Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әдебиетті оқыту - әдебиеттің мәнін, атқарар қызметін оқыту
<<Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында патриотизм құндылықтарын қалыптастыру>>
<<А.С.Пушкин атындағы орта мектебі>>КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бахтиярова Анаргуль Мухаметкаримовна
Тәуелсіздік - қазақ халқының ғасырлар шырмауынан өткен ұлттық кодының рухани ескерткіші. Тәуелсіздік - тәуелсіз ойдың, тәуелсіз арманның, тәуелсіз болашақтың жүзеге асар, бағыт алар тәуелсіз <<радиусы>>. Ол - шексіздіктің ұлы символы! Сол себептен де қазіргі ұрпақ, біздің, қорғайтын, қадірлейтін, сақтайтын, іңкәрлікпен сүйетін мұраларымыздың ұлысы - тәуелсіздік болуы қажет деп ойлаймын. Өйткені тәуелсіздікте <<қара жердің жасы>> бар, <<қара таудың зары>> бар... Сәулелі үміт пен берік сенімнің шуағы бар. Өз басым бұл сезімді бостандықпен атқан күндерімнен, тәуелсіз ұлтымыздың көк туы биікке көтерілгенінен, елтаңбасын төрінен көрінгенде, тіпті тәуелсіз ұрпақтың оң қолын дүрсілдеген жүрегіне қойып, сезіммен тебірене әнұранының ән тармағын өлең еткенінен сеземін. Бұл үш белгі маған өткенімізге жасалған мәңгілік ескерткіштей, болашаққа деген жауапкершіліктей, әр күніміздің бостандығының төлқұжатындай болып көрінеді. Бұл - нағыз патриоттық сезім күйі!
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушыларға патриотизм құндылықтарын қалыптастырудың өзі - сабақ жоспарындағы өте өзекті, келелі мәселелер болып табылады. <<Жаңартылған білім беру мазмұнындағы>> негізгі ерекшеліктердің бірі: оқушыларды креативті ойлауға, өзіндік пікірін дәледеуге, интерпретациялық танымына иек салып, өзіндік анализ, сыни ойлау дағыдыларын дамытуға арналған білім берудегі мазмұн екені анық. Әдебиет пәнінің - өнер пәні екендігін ескерер болсақ, бұл пәнге арнайы формула, заңдылықтардың, яғни, практикалық сипаттың жоқтығыны айта аламыз. Демек, әдебиет пәнін оқытудағы негізгі, өзекті мәселе - өзіндік ойлау, субьект көзқараста жатыр. Бұны оқытушының білімі мен білік тәжірбиесінің молдығы арқылы танытуымызға болады. Қазак әдебиеті бағдарласының, білім беру жүйесіндегі мазмұнының мақсаты ретінде: оқушыларды әдебиетті кретиввті қолдануға бағыттау екендігін ескеру екендігі және осы мақсатта бағыттау екендігі мәлім. Оларға ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуінде анализдік, сыни дағдыларды және басқа да арнаулы салалар арқылы байланыстырып жатса, білім берудегі негізгі сипаттаың орындалғаны деп түсінуіміз қажет.
Әдебиетті оқыту - әдебиеттің мәнін, атқарар қызметін оқыту. Әдебиетті оқыту - өнерді сүюге баулу. Оқытушы өнердің барлық түрінен хабардар болу қажет. Өйткені әдебиет - сөз өнері. Ал <<сөз өнері>> барлық өнер түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан да әдебиетті оқыту әдістемесіндегі басты ерекшелік осы.
Әдебиеттің басты функциясы: адам жанын ізгілендіруінде. Ізгілік - әдебиеттің <<есім-сойы>>. Көркем шығарманы оқытудың алғашқы шарты осы ізгіліктің салтанат құруын әкеледі. Ізігілік - патриоттық сезіммен үндеседі. Десек те, әр оқытушының дидактикалық ерекшеліктері әртүрлі. Ұлт ұстазы, ғалым А.Байтұрсынұлының <<Тіл жұмсар>> атты әдіснамалық оқулығында: <<Қандай құрал болса да, оны жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі - құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескеннен шығатын тетіктер бір-біріне, қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Менің ойымша, осы <<әдістің>> органикасы - тәрбиелеумен байланысты сияқты.
