Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Математиканы оқытудың әдістері
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Эссе
Тақырыбы: <<Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері. Математиканы оқытудың әдістері.>>
Орындаған:
Тексерген:
2022
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................3
1. Негізгі бөлім
1.1. Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері. Математиканы оқытудың әдістері....................................................................................4
Қорытынды...............................................................................................5
Қолданылған әдебиеттер.........................................................................6
І. Кіріспе
Мектепте тек қана бір мақсат - білім беру,
Мұғалімде тек қана бір мақсат - сапалы сабақ.
Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд
Оқытушы - үйретуші ғана емес, әрі үйренуші. Үйрене білу мұғалімнің басты қасиеті. Ол өз пәнінің зерттеушісі болмақ. Сабақта бірсарындылықты білім үдерісінің тиімді жолдарын қарастырып, сабақ жоспарларына шығармашылық тұрғыдан қарап жаңа технологияларды сабақтарда кеңінен пайдаланғаны айтарлықтай нәтиже береді.
Жұмыстың өзектілігі. Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай :
оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру
оқушының шығармашылық таланттарын жан - жақты ашып көрсету
оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту
сабақ үдерісінде АКТ - ны тиімді пайдалану
тарих сабағында оқушының белсенділігін арттыру
оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Жұмыстың мақсаты: Негізгі мектептегі <<математика>> пәндерінің тақырыптарын оқытушының оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Математика оқытудың даму тарихына шолу жасап, оның теориясы мен өзекті мәселелерін анықтау; - негізгі мектептегі <<математика>> пәнің оқытудың ерекшеліктеріне байланысты, оны оқытудың әдістемелік ұсыныстарын дайындау; - <<математика>> пәнін негізгі мектепте білімді талдап қорыту және жүйеге келтіру әдістерін пайдаланудың оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігін дәлелдеп, ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру
Негізгі бөлім 1.1. Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері. Математиканы оқытудың әдістері
Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге бағыттап тәжірибеге енгізеді.
Топтық оқыту, өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.
Өзара оқыту (жұптық оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды .
Сындарлы оқытуда оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.
Мен де сәтті сабақтың алты сипатын басшылыққа ала отырып, сабағымды оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулу үшін, ойын еркін жеткізетін, пікір алмаса алатын оқушы шығару үшін жұмыстандым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін, достық қарым-қатынастары артуы үшін сабақты бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Нәтижесінде оқушылар тың ойымен жаңа сабаққа кіріседі. Сабағымды бастамас бұрын құзырлы мұғалімге тән үш көмекшіні өзіме серік етіп алдым. (Бас - кәсіби түсінік, қол- оқытудың тәжірибелік дағдылары, және жүрек кәсіби өнегелілік тұтастық) осы қасиеттер болған жағдайда оқыту жақсы болып саналады деп көрсетілген [1]. Сабақты қызықты әрі тартымды етіп өткізуді ойладым. Алдын-ала сынып бөлмесін безендіріп керекті құрал-жабдықтарымды дайындап, оқушыларды түстер арқылы топқа бөліп отырғыздым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сергіту сәтін өткізбекші болдым. Ортаңғы сынып болғандықтан сергіту сәтіне <<Сағат>> тренингін өткіздім. Топ ішінен топта белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. Оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Бұл процесте оқушы орындаушы, белсенді, ал мұғалім-ұйымдастырушы: түсіндір-салыстыр-қорытынды жаса десе, оқушы өз пікірін қорғайды, басқалармен ақылдасады, пікірлеседі, ой бөліседі, санасады, сынайды, шындыққа жету үшін ізденеді[2]. Осы айтылғандардың дәлелі ретінде жаңа сабақты оқушыларды сыни тұрғыдан ойланту мақсатында оқушыларға <<Сиқырлы сұрақ>> әдісі бойынша интерактивті тақтадан төрт суретті көрсеттім. Оқушыларға екі минут уақыт ойлануға уақыт беріп оны дәптерлерлеріне жазып, кейін топта талқылап, кейін ойларын ортаға салуын өтіндім. оқушылар сиқырлы сұрақтарға жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Түрлі жастағы балаларда сипатталатын ойлау деңгейі балалардың жас шамасына бейімделген. Мен бұрын ғаламтор материалдарын өзім таратып беретін едім .Енді оқушылар тапқан мәліметтерін топ бойынша қорғады Оқушылар топ бойынша жұмыс жасай отырып бір - бірін тыңдады, оқып үйренді. Тақырып мазмұнын ашты. Тақырып мазмұнын әр топ дөңгелек стол әдісі арқылы қорғады. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар өздерінің нені меңгерді,нені меңгермегенін анықтау мақсатында <<Жедел жауап>>сайысы арқылы өз білімдерін тексерді.Сабақ соңында топтарға әр топтың сабақ барысындағы іс-әрекетіне <<Екі жұлдыз,бір тілек>> әдісі арқылы баға беруін сұрадым. Кері байланысқа түсе отырып сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді. Яғни бұл келесі сабақта алдыңғы сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыс тәсілін өз сабағымда пайдалана отырып мен бұл әдістің тиімділігіне көз жеткіздім.Бұл тәсіл оқушылардың бір-бірін тыңдай білуіне, сөйлеу мәдениетіне, өздерін сенімді ұстауына, ұйымшыл болуға тәрбиелейтінін байқадым. Жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалана білу оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі [3]. Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым :
- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс - амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу - танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады [4].
Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым. Математика сабағында оқушы есептерді әр түрлі қызықты әдіс-тәсілдер арқылы орындаулары гумантиарлық жол сілтеу болып табылады . Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады. Мен осы бағытта өз қолданысымдағы тақырыптық электронды оқулықтан көрсетемін. Сондай-ақ <<ыстық орындық>>, <<Ассоциация>> әдістері, диалогтік оқыту әдістері оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық.Сонымен бірге математика бойынша тарихи тұлғаларға, олардың ой пікірлеріне,көзқарастарына,атқарған еңбектеріне сын тұрғысынан баға беруге дағдыланады [5].Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми - педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
1. оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.
2. Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
3. Оқушылардың көз қарасын кенейтеді.
4. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.
5. Тарихты оқуға және үлгерімді жоғарылату қызығушылығы туады.
6. Теориялық материалды толық игеру болады.
7. Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.
8. Өз көзқарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы [6].
Қорытындылай келе,Математиканы оқып - үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез - келген проблеманы шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет. Сондықтан, <<Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы>> деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл - сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты, бүкіл білімді пайдалана білуіміз керек. Зерттеу барысында әдебиеттерді оқып, ізденіп <<Математика -- біздің өмірізде маңызды орын алады >> -деп тұжырымдадым. <<Ғылым математиканы пайдалану арқылы жетіледі>> - дей келе, өзімнің дұрыс қорытынды шығарып, өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынын, математика пәні қандай қиын болса да, ол пәнге деген көзқарастарын өзгертер деп үміттенемін. Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді деген сенімдемін. Математиканы еш уақытта күнделікті өмірден бөліп алып тастай алмайтынымызға көз жеткіздім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептерi педагогтерiнiң бiлiктiлiгiн арттырy кyрсының бағдарламасы бойынша мұғалiмдерге арналған нұсқаyлық үшiншi (негiзгi) деңгей. Үшінші басылым. <<НЗМ>> ДББҰ, 2012ж 2.Ақылдың кені/Ұлағатты сөздер/-Алматы,2008 жыл. 3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары.-Алматы,2007 жыл 4.Бугаев А.П. Методика преподавания математики в средней школе.:Теорет. основы.-М.: Просвещение, 1981Зорина Л.Я. - Дидактические основы формирования системности знаний учащихся. - М.: Знание, 1976.-288с. 5.Башарұлы Р, т.б.Математика. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 7- сынып мұғалімдеріне арналған. - Алматы: Атамұра, 2007. -80б. 6.Қалығұлов А. Ж. Математиканы оқыту методикасы / Жалпы мәселелер /.- Алматы: Рауан, 1992 ж 7.Қазақстан Республикасының президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Әлеументтік экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты // Егемен Қазақстан.- 2012.- 28 қаңтар.- 3б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz