәнін тауып, сол мәннің тұсындағы әріпті айырманың мәніне сәйкес кестенің бойына жазу арқылы ертегінің атын шешіп,сан есімнің дара немесе күрделі сан есім екенін дәлелде.

3-топ: <<Сиқырлы бес жұлдыз>> ойыны
Сандарға байланысты мақал-мәтел жазу. Мақал ішіндегі сан есімдердің дара немесе күрделі екенін айту.

Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу:Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді тауып, сөзбен жаз.
2-жаттығу:Сөздерді үлгі бойынша сөз таптарына бөліп жаз.
Құлпынай, елу бес, дәмді, жүгірді, сағат, барды, аласа, бес жүз.
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
құлпынай

3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

Сергіту сәті
Ой сергіту жаттығулары

Үлестірмелі қағаздар.

Топтық бағалау.
<<Бас бармақ>> әдісі.

Оқулық

Кестелер

Топтық бағалау.
<<Бас бармақ>> әдісі.
Аяқталуы:

Кері байланыс
Бағалау

Үй тапсыр-масы
V.Қорытындылау.
<<Бекіту саны>>
1.Бір жылда неше ай бар?
2.Бір айда қанша күн бар?
3.Бір сағатта неше минут бар?
4.Бір метрде неше сантиметр бар?
5.Жеті атаны ата.
6.Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата.
7.Үш арсызды ата.
8.Жеті қазынаны ата.
9.Үш бәйтеректі ата.
10.Үш байлықты ата.
11.Бір жылда неше күн бар?
12.Халықаралық әйелдер күні?.
13.Бір километрде неше метр бар?
14.Тәуелсіздік күні?
15.Жеті жұт.

Оқушылардан бүгінгі сабаққа кері байланыс алу.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4-жаттығу. (81-бет)
<<Сұрақтар шеңбері>>
Бағалау смайлик.

Ұқсас жұмыстар
Жеті қазынаның бірі ертегі
Наурыз тойын жұп жазбай
Ертегіні сахналау
Төрт қонақты ата
7-ні қосу және азайту. 1-сынып
7 санын қосу және азайту. математика, 1 сынып
Байғазы сөзінің мағынасын ашып беріңіздер
Қазақ тілі. Көмектес септік. 4 сынып
Сандар сырының құпиялары
Жігіттің сұлтаны
Пәндер