Екіншісі - олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп, алып жұмсаушы>> деген пікірінен әдебиетті оқудағы патриотттық сезімді қалыптастырудың мазмұнды болуы қажет екендігін көреміз.
Демек, бүгінгі әдебиет пен қазақ тілін оқыту - пәннің функцияларын білумен тығыз байланыста болу қажет. Оқытушының дидактикалық деңгейінің молдығы алдыңғы шарттардың бірі.
Қазіргі уақытта әдіскер ғалымдар, ұстаздар өздері қолданып жүрген шетел педогогикасынан танылған кейбір әдістемелік әдістердің Алаш зиялыларының әдістерімен үндесетінін, кейде асып түсетіндігін айтып жүр. Бұл дегеніміздің өзі қазіргі білім берудегі нағыз үлгі боларлық жайт. Әдістемеші ғалым, ұстаз Қ.О.Бітібаеваның <<Әдебиетті оқыту әдістемесі>> атты еңбегінде оқытудың тәрбиешілік мақсатына алдымен назар аударады. Ғалым: <<Эстетикалық сезімдерін, толғамдарын, тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезідерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетін деген қызығушылығына әсер ету>> деген ғалымның ордалы пікірінен оқытушының оқыту, білім берудегі негізгі миссиясы айқындалады. Демек, оқушыны адамзаттық құндылықтарға баулу - негізгі мақсат болса, жүрек түкпіріндегі ұлтқа деген сүйіспеншілікті ояту сабақтың өне бойындағы әдіснаманың міндетіне айналуы қажет.
Оқу-тәрбие үдерісінде - өзім әдебиет пәнінің мұғалімі болғандықтан қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын пайдалану патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі деп есептеймін. Мен өткізетін әдебиет сабақтарында оқушылар ақын-жазушылардың шығармашылығына байланысты мәліметтер алады. Қазақ халқының біртуар ұлдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиндер өз ұлтының нағыз патриоттары екендігін мойындатқан нағыз ұлы тұлғалар. Халықтың шын жанашыр қамқоры болып туған, өте алыс болашақтарды ойлап, мәңгілік маңызы бар істер атқарған бұл ақын-жазушыларымыздың өнегелі өмірі әлі талай ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Патриоттық тәрбие беруде осындай тұлғалардың шығармаларын пайдалану таптырмайтын құрал.
Мәселен, әдебиет сабағындағы <<Махамбет шығармалары>> турасында өткен тақырыпта жоғарыдағы ұлттық мәселелерді қарастыруға болады. Осы бір дәуірдің көрінісіндей болған туындылардың бірі: <<Толарсақтан саз кешіп>> өлеңі. Ғалым Қ.Мәмбетовтың пікірінше: <<Көтеріліс жылдарында Махамбеттің жауынгерлерді жігерлендіріп ерлікке, батырлыққа үндейтін шығармалары көп болған. Ақын поэзиясының түп қазығы: елі, жері, халқы үшін қасық қанын қиятын ер керектігін жырлауы.
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған кәтепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де
Қабағын шытпас ер керек,
Біздің бүйткен бұл іске!.. - дейді.
