Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дебатқа қатысушы топтар

Дебат тақырыбы: Тілім - тірлігімнің айғағы
Дайындаған : Абатырова Г.

Дебаттың мақсаты: Тілдің қоғамдағы мәртебесі мен қызметін таныту, оқушылардың мемлекеттік тілдің деңгейінің көтерілуіне байланысты өзіндік пікірлерін қалыптастыру.
Жұмыс түрі: дебат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: видеоматериалдар , суреттер, слайд, тіл туралы афоризмдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату.
2. Дебаттың тақырыбымен таныстыру.
1) Бұл палата << Қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қоланыста деп санайды>>

Әр кезеңнің арасында 3 минут уақыт аралығында қарсылас топторға сұрақтар қою.
Мұғалім дебатты бастайды:
Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, жастарымыз,бүгінгі қоғамдағы жастардың біреулер үшін ермек, ал кейбіреулер үшін табыс көзіне айналған тик - ток пен стандап өнеріне арналған <<Тілім - тірлігімнің айғағы>> атты тақырыпта дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді. Олар <<Үкімет>> және <<Оппозиция>>.
Дебатымызға қатысушы 9 мен 10 сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.
Спикер кортындылай отырып, өз позицияларының дұрыстығын
шешім қабылдап, қорытынды шешім айтып, бағалайтын әділқазылар мүшесімен таныс болайық!
Дебатқа қатысушы топтар: 1-топ 9-сыныптан құралған <<Үміт>> тобы.
2-топ 10-сыныптан құралған <<Жігер>> тобы.
Мұғалім: Дебатымыздың 1 кезеңі бойынша ортаға шыққан топтарымыздың өзара амандасуы, жеребе арқылы таңдаған позицияларымен танысу. Әр топқа 6 минуттан уақыт беріледі.
Мұғалім: Дебатымыздың 2 кезеңі бойынша топтың 2 спикерлерінің 5 минут уақыт ішінде ой-пікірлерін неғұрлым мәдениетті шешендік сөзбен, нақыл сөздермен, нақты дәлелдемелермен, ғұлама адамдардың айтқан пікірлерімен жеткізе білдіруіне аса көңіл бөледі. Уақыттан аспауын қадағалау.
Сөз кезегін топ мүшелеріне беруге рұқсат етіңіздер.
Сонымен бүгінгі дебат жұмысымызды бастуға рұқсат етіңіздер.
1-топ: Тіл - ең ұлы қару. Тіл - ең асыл құндылық. Тіл - ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл - ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге? Қазақ тілі - әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.
2-топ: Тіл - халықтың басты қарым-қатынас құралы. <<Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды>> деген Қадыр Мырза атамыздың нақылындағыдай, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті - қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент - тіл.Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, қазақ тілін меңгерген тұрғындар үлесі 2017 жылға қарай-80%, ал биылғы 2020жылы-90% ға жеткізу жоспарланған. Алайда, 2016 жылғы баспасөз беттерінде берілген диаграммаға жүгінсек, еліміз 2017 жылы жетуі керек деп межелеген шамаға екі жыл ерте жетіп қойған екенбіз, яғни, 2015 жылы-80%-ды бағындырдық.{3} Бұл қарқынмен жалғасса, биылғы жыл тіптен түгелдей Республика қазақша сайрап тұр деген сөз емес пе?! Ал 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар 95%-ды құрайды деп күтілуде, бұл болжам да межесінен ерте орындалса, тіл саясатын жүргізушілерге үлкен жетістік болар еді.
Бір өкініштісі, бұл диаграммадағы сандар адамды бір марқайтып тастағанымен, көз көріп құлақ еститін қоғам сипаты мүлде бөлек. Сиқырлы цифрлардың жылтырауы шын болса, біздің елде мемлекеттік тілге байланысты ешқандай мәселе жоқ деп аяқты аспанға көтеріп жата берсек те болатындай, дегенмен, шынайы өмір келбеті бұған жол бермейді. Қоғаммен біте қайнасып өмір сүретін кез келген толыққанды адам қазақ тілінің жоғары сұраныста еместігіне көп қарсылық білдіріп жатпайды. Тек тіл саласында қызмет ететін адамдар легі ғана мемлекеттік тіл мәртебесінің жоғарылауын айтып мақтануда, сол мақтаныш тек қағаз бен сиқырлы цифралар түрінде қалып қоймаса болғаны. Бұл мәселе ұлт құндылығына тікелей байланысты.
Мұғалім: Сонымен құрметті оқушылар, көрермеңдер , әділқазылар алқасы өз позицияларын жақтаудағы ұстанымдарын қорытындылай келе,дебатымыздың қорытынды шешімін шығаруға сөз кезгін әділқазылар алқасына береміз.

№57 Е. Көшербаев атындағы орта мектебі

Тілім - тірлігімнің айғағы
<<Ұшқыр ой алаңы>> дебат клубының жұмысы

Ұқсас жұмыстар
Қазақ қызы - қазақтың анасы
Дебаттың мақсаты
Дебат сабақ
Көзге зиян
Менің белгім
Әзіліміз жарасса
Досты бағалайтын Достықты бағалайтын
Мың бір мақал 3-сынып
Қысқа мерзімді жұмыс жоспарының рефлексивтік есебі
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ БРЕЙНГ - РИНГ
Пәндер