Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы

Лекция №1

Тақырып: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.

Мақсаты: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының тарихы мен қазіргі
кездегі құрылымы туралы білімді қалыптастыру.

Қажетті құрал жабдықтар: Қазіргі кезеңдегі экология ғылымының құрылымы
кестесі, экология оқулықтары.

Лекция жоспары:
1. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы.
2. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық
экология.
3. Экологияның басқа іргелі пәндермен байланысы.
*Қазіргі кезде экология бастапқы пәнаралық синтезделген ғылым болып
кетті. Қазіргі экологияның адамзатты қоршаған ортаның қарым- қатынасын
түсінудегі маңызы өте жоғары. Ғылыми – техникалық үдеудің экологиялық
теріс салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі
қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және
экономикалық шығынды дұрыс бағаламау себептерінен туады. Табиғат пен
қоғамның арақатынасын гармониялық түрде шешу жауаптылығы жоғары білімді
мамандарға байланысты. Қоғам мүшелерінің қоршаған орта саласында
интеллектуалды деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезде экологиялық
мәселелерді шешіп, оны болдырмау жеңілге түседі.
Экологияның көптеген қолданбалы аспектілері /адам экологиясы, химиялық
экология, ландшафттық экология, өндірістік экология және т.б./ болғанымен,
қазіргі экологияның барлық бағыттары – тірі организмдер мен мекен ету
ортасының қарым-қатынасы – іргелі биологиялық идеяларға негізделген.
Сонымен қатар, қазіргі экология, биологиялық пәндерден басқа химия,
математика, физика, география сияқты жаратылыстану ғылымдары мен философия,
экономика, тарих, құқықтану, саясаттану, мәдениеттану және тағы басқа
гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты.
Барлық адамзат тарихында болған философиялық мектептер адамның
табиғатпен қатысын ондағы адамның орнын түсінуге тырысты. Негізгі философ –
этикалық мәселелер – адам табиғатта нені пайдалана алады, неменеге құқығы
жоқ екенін білу. Адамның табиғатпен экологиялық дұрыс қатынасы, барлық тірі
организмдердің адам сияқты тең планетада өмір сүруге құқығы бар екенін
түсінуі, экологиялық этиканың актуальды философиялық элементі.
Э.Геккель экологияны табиғат экономикасы ғылымы деп атаған. Экономикалық
пайдалану үшін экологиялық талаптарды ескермеу адамдарды ауыр салдарға,
орны толмас экономикалық шығынға әкеледі. Бұл мәселелер экономикалық
ғылымның жеке бағыты – табиғатты пайдалану экономикасы. Қоршаған ортаны
қорғаудың құқықтық жүйелерін орындау үшін экологтар және табиғатты
пайдаланушылар табиғатты пайдалануды басқарудың құқықтық механизмін
білулері қажет.

*Экологияның қалыптасуы биология ғылымы негізінде ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басы болып саналады. Экология ғылымының дамуын негізгі 3
кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1 кезең: Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең
ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Осы тұста көптеген зерттеуші ғалымдар
биологтар, систематиктер, географтар өз еңбектерінде экологиялық сипаттағы
ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлесін қосты.
Мысалы: Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдің
“Ботаникалық география”, К.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Бекетовтың
“Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” т.б. еңбектер
экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал неміс зерттеушісі-дарвинист
Э.Геккель 1839ж. Экология терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны
1895 ж ботаникаға енгізді.
2 кезең: Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму
кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат
зерттеушілермен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен қатар Қазақстан
ғалымдарының есімдерімен байланысты. ХІХ ғ. басы мен ХХ ғасырдың 70-80
жылдарын қамтиды.
3-кезең: Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл
әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды
қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы
және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары
бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде.
Соңғы жылдарда экология ғылымының негізгі саласының бірі - экологиялық
педагогика (көпшілікке экологиялық білім беру). Бұл бүгінгі өмір талабы.
Биосферадағы тіршілік тұрақтылығын сақтау адамның тікелей ақыл ойына
байланысты. 1971 ж. Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, айнала
қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 ж.
Стокгольмде “Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977 жылы
Тибилисиде БҰҰ жанынан ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары “Экологиялық білім беру”
туралы 40 астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық, стратегиялық жоспарлары
жасалды.

* Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол туралы
пікірталастар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымы Ю.Одум, П.Наумов,
А.Новиков, Ф.Реймерс, А.Радкеевичтің жіктеуі бойынша: биоэкологиялық
зерттеулер бағыты бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді.
Аутэкология- жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи
ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді яғни аутэкологиялықта
организмдердің бір дарасы және популяциясы жан-жақты зерттеледі. Популяция
дегеніміз белгілі бір орындағы бір түрге жататын даралардың жиынтығы. Жер
бетіндегі саналы адам (Homo sapіens) жәһандық популяцияны түзеді.
Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің тұрғындары географиялық
популяциялар. Емен ағашында 200 дей түрлері балдырлар саңырауқұлақтар,
жануарлар түрлерінің даралары тіршілік етеді. 1950 жылдарға дейін
аутэкологиялық зерттеулерге айрықша көңіл бөлінді. Мәдени өсімдіктердің
жаңа сорттары, ауылшаруашылық жануарларының сапалы тұқымдары шығарылды.
Жабайы тұяқты аңдарды қолда өсіре бастады. Мысалы Шығыс Қазақстан
облысындағы Котон-Қарағай ауданында маралдарды, Шығыс Африкада канна
бұғысын интродукциялады. ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап халық санының
өсуі өндірістің техниканың қарқынды дамуына байланысты экология ғылымының
синэкологиялық зерттеу әдісі де дами бастады. Бұл әдісте белгілі бір
орындардағы барлық тірі организмдердің түрлерінің жиынтығын өлі табиғатпен
байланыстарын зерттейді.
Ал сол жердің тірі организмдері бірлестіктігін биоценоз деп атайды.

Бірлестік – белгілі бір орындағы әртүрлі түрге жататын бір-бірімен
қоректену тізбегі, кеңістік арқылы байланыста болатын организмдердің тобы.
Дэмэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни
популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер
жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету
ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы
саны, тығыздығы, таралуы т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен
ауылшаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының
жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Особь, популяция, биоценоз-
биогеоценоз-биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша
зерттеулер жүргізеді.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі
түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер)
жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер
бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар,
энергия зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық
өнімділігі мен бірлестіктерінің тұрақтылығы туралы мәселелер қарастырылады.
Геоэкология - экологиялық жүйелерді биос-фералық деңгейде қарастырады.
Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар
мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің құрамы,
бірлестіктер тұрақтылығы кеңістік пен уақытқа байланысты өзгеруі,
экожүйелердің өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың
практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
Ғаламдық экология - табиғи және табиғи іс әрекетінен туындайтын биосфера
шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды
зерттейді. Мысалы: ядролық қауіп, экологиялық апаттар, климаттық ауытқу,
қатерлі эпидемиялар т.б. яғни бүкіл әлемді қамтитын проблемалар.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала тұрғындары мен дүние жүзі халықтарының
сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз
экологиялық білім беру экологиялық мәдениет қалыптастыру, этика, мораль
жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқық қорғау және этникалық
проблемаларды жан-жақты зерттеу. Жер шары тұрғындарының экологиялық
қауіпсіздігін сақтау.
Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір бірімен
үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасаты
ақыл-ойымен шешуін қамтамасыз етеді. Табиғат рессурстарын жүйелі
пайдаланудың жаңа жоғары дәрежелі технологиясын жасау.

*Экология басқа ғылымдарымен тығыз байланысты. Биогеография, генетика,
молекулалық биология, цитология, гистология, анатомия, биохимия және
қоғамтану. Шет елдерде Англия, Францияда өндіріс орнын ашу үшін
натуралистерден, экологиялық топтардан консультация алады. Ал біздің елде
облыс орталықтарында арнайы комитеттер бар. Өкімет құрамында табиғатты
қорғау және шикізат көзін тиімді пайдалану министрлігі бар. Өндіріс
экологиялық орнын ашға экологиялық комитеттер мен министрліктің келісімі
қажет.

Лекцияны бекіту сұрақтары:
1.Экология ғылымы нені зерттейді?
2.Экология қандай ғылымдармен байланысты?
3. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері туралы не білеміз?
4. Экология ғылымының негізін қалаушы және дамытушы ғалымдарды атаңыз?

5. Экология ғылымының қандай салалары бар?

Әдебиеттер
Негізгі
1. Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология
және табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым,2004.-Б.16-26.
2. Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика,2002.- Б. 3-4.
Қосымша
1. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.Рбк,1995. Б. 3-15.
2. Ишмұхамедова Н.Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру
мен дамытудың әдістемесі.- Ғылым, 2006. Б. 6-12.

Практикалық сабақ №2

Тақырып: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.

Мақсаты: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының тарихы мен қазіргі
кездегі құрылымы туралы білімді қалыптастыру.
Қажетті құрал жабдықтар: Қазіргі кезеңдегі экология ғылымының құрылымы
кестесі, экология оқулықтары.
Теориялық сұрақтар:
1. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі
2. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі
3. Экология ғылымының өрлеу кезеңі
4. Биоэкологиялық зерттеулердің бағыттары.
5. Қазіргі кезеңдегі экология ғылымының құрылымы.
6. Экологияның басқа іргелі пәндермен байланысы.

Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе: Өткен сабақпен ұштастыра отырып жаңа сабақты бастау.
2. Негізгі бөлім: Жаңа тақырыпты талқылау
3. Қорытынды: Жаңа сабақты студенттерге сұрақтар қою арқылы бекіту.

Жаңа тақырыпты талқылау
Тапсырма.1. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері туралы білімді меңгеру.
1. Дәріс материалдары мен Бейсенова Ә.С.,Самақова
А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану. (А.:
Ғылым,2004.-Б.16-19.) оқулығын пайдалана отырып, Экология ғылымының
қалыптасу кезеңдері туралы білімді ұғыну.
2. Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі туралы білімді
төмендегі кестені толтыру арқылы игеру.
|№ |Жаппай сипат алу |Ғылыми еңбектерінің атауы |Өмір сүрген |
| |кезеңіне үлесін қосқан | |уақыты |
| |ғалымдар | | |
|1 |Ж.Б. Ламарк |Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы |1744-1825жж |
|2 |А. Декандоль | | |
|3 |К.Ф. Рулье | | |
|4 | |Өсімдіктер географиясы | |
|5 |В.Докучаев | | |
|6 | |«Экология» терминін енгізген | |

3. Дәріс материалдары мен қажетті оқулықтарды пайдалана отырып, Экология
ғылымының қалыптасуының 2- 3 кезеңдері туралы білімді меңгеріп келу,
төмендегі кестені толтыру (сабақта)
• Жеке ғылым болып қалыптасу кезеңіне үлес қосқан ғалымдар:
|№ |Орыс ғалымдары |Беларус ғалымдары |Шет елдік экологтар |
|1 |С.А. Северцов | | |
|2 | |А.И. Радкеевич | |
|3 | | |Ю. Одум |
|4 | | | |
|5 |Н.П. Наумов |Г. Жуков | |

• Экология ғылымының өрлеу кезеңіне үлес қосқан ғалымдар мен олардың
еңбектері
|№ |Ғлалымның аты –жөні |Еңбегінің атауы |Жылы |
|1 |А.М. Гиляров |Популяциялық экология |1990 |
|2 | |Қолданбалы биология | |
|3 | |Экология |2000 |
|4 | |Экологияның қазіргі |1955 |
| | |проблемалары | |
|5 | |Экология және табиғатты | |
| | |пайдалану | |

• Тапсырма.2. Қазіргі кезеңдегі экология ғылымының құрылымын меңгеру
1. Қазіргі кезеңдегі экология ғылымының құрылымы кестесін сызу.
Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология
және табиғатты пайдалану. (А.: Ғылым,2004.-Б.23.)
2. Қазіргі кезеңдегі экология ғылымының құрылымы кестесіннің
мағнасын ұғып, басқа ғылымдардың салаларымен байланысын түсініп,
топпен талқылау
Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Экология ғылымы нені зерттейді?
2.Экология қандай ғылымдармен байланысты?
3. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері туралы не білеміз?
4. Экология ғылымының негізін қалаушы және дамытушы ғалымдарды атаңыз?

5. Экология ғылымының қандай салалары бар?
СӨЖ
* Экологиялық білім мен тәрбие берудегі инновациялық технологиялар

Әдебиеттер
Негізгі
1. Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология
және табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым,2004.-Б.16-26.
2. Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика,2002.- Б. 3-4.
Қосымша
3. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.Рбк,1995. Б. 3-15.
4. Ишмұхамедова Н.Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру
мен дамытудың әдістемесі.- Ғылым, 2006. Б. 6-12.

Ұқсас жұмыстар
Экология негіздері
Онтогенез. Эмбриогенез кезеңдері
Экология негіздері. таңдау курсы
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 9 сынып
«адам физиологиясы» тақырыбындағы қолданбалы курстың бағдарламасы
Экологиялық факторлар
Билеттер
Абайдың шығармалар жинағы
Бағалау экраны
Курсты оқытудың мақсаты
Пәндер