Халық күресінің жыршысы болған ақын өз елінің екі бірдей қанаушылықтан күрес арқылы құтыла алатынын түсінген. Махамбеттің өлеңдерін зерделеп, зерттеп байыбына барып қарасаң, отты да өткір өлең шумақтарына тап боласың. Сол себепті де М.Өтемісұлы поэзиясының дәстүрі мен жаңашылдығы туралы айтқан кезде ақын жырлаған дәуірдің салмағы мен бедерін айтпауға болмас. Ақынның осы өлеңіндегі ішкі және сыртқы форма жыраулық кезеңдегі тіл оралымдарының жалғасы іспетті. Қазтуған, Бүқар жырау жырларындағы пафос, поэтикалық ерекшеліктер М.Өтемісұлының поэзиясының дәстүр жалғастығын дәлелдейді. Ақын өлеңдеріне тән ерекшеліктердің бірі ретінде: заманның бұлтартпас шындығын дәл бейнелеп, ақын тұлғасының шындық, рух мінберінде тұрып, халыққа ой салып, рух беруінде және эксперссивті-эмоцияцияналдық, гедонистикалық әдеби-эстетикалық қуатының соны, ерекше екендігінен деп ойлаймыз. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіндегі жаужүрек ақын М.Өтемісұлы шығармашылығын оқыту - күрделі тақырыптардың бірі. Махамбет өлеңдерін оқыту дегеніміздің өзі саяси-азаматтық, философиялық тұрғысындағы өлеңдерін оқыту деген сөз. Тек өлеңдерін ғана емес, ақынның болмысын таныту, тарихи тұрғыдан баға беру, саяси-әлеуметтік позициясын түсіну сияқты мәселелерге жауап табу деген сөз. Өйткені М.Өтемісұлы поэзиясы - заманның шері, батырлығы мен қайсарлығы, ерлігі мен үмті аралас қуатты жырлар. <<Ереуіл атқа ер салмай>>, <<Тарланым>>, <<Ерлердің ісі бітері ме?>>, <<Қызғыш құс>> сынды өлеңдері оқушылардың ойына қозғау салар, париоттық рух беретін, тәрбиелік сипаты басым, ең бастысы: өткен дәуірдің сезімін сыйлар шығармалар. Бұл қаситттер, сөз жоқ, оқушының патриоттық сезімін оятары анық.
Сондай-ақ, менің ойымша, қазақ тілін үйрену сөздік қорын зерттеумен шектелмеу керек. Грамматиканы оқу әсіресе орыс сыныптарында қажет. Бұл белгілі бір сөз тіркестерін жаттап қана қоймай, олардың негізін қалайтын принципті түсінуге көмектеседі. Бірақ күрделі тақырыптарды зерттеуді жеңілдету үшін оқушылар біртіндеп үйренеді. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде грамматикалық тақырып пен лексикалық тақырып қатар өтіледі. Оқушының сөздік қорын, сөйлеу дағдысын, тілін дамытуда лексикалық тақырыптардың рөлі ерекше деп ойлаймын.
Тілді оқытудың ұтымды әдістерін іздестіру ғылымда қатысым әдісін
алға шығарды. <<Коммуникация>> сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. Сонымен, <<коммуникация>> - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді.
Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу; әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан- да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды; оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде- болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады; әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея- болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді [9]. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.Ш. Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, <<Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі>> [10].
Қазақ тілі оқушының қатысымдық біліктілігін дамытумен қатар, олардың қиялын, есте сақтауын жетілдіруге мүмкіндік береді, өзіндік оқу іс-әрекетін, өз бетімен білім алу және оны іске асыру дағдыларын қалыптастырады. Ф.Ш. Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:
- тіке байланыс;
- адамның жеке қабілетін ескеру;
- сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;
- сатылап даму,
- динамикалық өзгеру;
- өзектілік.
Қатысымдық технология, негізінен:
а) оқу материалын меңгеруге бағытталады;
ә) оқушы тұлғасына бағытталады;
б) оқытушы мен оқушының ынтымақтастығына бағытталады, сол арқылы оқу мақсаты жүзеге асырылады. Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы - оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен - адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.
Осылайша, мен оқушыларымды әр түрлі әдіс-тәсілдер бойынша
тілдік оқытуға тартамын, бұл да нәтиже береді. Оқушыларым мектепішілік, аудандық жарыстарға шын ниетімен қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар, зерттеуші ретінде мен әдістемелік тақырыпты шешудің әртүрлі жолдарын іздеймін. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда көрнекі құралдардың да алатын орны ерекше деп ойлаймын, өйткені көрнекі құрал өзге ұлт өкілдеріне тілді үйретуде мәселенің түйінін есте сақтауға көмектеседі. Сөзбен толық түсіндірілген мәселенің көрнекі құралдағы түйіні әрі есту, әрі көру сезімдерінің қатысуына байланысты есте нақтырақ сақталады. Сонымен қатар, көрнекілік сабақта қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің психологиялық талаптарын ескере отырып, оқытудың тиімділігін арттырушы күш болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz