Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мереке тарихы

Қазіргі мектепке қандай сынып жетекшісі қажет?
Қазіргі мектеп, заман талабы, оқушылар бұрынғыдан өте қатты ерекшелінеді.Сол себепті заманауи сынып жетекші барлық өзгерістерге дағдылана алу керек деп білемін.Ең алдымен сынып жетекшінің жоғарғы білімі, соның ішінде педагогикалық практикадан өткендігі аса қажет деп ойлаймын.
Мектептегі заманауи сынып жетекшісі өз міндеттерін ойдағыдай атқарып, оқушылардың дамуына үлес қосу үшін белгілі бір қасиеттер мен дағдыларды қажет етеді. Міне, сынып мұғалімінде болуы керек негізгі қасиеттер:
Эмпатия: өзін оқушының орнына қою және олардың проблемалары мен сұрақтарына жанашырлық таныту қабілеті.
Ұйымдастыру: сынып жетекшісі өз жұмысын тиімді ұйымдастыра білуі керек, соның ішінде ата-аналармен кездесу, үй тапсырмасын бақылау және сынып жетекшілігінің басқа аспектілері.
Байланыс: оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен жақсы қарым-қатынас дағдылары өте маңызды. Бұл нақты және тиімді қарым-қатынасты қамтиды.
Мотивация: оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және өз мақсаттарына жетуге ынталандыру қабілеті.
Кәсібилік: сынып жетекшісі өзінің кәсіби дамуын қадағалап, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерінен хабардар болуы керек.
Бейімделу: оқушылардың өзгеретін жағдайлары мен қажеттіліктеріне бейімделу қабілеті.
Ынтымақтастық: сынып жетекшісі қолайлы білім беру ортасын құру үшін әріптестерімен, ата-аналарымен және мектеп әкімшілігімен ынтымақтасуы керек.
Жауапкершілік: сыныптың жетістіктері мен қиындықтары үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, оларды ең жақсы жолмен шешуге тырысу маңызды.
Инновация: оқытудың инновациялық әдістерін енгізу және заманауи білім беру технологияларын қолдану мүмкіндігі.
Қазіргі сынып жетекшісі икемді және білім беру ортасындағы өзгерістерге бейімделуі керек, сонымен қатар студенттерге жеке тұлға ретінде дамуға және оқуда жетістікке жетуге көмектесетін қолдау көрсететін және шабыттандыратын жағдай жасауы керек.

Сынып (тәрбие) сағаты
Тақырып:25-Қазан Республика күніне арналған "Менің отаным - Қазақстан"
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт - дәстүрін, Республика күні яғни 25 қазан мемлекеттік мереке күнін сезініп, қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:
Сәлемдесу
Мұғалім: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік - экономикалық, саяси - қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
Мұғалім: 25 қазан - Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз.( Барлық оқушы орнынан тұрып Әнұран айтады хормен) Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!
1)(Интерактивті тақтадан Республика күні жайлы видео)
Оқушы(ұл):
Қазақстан, Қазақстан - алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен <<Қазақ>> деген халқыңның.
Оқушы(қыз):
Қазақстан, Қазақстан - ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан - қиял жетпес биік тау,
Қазақсатн - жазғы күнгі гүл алаң.
Оқушы(ұл)::
Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті
Он бес жыл болды, тәуелсіздік алдық біз.
Жалғастырып баба жолын, елдікті.
Шақырады Елбасымыз бірлікке,
Еңбек ет деп, күніңді көр тірлікте.
Татулық бар, еңбек өмір тілегі,
Неге қажет даурықпа сөз, дүрлікпе.
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай.
Оқушы(қыз):
Бұл күнде қазақ елі дамып жатыр,
Аты - жөнін жер әлем танып жатыр.
Халқының ілгерілеу қамын ойлап,
Елбасым шартарапқа барып жатыр.
Ата заңы басшылықты алып жатыр.
Орнасын жер әлемде тыныш заман.
Өмір сүрсін теңдікте барлық адам.
Зу етіп өте шығар бұл жалған да,
Аман жүрсін бар қауым тыныс алған.
Тыныштық болса дейміз жер бетінде,
Бейбітшілік, азаттық ел еркінде.
Желбіреп көк байрағы қазағымның,
Биік бола берсе екен ел көркіне.
Мұғалім: 1990 жылыдың 25 - қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн - ұлтық мереке, Республика күні.
2)Тәуелсіз елдің рәміздері (интерактивті тақтаға суреттері шығады): мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.
Оқушы(ұл): Ту жайлы.
Желгіре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.
Оқушы(қыз): Елтаңба жайлы
Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бине емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі.
Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.
Аңызға ұшқыр төзімді,
Пырақ халық арманы.
Жоғары да түсер көз,
Бас бармақты жұмуға.
Ал, Қазақстан деген сөз.
Таныс барлық ұл, қызға.
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол - Елтаңба.
Оқушы(ұл): Теңге жайлы.
Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазғымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?
3)Топпен жұмыс-топқа бөлініп әр топ рәміздер суретін салып қорғау
Мұғалім: Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі - мемлекеттік тіл дәрежесін алды.
Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет. Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.
Елім менің!
Қазақстан - менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.
Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!
Мұғалім:
Қазақстан - туған Отан алтын бақ, Қазақстан - мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан - бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан - көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!
4)Кері байланыс
Қорытынды:
Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.
Мереке тарихы. Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.
Республика күнінің мәртебесі қалай қайтарылды. 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан - ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан - мемлекеттік мерекеге айналды.
Ұлттық мереке мен мемлекеттік мерекенің айырмашылығы қандай? Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Республика күнін мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтаруды "маңызды және тарихи шешім" деп атады. "Осы заңға сәйкес 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Бұл - тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев.
"Биыл 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді.
Алматы 2023 Мұғалім :Самет Әділбек мок 222

3 тапсырма Сынып жетекшінің портфолиасы топпен (2-ші топша)
Оындаған: Самет Әділбек мок222

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі грек театры
Алып келді мерекені
Шығыстың ұлттық діндері
Қазақстан астанасы - АСТАНА қаласы
Ынтымағы жарасқан ырысты елміз
Атажұрт
Бабалары еккен шынарды балалары саялап..
Ежелгі грекия өнері
Мұнайы - алтын дария, әлемге - аты жария
Ардақты атамекенім
Пәндер