Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Еріген зат диссоциацияланып еріген

Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Макинск қаласы Балуан Шолақ атыңдағы лицей
№ 1 орта мектебі

Аудандық семинар.
Химия пәнінең ҰБТ-ға дайындық. (11 сынып)

Тақырыбы: Ерітінділер. Сандық есептер.

Химия пәнінің мұғалімі: Жумабаева А.М. Қараөзек орта мектебі

2015 - 2016 оқу жылы

Тақырыбы: Ерітінділер.
Мақсаты: ерітінді, еріткіш, еритін зат, ерітінді концентрациясы - проценттік, молярлық, масса, массалық үлес ұғымдарын еске түсіріп, қайталап, есеп шығару арқылы білімдерін бекіту. Оқушылырдың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.
Түрі: қайталау
Әдісі: есептер шығару
Көрнекілік: тақта, кесте, карточка
Пәнаралық байланыс: математика, физика
Барысы: 1. Ұйымдастыру. (амандасу)
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөздері.
Ерітінді - екі немесе одан да көп заттардан тұратын бір текті жүйе.
Ерітінді еріткіш және бір немесе бірнеше еріген заттан тұрады. Еріген заттар мен еріткіштер арасында мөлшерлері жағынан әр-түрлі қатынастар болуы мүмкін. Ерітінділердің құрамы да ауыспалы болып келеді. Ерітіндідегі еріткіш пен еріген заттар агрегаттық күйі жағынан катты, сұйық және газ күйінде бола алады.
Ерітінді

Қанықпаған Қаныққан Аса қаныққан
Еріген заттың мөлшері Еріген зат мөлшері Еріген заттың мөлшері қаныққан ерітіндідегіге максимал. Егер тағы қаныққан ерітіндідегіге қарағанда аз. Біраз еритін зат қосса қарағанда жоғары.
тұнба түзіледі.

Ерігіштік ерітіндінің табиғатына қарай 2 топқа бөлінеді

Иондық ерітінді Молекулалық ерітінді
Еріген зат диссоциацияланып еріген. Коваленттік байланыс түзетін заттар.
Мысалы: қышқыл, негіз, тұз ерітінділері. Мысалы: қанттың суда еруі,
спирттің сумен араластырылуы.
Иондық ерітінділер электр тоғын Бұл ерітінділер электр тоғын
өткізеді (электролиттер). өткізбейді (бейэлектролиттер).

Ерітінділер тақырыбына есептер шешкенде қолданылатын негізгі формулалар:

1.
2. mв-ва = ω * mр-ра
mв-ва
3. m (раствора) = ----------
ω
4. mр-ра = V * ρ * ω
ν
5. См = ----
V моль/л.
m m
6. ν = ---- 7. См = ---------
М М * V

Еріткіш есебінде көбінесе су қолданылады, оның тығыздығы 1г/мл. - 1г./см3 - 1кг./л..
Егер еріткіш басқа зат (мысалы, этанол, бензол, т.б.) болса, онда оның тығыздығы есеп шартында көрсетіледі.
Жеке жұмыс. Әр оқушы есеп шығарады. Жауабымен сәйкестіріп өз-өзің тексеріп бағалайды.
1 мысал. Массасы 235г. суда 15г. натрий хлориді ерітілді. Алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесін есептеңіз. (6п.)
2 мысал. Калий нитратының массалық үлесі 5п. болатын 150г. ерітіндісін дайындау үшін қанша масса тұз және су қажет болады? (142,5г. су, 7,5г. нитрат)
3 мысал. Массасы 80г. 15п. ерітіндіге 160г. су қосылды. Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыз. (5п.)
4 мысал. Ас тұзының 200г. 20п. және 50г. 32п. ерітінділерін араластырғанда түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыз. (22,4п.)
5 мысал. Зат мөлшері 10 моль болатын суда 1 моль хлорсутек еріген болса, ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін табыңыз. (16,86п.)
6 мысал. Массасы 272г. суда 44,8л. (қ.ж.) күкіртсутек газы ерітілген. Ерітіндідегі күкіртсутектің массалық үлесін табыңыз. (20п.)
7 мысал. Көлемі 38мл. суда натрий гидроксидінің 3,01*1022 (дәрежесі) молекуласы ерітілген болса, алынған ерітіндідегі сілтінің массалық үлесін табыңыз. (5п.)
8 мысал. Массасы 25г. хром (ҮІ) оксидін 343,75г. суда еріткенде түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыз. (8п.)
9 (14) мысал. Массасы 236г. суда 20г. мыс купоросы ерітілген. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін табыңыз. (5п.)
10 (15) мысал. Массасы 600г. 55п. күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 87п. күкірт қышқылы ерітіндісінің және судың қандай массалары қажет? (220,7г. су және 379,3г. 87п. күкірт қышқылы ерітіндісі)
11 (18) мысал. Мольдік концентрациясы 8 моль/л. көлемі 200мл. болатын ерітіндідегі фосфор қышқылының массасын табыңыз. (156,8г.)
12 (20) мысал. 1000г. судағы натрий карбонатының ерігіштігі 218г.. Тұздың қаныққан ерітіндісіндегі массалық үлесі қандай? (17,9п.)
13 (22) мысал. Калий нитратының қаныққан ерітіндісінің концентрациясы 24,1п.. 100г. суда тұзының ерігіштігін есептеңіз. (31,75г.)
Т.б., с.с. тақырыпқа байланысты саңдық есептерді есептеу.
Сабақтың тақырыбың қорытындылау.
Оқушылар бірін-бірінің жұмысын бағалайды. (ауызша)
Үйге тапсырма беріледі. (есептер)

Ұқсас жұмыстар
Сулы ерітінділер, ерітіндінің концентрациясы
Молярлы концентрация
Ерітіндінің концентрациясы
Ерітінділер тақырыбына арналған типтік есептерді шығару әдістемесі
Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару
Ерітіндіге байланысты есептер. 9 сынып
Мүк тәріздестер бөлімі
Тәжірибелік әдіс
Базалық есепті шешу
Негіздерді теріп жаз
Пәндер