Қытайдың шаруашылығы

Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы
Сабақтың жоспары:
- Қытайдағы алғашқы мемлекеттер
- Цинь патшалығы
- Қытайдың шаруашылығы
- Ғылыми білімі мен өнер табыстары
1) Б. з. д. ІІ мың жылдықта Хуанхе мен Янцзы өзендерінің аралығын «Ұлы Қытай» жазығы деп аталды. Өте ертедегі замандарда батыстан шығысқа қарай созылып ағып жатқан Хуанхе мен Янцзы өзенінің төменгі ағысы бойында Қытай тайпалары өмір сүрді. Б. з. б. ІІ мың жылдықтың бас кезінде ол тайпалар арасында өктемдік жүргізу үшін күрес болып жатты. Сол, б. з. б ІІ мың жылдықтың ортасына қарай Хуанхе өзенінің төменгі ағысы бойында Шан - Инь мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Чэн Тан атты адам болыпты. Оның билігі тайпа одағы көсемінің басқару жүйесіне ұқсас болған.
Бұл кезеңде елге батыстағы және солтүстіктегі көшпелілер жиі шабуыл жасап отырған екен. Ұзаққа созылған соғыстар Шан - Инь мемлекетін әлсіретті. Вэй өзені бойын мекендеген Чжоу тайпалары ежелгі Шан - Инь патшалығын талқандап, орнына жаңа мемлекет құрды. Сөйтіп, Хаунхенің ортанғы және төменгі ағысы бойында б. з. б ІІІ ғасырға дейін Чжоу мемлекеті өмір сүрді. Оның алғашқы билеушілері мемлекеттік басқару жүйесін күшеутуге тырысты. Шонжарлардың ірі жеке меншікті шаруашылықтар құрып алуына жағдай жасады. Бірақ жергілікті жерлердегі шонжарлардың күшеюі кейіннен патша үкіметіне тиімді болмады.
Чжоу мемлекетінің әлсіреу себептері
- Шонжарлардың күшеюі патша үкіметін әлсіретті;
- Жергілікті шонжарлар мемлекеттік қазынаға алым - салықтар төлеуден бас тартты;
- Ел ішінде үкіметке наразылық күшейді;
- Солтүстік пен батыстан көшпенділердің соққысынан мемлекет әлсіреді.
2) Б. з. д. IV ғасырда шағын Цинь мемлекеті құрылып, онда заңдар шығарыла бастады. Оны патшаның Шан Ян атты қызметкері бастап жүзеге асырды.
Заң бойынша
- Қауымдық жердің орнына жеке меншік орнады;
- Жерді сату мен алуға рұқсат берілді;
Сөйтіп, Цинь билеушілері жерді сату және одан көптеп салық жинау арқылы көп қаржы жинап алды.
Әскердеде үлкен өзгерістер жасау қолға алынды. Соның арқасында Цинь патшасының әскері басқа шағын патшалықтардың әскерінінен әлде қайда мықты болып шықты. Осындай өзгерістер жалпы Цинь патшалығын өзі сияқты басқада ұсақ мемлекеттерден күшті болуға алып келді. Нәтижесінде б. з. б. ІІІ ғасырдың алғашқы жартысында Цинь патшалары өзінің қарсыластарын жеңіп шықты. Хуанхе мен Янцзы өзендерінің орта және төменгі ағысы бойындағы мемлекеттерді бағындырып, елді біріктіру ісін жүзеге асырған Ин Чжен атты Цинь патшасы болды. Барлық патшалықтарды өзіне бағындырған Ин Чжен б. з. б. 221 жылы ұлы билеуші - Хуанди атағын алып, ендігі жерде Цинь Ши Хуанди - «Тұңғыш Цинь патшасы» деп аталатын болды. Ел 36 әкімшілік бөлікке бөлінді. Барлық билік патшаның қолында еді.
Цинь Ши Хуанди жорықтары:
- Цинь Ши Хуанди алғашқы жорықтары Янцзы өзенінің оңтүстігіндегі күрішті алқапқа 500 мың әскермен бағытталып жерін басып алды.
- Солтүстіктегі көшпелі ғұндарға қарсы 300 мың жауынгермен соғысқа шыққаны мен 500 км ілгерілеп кейін қайтуға мәжбүр болды. Себебі Ғұн державасына қарсы соққы беру мүмкін болмай қалды.
Цинь патшалығы ғұндардан қорғану үшін мықты қорғаныс алдырды.
Қорған:
- Топырақтан;
- Тастан;
- Кірпіштен қаланды.
Қорғанның биіктігі 10 м. Ұзындығы 4000 км. Оның үстінен алты атты адам қатар жүре алатындай қабырғасы қалың етіп жасалды. Сондықтан оны Ұлы Қытай қорғаны деп атайды. Бұл әлемдегі ең алғашқы және әзірге соңғы ірі қорған. Оның үстіне әр жерден жауды алыстан бақылау үшін мұнаралар тұрғызылды. Ұлы Қытау компартиясының көсемі: Мао Цзе Дун (1893-1976) «Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің . . . » деген сөздері Қытай қорғанының кіре берісінде жазылып тұр.
Цинь империясында мықты әскерді басқару жүйесін ұстау үшін Ұлы Қытай қорғаны мен сарайлар салу үшін көп қаржы қажет етті. Сондықтан алым - салықтар көбейді. Жердің сатылуы, салық төлей алмағандардан тартып алынуы, еңбекші халықтың күйзелуіне алып келді. Мұның бәрі Цинь Ши Хуанди қайтыс болысымен елде жаппай көтерілістің тууына әсер етті. Үздіксіз жүргізілген соғыстар, ірі жер иелерінің пайда болуы, салықтың көбеюі, халықтың көтеріліске шығуына себеп болды.
Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауына себеп болған көтерілістер:
Б. з. 18 жылы «Қызыл қастылар» көтерілісі болды. Көтеріліс басшысы Фан Чун б. з. 23 жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, жаңа патша сайлады. Бірақ патша халықты алдап көтеріліс уақытша тоқтады.
Б. з. 18 жылы «Қызыл қастылар» көтерілісі болды. Көтеріліс басшысы Фан Чун б. з. 23 жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, жаңа патша сайлады. Бірақ патша халықты алдап көтеріліс уақытша тоқтады.
184 жылы «Сары орамалдылар» көтерілісі болды. Көтеріліс басшысы Чжан Цзяо мен 2 бауыры Чжандар басқарған 20 жылға созылған көтеріліс болды.
Онымен қоса солтүстіктегі көшпелі ғұн тайпаларының шабуылы Қытай мемлекетінің үшке бөлініп ыдырауына мәжбүр етті.
3) Ежелгі Қытайда ауыл шаруашалығы әрқашанда басты шаруашылық саласы болып келеді. Далалы және таулы аймақтарда арнайы мал бағатын аудандар болды. Олар әсіресе жылқы бағуға ерекше мән берді. Өйткені атты әскерлер құру үшін жылқы қажет еді. Сондай - ақ, қой, ешкі, сиыр, буйвол, шошқа өсіруде кең таралды.
Ең маңызды шаруашылық саласы - егіншілік болды. Ол негізінен өзен аңғарлары мен жазықтарда үлкен орын алды. Бұл жерлерден көп өнім алуға болатын еді. Мұнымен қатар күздік және жаздық егістік жүйелерін, тыңайтқышты пайдаланудыда білді. Әртүрлі көкөністер мен жеміс - жидектер өсіретін бау - бақша шаруашылығыда жақсы дамыды. Қытайда ауыл шаруашылығы мен қатар қолөнер өндірістеріде дамыды. Ірі - ірі мемлекеттік шеберханалар болды.
Бірте- бірте әртүрлі аудандарда қолөнердің белгілі бір саласына мамандану басталды. Бір аудандарда тоқымашылық, екіншілерінде темірден еңбек құралдарымен қару - жарақтар, үшіншілерінде теріден әртүрлі бұйымдар жасау басым болды. Мұнымен байланысты ішкі және сыртқы сауда дами түсті. Қолөнер бұйымдары, мал мен жер шаруашылық өнімдері базарларға шығарылды. Қалалар, әсіресе бір орталыққа бағынған Цинь дәуірінен бастап сауда мен қолөнер орталықтарына айналды. Қытайда өте ерте кезден - ақ жібек маталар жасау кеңінен дамыды. Сәндіде үлбіреген жібек маталар елдің ішінде ғана емес, шет елдерде де белгілі бола бастады. Бұл кейінірек Ұлы Жібек Жолының қалыптасуына әсер етті.
Ұлы Жібек Жолы. ІІІ - IІ ғасыр. Қытайлықтар жібек маталарын жасау тәсілдерін ешкімге білдірмеуге тырысты. Ерте кездерде мұндай мата жасауды басқа елдер білмеді. Сондықтанда Қытай жібегіне шет елдерден сұраныс көп болды. Әсіресе байлар мен шонжарлар, хакімдер өздерінің артықшылықтары мен салтанатты өмірін ерекшелеп көрсету үшін жібек маталардан киім киюге ұмтылды.
Осынау тарихи жолды жібек матасы саудасына байланысты «Жібек Жолы» деп аталды. Ал «Ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең - байтақ, шығыс өлкелерімен батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтанда бұл жол «Ұлы Жібек Жолы» болып тарихқа енді.
Ұлы Жібек Жолының бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың жандануына, өнім өндіру тәсілдерінің артуына себеп болды.
Ұлы Жібек Жолымен тек бұйымдар гана емес халықтардың мәдени жетістіктеріде тарады. Жібек жолымен діни сенімдерде таралды, әр алуан уағыздаушылар (миссионерлер) өздерінің діндерін құрлықтың арғы бетіндегі елдерге ала барды.
Ұлы Жібек Жолы XIV - XV ғасырларда өз маңызын жоя бастады. Кейінірек су жолының (кемемен сауда жасау) пайда болуына байланысты «Ұлы Жібек Жолы» мүлде өмір сүруін тоқтатты.
4) Б. з. д І мың жылдықтың бірінші жартысында Қытайда иероглифпен жазу пайда болып, жоғарыдан төменге қарай ағаш тақтайшаларға жазды. Әдемі жазатындарды білімді деп есептеді.
Б. з. д І мыңжылдықта Қытайда кітаптар жазылды. Олардың ені 1 см, ұзындығы 20 см - 40 см дейінгі ағаш тақтайшаларға жазылды.
Конфуций - Б. з. д. 551 жылы дүниеге келген Қытайлық данышпан. Ол кішіге ілтипат, үлкенге құрмет етуді уағыздады. Оның басты еңбегі «Нақылдар» деп аталды. Қытай ойшылы данышпан Конфуций б. з. д. 479 жылы 72 жасында қайтыс болды. Оның ілімін шәкірттері таратып, одан әрі дамыта түседі.
Сыма Цянь - Қытай тарихының атасы.
Сыма Цянь - тұңғыш Қытай тарихшысы. Б. з. д. 151 жылы Сарай жұлдызнамашысының отбасында дүниеге келген. Ол әкесінің өсиеті бойынша қытай елінің тарихын жазуға кірісті. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады.
Өнер табыстары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz